5В020300 – «Тарих» мамандығының ІІ курс студенті Г. С. Жайланның «Батыс Қазақстан облысының тарихи-мәдени нысандары: сипаты мен маңызы (1991-2019 ж ж.)» тақырыбындағы ғылыми жұмысына ғылыми жетекшінің пікірі



Дата24.12.2022
өлшемі20,13 Kb.
#59402

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті тарих, экономика және құқық факультеті
5В020300 – «Тарих» мамандығының ІІ курс студенті Г.С. Жайланның «Батыс Қазақстан облысының тарихи-мәдени нысандары: сипаты мен маңызы (1991-2019 ж.ж.)» тақырыбындағы ғылыми жұмысына ғылыми жетекшінің пікірі

«Қазақстан Республикасында тарихи сана қалыптасуының тұжырымдамасында»: «Тарихи ағарту және тәрбиелеу - жастарды өз халқының рухани әлеміне баулуға, оның мәдениетінің, тарихының тамырларын үйрету, халық поэзиясы, музыкасын, бейнелеу өнерін түсінуге ықпал ету. Осы мақсаттарға орай өлкетану жұмысын жаңғырту, тарих, мәдениет және табиғат ескерткіштерін қорғауды күшейту керек» - деп ұсынылды. Кейін Елбасы – ҚР Тұңғыш Президентінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Туған жер», «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақалалық бағдарламаларының мақсаты да осы өлкелік зерттеулерге тың серпін берген еді. Нәтижесінде жергілікті жерлердегі өлкетану мекемелерінің ісін жандандыру, бұрынғы жер-су атауларының шығу тегін зерттеп, қалпына келтіру, халыққа көп танымал емес бай мұраны жинастыру, тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғауға алу ісі қолға алынды. Жергілікті жерлерде облыс, аудан, ауылдарда өлкетану музейлері мен мұрағаттары жұмыс жасайды. Қазақстанның әр өлкесінде арнайы ғылыми экспедициялар ұйымдастыру да ілгері даму үстінде болды. Гуманитарлық білім беру, тарихи сананы қалыптастыру, этникалық-мәдени білім тұжырымдамалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтарына патриоттық тәрбие берудің мемлекеттік бағдарламаларында өлкетану жұмыстарының тәрбиелік мүмкіндіктері мен маңыздылығына ерекше мән беріліп келеді.


Студент Г.С. Жайлан осындай қазіргі таңда Отан тарихының, өлке тарихының өзекті мәселелерінің бірі - Батыс Қазақстан облысындағы тарихи-мәдени ескерткіштерін зерттеуді қолға алып отыр.
Әрине өлкенің тарихи-мәдени ескерткіштері зерттеліп, жазылып жатыр. Ізденуші студент осы күнге дейін жазылған іргелі еңбектер мен мұрағат құжаттарында кездесетін фактілерді жинақтап, жүйелеп, оларды саралау арқылы және осы мәселелерді практикада зерттеп отырған археологтардан сұхбат алу негізінде өзіндік зерттеу жұмысын жүргізді, өз ой-қорытындыларын жасады.
Жалпы тарихи-мәдени ескерткіштерді өлкелік материалдар негізінде зерттеп, зерделенуі, бұлардың тарихи, мәдени, турситік бағытта маңыздылығын ашу өте өзекті. Осы тұрғыдан бұл ғылыми-ізденіс жұмысты студенттердің ғылыми-ізденіс жұмыстарының конкурсына жіберуге лайықты деп ойлаймын.


Ғылыми жетекші,
т.ғ.к., ҚР тарихы каф. доценті: Ж.К. Мухангалиева

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет