. Кipмe сөздер арқылы пайда болған синонимдер.
Бiр тiлден екiншi 6ip тiлдiң сөз қа6ылдап алуы 6үкiл тiлдерге тән заңды құ6ылыс. Сөздiк құрам бiрыңғай iшкi мүмкiншiлiктер арқылы ғана емес, өзiнде жоқты өзге тiлдерден алу арқылы да толығады. Белгiлi бiр тiлге басқа тiлдерден ауысқан сөздердi кipмe сөздер деп атайды. Қазақ тiлiне жүйесi бiр тiлдерден де, жүйесi бөлек тiлдерден де сөздер енген. Жүйесi бiр тiлдерде моңғол тілдерi, жүйесi бөлек тiлдерге араб, иран (парсы), орыс тiлдерi жатады.
Моңғолl сөздер арқылы. Моңғол тiлiнен қазақ тiлiне моңғол шапқыншылығына дейін де, кейiн де көптеген сөздер енген. Солардың iшiнен Ә.Болғaнбаев мынадай лексикалық тұлғаларды синонимдік қатарларды толықтыруға қатысқан деп есептейдi. Әбдiре: (6ағалы бұйым салуға арналған қақпақты үлкен ыдыс) -сандық аймақ: аймақ::төңiрек-өңiр-атырап-маң-мaңай, баянды: баянды-түпкiлiктi ·mұрақты, жасақ: жасақ,-әскер-қол, талқы: талқы-сарап, талқы-қыспақ т.б.
ә) араб сөздерi арқылы. Ислам дiнiнiң бүкiл дуние жүзiне кең таралуына байланысты қазақ тiлi лексикасы да араб элементтерiн қабылдады. Алайда араб сөздерi тiлiмiзге тiкелей енген жоқ , тәжiк , өзбек , татар, парсы тiлдерi арқылы келiп сiңicтi. Бұл сөздер сауда арқылы, дiн арқылы, шығыс халқының классикалық шығармалары арқылы тарады. Көбiне ғылым мен мәдениетке байланысты , үй тұрмысы мен шаруашылыққа байланысты , дiни ұғымдарға байланысты сөздер ендi. Бұлар ұзақ өмip сүрiп, тiлде көп қолданылғаңдықтан қазақтьң байырғы төл сөзiңдей жалпыхалықтық сипат алып, әбден тұрақтанды. Сoндықан араб сөздерi есебiнен жасалған синонимдiк қатарлар өте көп. Мысалы, емтихан: емтuхан-сын-сынақ ақиқат: ақиқаm-шыңдьқ, әсер: әсер-ықпал, ымыра: ымыра келiсiм-одақ қате: қате-терiс-бұрыс-жаңсақ ғалым: ғалым оқымысты, әмip: әмiр-бұйрық,-жарлық әскер: әскер-жасақ, қол-шеру-қосын, қағида: қағида-ереже, eciм: ecim-аm-ныспы, замандас: замандас-құрбы-тұстас-құрдас, адал: адал-ақ,-ақ, жүрек Т.б. Араб сөздерi өзара да синонимдес бола бередi. Пән-сабакқ рақат-ләззат, ақпар-мәлiмет, мәртебе-дәреже, ,мақсат-мұрат, нысап-·қанағат, абзал-асыл Т.б.
б) иран сөздерi арқылы. парсьлыктар - иран халқының бiр бөлiгi ғана. Олар өздерi дәуiрлеген орта ғасырларда иран атауын қолданыстан ығыстырып жiберген болатын. Fылыми әдебиеттерде "араб-парсы" сөздерiнiң қосарланып айтылуы ең алдымен осы себептен болса, екiншiден, араб элементтерiнің парсы тiлiнде әбден игерiлуiне байланысты. Парсы тiлiнде өзгерiске ұшыраған сөздер кейiнiрек түркi тiлдерiне енген. Араб сөздерi парсылық сипат алғандықтан, көбiне "араб-парсы" қос сөзi пайдаланылады. Иран сөздерi, ер түрлi себептермен араласып құраласып жатқан ел болғандықан, араб сөздерiнен әлденеше ғасыр бұрын ене бастаған. Иран сөздерi мен қазақ сөздерi мынадай синонимдiк қатар түзедi: абырой: абырой-бедел-қадiр, асхана: асхана-ас үй, шыны: шыны-шөлмек, дәрiгер: дәрiгер-емшi, дау: дау-талас-жанжал-ұрыс-кepic, сарбаз: сарбаз-жауынгер, сая: сая-көлеңке, мал: мал-түлiк науа: науа-астау, дамыл: дамыл-тыным-тыныс, перде: перде-шымылдқ дарбаза: дарбаза-қақпа мейман:мейман-қонақ т.б.
Иран (парсы) сөздерi бiрьңғай келiп те: дана- дпныuтан, мазқ,-ажуа, жомарт-мырза, кейiпкер-қаһарман, сырнай-керней, шырак,-шырағдан, Т.б. араб, кқазақ , сөздерімен араласьш келiп те: сейiл (а) - серуен (и) - бой жзу, жұма (а) - апта (и) - жemi, тағам (а) - ас (и) – тамақ-дәм-ауқат ,әуе (а) - аспан (и) , көк сахара (а) – жапан (и) ,далақыр-түз , дауа (и) ,шипа (а) – ем , т.б. синонимдік қатар құрай береді.
в) орыс сөздерi арқылы. Қазақ тіліндегі синонимдерді байытуға орыс тiлiнен енген сөздер де елеулi үлес қосты. Қазан төңкерісіне дейін көбіне-көп үй тұрмысына, егін шаруашылығына, қоныстануғa 6айланысты, сөздер енiп, олар қазақ сөздерімен синонимдік қарым-қатынасқа түскен. Ертеректе ауысып келген кірмe элеметтердiң ең басты ерекшілігi - адам танымастай болып сiңiciп кететіндiгi, ә6ден игерiлітiндiгi. Бұған мына синонимдiк қатарлар айқын мысал бола алады: бөтелке: бөтелке-шыны-шөлмек, сiрiңке: сiрiңке-оттык, -күкiрm -шырпы -шақпақ өшipeт: өшiрет-кезек, пар: пар-жұп-қос-екi, шен: шен-атақ-дәреже-лауазым, кip: кiр-таразы, кiрпiш: кiрпiш-қыш-кесек, меже: meже-жоба –болжам-болжал ,мәнер:мәнер-үлгі-ою-өрнек , күршек : күршек-ілгек , ілгіш т.б.
Қазан тоңерiсiнен кейiнгi кезеңде енген сөздердiң басты ерекшелiгi - орыс тiлiндегiдей айтылып, орыс тiліндегiдей жазылуында. Сондықтан оңдай сөздер көбiне төл сөздермен етене араласа алмай, томаға-тұйьқ өмip сүрдi. Және де кірме сөздер екендігiн бірден байқалатынды. Саясаттың ықпалымен, зорлықпен енген сөздердің есебінен көптеген снонимдiк қатарлар жасалды: скелет: скелет-қаңқа , юмор: юмop-әзiл-келеке, пейзаж: пейзаж-табиғат суреті ,счетчик: счетчик-есептеуiш, стрелка: стрелка-тіл-жебе, индикатор: индикатор-көрсеткiш, система: система-жүйе, фонд: фонд-қор, аптека: аптека-дәріхана , анализ: аналuз-талдау, организм: организм-дене, контролер: контролер-тексерушi, договор: договор-шарт, табель.:табель-тiзiм, таблица: таблuца-кесте, гонорар: гонорар-қаламақы, эксперимент: эксперuмент-тәжiрuбе, амбулатория: амбулаторuя-емхана, т.б.
Қазақ синонимдерiн байытуда орыс тiлiнен тiкелей енген жеке сөздер ғана емес, калька арқьлы пайда болған өз сөздерiмiз үлкен қызмет атқарьш отыр. Бұған да көптеген мысалдар келтiруге болады. Рең (окраска): рең-өң-myc, құлама (откос): құлама·-еңiс, жылжу (скольжение): жылжу-сырғанау, белдiк (ось): белдiк-бiлiк, хаттау (опись): xammay-тiркеу, дуылдау (зуд): дуылдау-қышу, жетiлу (развитие): жетiлу-даму, сақтау (охрана): сақтау-қорғау, талау (грабеж): талау-тоңау, үлес (удел): үлес-сыбаға, т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |