Диплом жұмысының өзектілігі. Нарықтық экономикаға көшу кәсіпорынның өндіріс тиімділгін арттыруды ғылыми-техникалық жетістіктерді енгізу барысында өнім мен қызметтердің бәсекеге қабілеттілігін



бет2/3
Дата01.05.2023
өлшемі0,53 Mb.
#88677
түріДиплом
1   2   3
Байланысты:
узак мерз.миндет

Дипломдық жұмыстың теориялық базасы. Мен бұл дипломды жазу барысында «Жиналмалы темір-бетон өндірістік бірлестігі» ЖШС-ң бухгалтерлік есебі мен кәсіпорынның қаржылық, техникалық және де тағы басқа көрсеткіштерін талдап оларға тұжырым жаздым.


Жұмыстың тәжірибелік маңыздылығы. Бхгалтерлік есеп басқару жүйесінің ең басты орынын алуда. Ол қандай кәсіпорын болмасын өзінің қаржылық жағдайын сипаттап және басқарушылық шешімді қабылдау үшін негіз бола алады. «ЖТБӨБ» ЖШС-гі өзінің бухгалтерлік есебін ҚР бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес жүргізеді.
Қазақстан Республикасынын бухгалтерлік есебі бухгалтерлік есеп стандарттары негізінде және субьектілердің қаржылық-шаруашылық қызметіндегі бухгалтерлік есеп шоттардың типтік шоттардың жоспарымен, оларда бекітілген жалпы қағидалар мен ережелер негізінде құралады.
Экономика саласындағы мамандар оның ішінде бірінші кезекте бухгалтерия қызметкерлері есепке алудың және есеп берудің барлық жүйесін жақсы біліктілік таныту арқылы сол кәсіпорның барлық активтері мен солардың негізін есепке ала отырып басқару шешімін қабылдауға мүмкіндік береді.Бухгалтерлік есепті жүргізуде ең алдымен бухгалтерлік септі ұйымдастыруы қажет. Дұрыс ұйымдастырылған бухгалтерлік есеп субьектінің тиімді қызметінің негізін қалайды.Сондықтан бұл есепте қазыналық мекеме ішінен қалыптастырылған бқлімнің қызметіне тоқталып есепке алудағы жүйесіне тоқталып,қызметіне талдау жасалған.
Дипломдық жұмыстың құрылымы. Жұмыс кіріспеден, 3 бөлімнен, қорытынды және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Жұмыста 11 кесте бар және жұмыс көлемі 63 бетті құрайды.



  1. ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ МІНДЕТТЕМЕЛЕРДІҢ ЕСЕБІ МЕН АУДИТІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ

1.1 Міндеттемелердің пайда болуы жән тағы басқа ұзақ мерзімді міндеттемелер


Кәсіпорындар мен ұйымдар өзінің шаруашылық қызметі барысында меншікті капиталымен қатар басқа қатыстырылған капиталды да қолданады. Бұл қатыстырылған капитал бухгалтерлік есепте міндеттемелер деп аталады. Кез келген өндіріспен айналысатын ұйым сол өнімді өндіру үшін қажетті шикізаттар мен материалдар алғаны үшін жабдықтаушы – мердігерлерінің алдында міндетті болса, саудамен айналысатын ұйымдар өздерінің сататын тауарларын жеткізіп беруші, яғни қызмет көрсетуші ұйымның алдында қарыз болуы мүмкін. Тіпті өндіріспен де немесе саудамен де айналыспайтын кәсіпорындардың өзі қарамағында жұмыс істейтін жұмысшылары мен қызметкерлеріне олардың істеген еңбегі үшін, сондай-ақ бюджетке түрлі салықтар үшін қарыз немесе оның алдында міндеттемесі болуы мүмкін. Қазіргі таңда қаржының жетіспеушілігінен банктер, банктен тыс мекемлерден, шет елдерден қарыз, несие алып өздерінің жұмысын жандандырып жатқан, сондай – ақ міндеттемелерін шектеп тыс көбейіп алып, оны қайтаруға мүмкіншілігі болмай жабылып, аукционға салынып, сатылып жатқан ұйымдар көптеп кездеседі. Осы айтылған міндеттемелер есебі, бухгалтерлік есептегі ең негізгі, яғни қай саладағы болмасын кәсіпорындардың көкейтесті мәселелері екендігі сөзсіз.


Кәсіпорындардағы міндеттемелердің есебі типтік шоттар кестесінің төртіші міндеттемелер деп аталатын бөлім шоттарында есептеліп жүргізіледі. Мысалыға: банк және банктен тыс мекемелердің қарыздары, алдағы кезең табыстары, дивиденттер бойынша есеп айырысу, бюджетпен есеп айырысу, еншілес серіктестіктердің алашағы, кепілдіктер мен шартты міндеттемелер, алынған аванстар, жабдықтаушылармен мердігерлермен есептесу, өзге де кредиторлық берешектер және есеп.
Сонымен қатар банк мекемесінің қарыздары несилік жұмыстар арқылы жүргізіледі. Несиенің мүмкіндігі нақты болуы үшін белгілі бір шарттар қажет. Олар кем дегенде екеу: 1-несиелік мәмілеге қатысушылар – кредитор және қарыз алушы – экономикалық байланыстардан келіп шығатын міндеттемелердің орындалуына материалдық кепілдіе беретін заңды дербессубъектілер ретінде болулары керек. Несиелік қатынасқа түсуші заңды тұлғалар өз қызметтерін нарық заңдары және экономикалық мүдделердің негізінде жүзеге асырулары қажет; 2-несие қажеттілігі, егер қарыз алушы мен қарыз беруші мүдделері сәйкес келген жағдайда қажет болып табылады. Несиелік мәміле жасалуы үшін оның қатысушылары өзара ықылас білдірілері қажет. Экономикалық қатынастар бәрінен бұрын мүдделер ретінде көрінеді. Бұл мүдделер соңында өндірістік қатынастың қатысушылардың еркімен реттелетін қандай да бір субъективті нәрсе емес. Әрекетті тудыратын кез келген мүдде бәрінен бұрын объективті процестерге, өзара мүдделікті болдырмай қоймайтын нақты жағдайларға сүйенеді. Несиелік қатынастар бір жағынан, кредитор мен қарыз алушының арасында ақшалай қаражаттарды қарызға беру; екінші жағынан, олар алу кезінде мүдделік пайда болған жағдайда ғана жүзеге асады. Осылайша, несие капиталдардың шеңбер айналымы және айналымыында белгілі бір жағдайларда несиелік қатынастардың пайда болуы мүмкіндігі шындыққа айналғанда қажет болады.
Несиелік қатынастардың субъектілері өзара мүдделерге негізделген экономикалық байланыстар тұрақтылығымен, бір қалыптылығымен сипатталады, біртұтас жүйе ретіндегі несие шеңберімен анықталады. Қажеттілік категориясы көбнесе обектіні тереңдей тану дәрежесін, яғни оның мәнін, заңдылығын ашып ақиқат өмірдің ішкі, тұрақты, қайталанып отыратын жалпылама қатынастарын, оның дамуының негізгі бағыттарын көретеді. Несиенің құрылымы:
Несиенің мәнін ашу – бұл несиені экономикалық қатынастардың біртұтас жүйенің элементі ретінде көрсететін, оның мәнді анықтығын білдіретін сапаларын тану болып табылады. Сондықтан несиенің мәні және қажетілігі туралы жоғарыда айтылғандарға қосымша оның құрлымын қозғалысының заңдылықтарын қарастырып көрейік.
Несиенің құрылымы белгілі бір мәнге айналған және несиелік қатынастар танымының сатысы ретінде көрінеді. Ол несиеде тұрақты өзгеріссіз қалады. Құрылымдық талдау тұрғысынан алғанда несие зерттеу обьектісі ретінде, бәрінен бұрын оның субьектілері болып табылатын элементтерден тұрады. Несиелік мәміледе қатынас субьектілері қарыз беруші және қарыз алушы болады.. Кредитор мен қарыз алушының қалыптасуы тауар өндірісі мен тауар айналысы негізінде жүреді.
Сатып алу-сату процесінде тауарларды өткізу сатушының олардың ақшалай эквивалентін әр уақытта тез арада алуына мүмкіндік бермейді. Сатып алушы тауарды белгілі бір мерзімнен кейін төлеуі мүмкін. Бір тауар иеленуші қолма-қол тауарды сатады, ал басқасы ақшаның өкілі немесе болашақтағы ақшаның өкілі ретінде бола отырып тауарды сатып алады. Сатушы-қарыз беруші, ал сатып алушы-борышқор болады. Кредитор және қарыз алушы бір полюсте эквивалент мерзімінің ұзартылуы, ал басқасында оның төленуі жүзеге асатын жағдайлардың барлығына қатысады [1].
Бастапқыда кредитор және қарыз алушы қарапайым қатынастарда болды. Мүліктік теңсіздіктің тереңдеуіне байланысты артық өнімдері барлық рулық қауымдастық мүшелері кредитор ретінде көріне алатын болды. Алғашқы өсімқорлар металл ақшадан пайда болған. Өсімқор-саудагер көпес тәрізді ежелгі кәсіп. Қазіргі уақыттағы банкир болудан бұрын, ол өте үлкен тарихи жолдан өтті. Кредитор ретінде храмдар, қоғамдағы шаруашылық жүргізуші субъектілерінің едәуір байлықтарын жинақтайтын шаруашылық пен тұтыну мақсаттарына қызмет көрсететін өзгеше банкирлік үйлер болды.
Кредитор – несиелік мәміленің қарызды ұсынушы жағы. Қарыз беруші кредитордың қарамағында белгілі бір қаражаттар болуы керек. Оның көздері өз қорлары, ресурстары, өз кезегінде қайтарылымдылық негізінде ұдайы өндіріс процесінің басқа субъектілерінен алынған ресурстар бола алады. Қазіргі уақыттағы шаруашылықта кредитор- банк қарызды тек өз меншігіндегі ресурстар есебінен ғана емес оның шоттарында сақтаулы тартылған қаражаттар есебінен де, сонымен қатар акция және облигацияларды орналастыру арқылы жинақталған қаражаттар есебінен де бере алады.
Банктердің құрылуымен кредиторлардың шоғырлануы жүреді. Банкирлер басқа барлық кредиторлардың өкілі болды. Банктер ұжымдық кредиторлар ретінде бола отырып, несиелеу үшін шаруашылықта уақытша пайдаланылмайтын ресурстарды жинақтай алады, сонымен қатар эмиссия жасай алады. Кейбір жағдайларда босаған ресурстар болып табылатын құндылықөтар да қарызға беріледі. Коммерциялық несие кезінде кредитор сатылуға жататын тауарларды қарыз алушыға береді.
Тауардың жіберілу факті, алайда, жүк берушіні кредитор етпейді. Тауарды жөнелту мен сатудан түсентін түсімінің арасындағы уақыт бойынша үзіліс кредитордың пайда болуына әкелуі мүмкін.Бұл үшін тауарды қоюшы эквивалент төленуінің кейінге қалдыруына рұқсат берілуі керек. Мына жағдайды ескерте кетейік: кредиторды сатып алау-сату, тауарды жіберу мен оны төлеу арасындағы уақыт бойынша үзіліс факты тудырмайды, оны төлемнің кейінге қалдырылуын белгілейтін, төлемді тез арада емес белгілі бір уақыт өткеннен кейін шешетін қосымша келісім тудырады.
Кредитор ретінде басқа шаруашылық иесіне белгілі бір мерзімге ресурс беруші тұлға болады. Қарыз алушы несиені белгіленген мерзімде қайтармаған жағдайда несиелік келісімнің еріктілігі бұзылады, қарыз алушылармен ана ғұрлым қатаң қатынастарға әкеп соғады. Кредиторлардың бар болуының уақыттық шекарасы несиенің мерзімімен анықталады. Несиенің мерзімі өз кезегінде ұдайы өндіріс процесінің барысына байланысты [2].
Қарыз алушы - несиелік қатынастың несиені алушы және алған қарызда қайтаруға міндетті жағы болып келеді. Борышқор және қарыз алушы – бір-біріне жақын, бірақ шамасы бірдей түсінік емес. Борыш-міндетті жалпы сипаттайтын анағұрлым кең түсінік. Несиелік мәмілеге сәйкес борышқор туралы емес, қарыз алушы туралы айту керек. Тарихи жағынан қосымша ресурстарға деген қажеттілік танытатын жеклеген тұлғалар болды. Бастапқыда олар өз еңбектерімен ұсақ шаруалар, қорөнершілер болған еді. Өсімқорлық несиенің бар болуының басты формасы – ақсүйектердің көбінесе жер иелеріне ақшалай қарызды беруі. Банктердің құрылуымен қарыз берушілердің шоғырлануы жүреді.
Қазіргі уақытта банктерден басқа шаруашылық ұйымдары және мемлекеттің өзі де қарыз алушылар ретінде болады. Қарыз алушының кредитордан айырмашылығы несиелер мәміледе төмендегідей ерекшеліктерге ие. Біріншіден, ол қарызға берілетін қаражаттардың меншік иесі болып табылмайды, олардың уақытша иесі ретінде болады; өзіне тиісті емес бөтен біреудің ресурстарымен жұмыс істейді. Екіншіден, қарыз алушы қарызға алынған қаражаттарды айналыс сферасында да, өндіріс сферасында да пайдаланады. Кредиттік өндіріске тікелей қатыспай-ақ айырбас фазасы кезінде де қарызды ұсына алады.
Үшіншіден, қарыз алушы өзінің шаруашылығында шеңбер айналымын аяқтаған қарызға алынған қаражаттарды қайтарады. Қарыз алушы кредитормен жеткілікті түрде есеп айырысумен қоса қайтарымды толық өтеу үшін ұдайы өндіріс процесін өркендете түсу керек. Төртіншіден, қарыз алушы уақытша пайдалануға алынған құнды ғана қайтармай қоймай, сонымен қатар, қарыз пайызын да төлейді. Бесіншіден, қарыз алушы өзінің кредиторы қойған талаптарды орындауға тәуелді болады. Қарыз алушының кредиторға экономикалық тәуелді болуы қарызға алынған қаражаттарды ұтымды пайдалануға, қарыз алушы ретінде өз міндеттемелерін орындауға мәжбүр етеді.
Кредитор және қарыз алушы несиелік қатынас жасай отырып, өз мақсаттары мен мүдделерінің бірлігін көрсетеді. Несиелік қатынастар шеңберінде кредитор және қарыз алушының орындары ауысуы мүмкін: кредитор қарыз алушыға, қарыз алушы кредиторға айналады.
Кредитор мен қарыз алушының өзара әрекеті қарама қарсылықтардың бірлігі сипатында болады. Несиелік қатынастың қатысушылары ретінде кредитор және қарыз алушы, оның қарама-қарсы жағында тұрады. Кредитор – қарызды беруші жақ, қарыз алушы – берілген қарызды алушы жақ, бүтіннің шеңберінде олардың әрқайсысының өздерінің ұдайы өндірістегі ерекше жағдайларына байланысты өз мүдделері болады. Кредитор анағұрлым жоғары қарыз пайызына мүдделі болса, қарыз алушы-анағұрлым арзан несиеге мүдделі.
Сондай-ақ, несиелік қатынастар құрылымының элементі, яғни кредитордан қарыз алушыға берілетін және қарыз алушыдан кредиторға қарай кері қозғалатын объекті болып табылады. Беру объектісіне қарыздық құн жатады. Ол құнның ерекше бөлігі ретінде болады.
Несиелік қатынас ішіндегі құн ерекше қосымша тұтыну құнына ие. Шанында, ақшаға немесе тауарға тән тұтыну құнына басқа құн кредитор мен қарыз алушы арасында қозғалыс жасай отырып, ұдайы өндіріс процесін жылдамдатудың ерекше қасиетін алады.
Жеке басты және мүлікті сақтандыру бойынша есеп айырысулар. Сақтандырушыларға сақтанушылар сақтық төлемдерінен, сондай-ақ заңмен тыйым салынбаған өзге де кездерінен сақтандырушылар қалыптастыратын ақша қорларының немесе басқа да активтерінің есебінен сақтандыру өтемдерін төлеу арқылы белгілі бір сақтандыру жағдайларының туындаған кезінде жеке және заңды тұлғалардың (сақтандырылғандардың) мүдделерін мүліктік қорғау жөніндегі қатынастары болып табылады.
Сақтандыру былайша бөлінеді:

  • міндеттілік дәрежесіне қарай: ерікті, міндетті:

  • сақтандыру объектісі бойынша: жеке, мүліктік;

  • сақтандыру төлемін жүзеге асырудың негізі бойынша: жинақтық және жинақтық емес.

Міндетті сақтандыру — заң талаптарына қарай жүзеге асырылатын сақтандыру түрі болып табылады. Міндетті сақтандырудың түрлері заң актілерімен белгіленеді. Міндетті сақтандыруды жүргізудің тәртібі мен шарттарын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
Өз өмірін және денсаулығын сақтандыру міндеті азаматқа заңдармен де, шарттармен де жүзеге асырылады.
Міндетті сақтандыру кезінде сақтанушы сақтандырушымен сақтандырудың осы түрін реттейтін заңдарына сәйкес жасалады. Бірақ сақтанушы сактандырушыға зандарда көзделгеннен гөрі неғұрлым тиімді шарттарды ұсынуға құқылы.
Міндетті сақтандыру шартын сақтандырудың нақ осы түрін жүзеге асыруға арналған лицензиясы бар сақтандырушылар ғана жүзеге асыра алады. Мұндай шартты жасау сақтандырушы үшін міндетті болып табылады.
Сақтандырудың міндетті түрлері бойынша сақтандыру объектісі сақтандырудың осы түрін реттейтін зандармен белгіленеді.
Ерікті сақтандыру - тараптардың ерік білдірулеріне қарай жүзеге асырылатын сақтандыру түрі болып табылады. Ерікті сақтандырудың түрлері, шарттары мен тәртібі тараптардың келісімі бойынша белгіленеді. Сақтандыру объектісі азаматтардың немесе заңды тұлғалардың мүддесіне сай етіп жасалынады. Сақтанушының заңға қарсы мүдделері сақтандырылмауға тиіс.
Өз өмірін, денсаулығын, еңбек қабілеттілігін сақтандыру кез келген азаматтың өзіне тікелей байланысты болып келеді.
Мүліктік сақтандыруға мүлікті сақтандыру және кәсіпкерлік тәуекелділігі азаматтық-құқықтық жауапкершілікті қоса алғанда, онымен байланысты басқа да мүдделері сақтандырылуы мүмкін.
Жинақтық сақтандырушы келісім-шартта белгіленген мерзімі өткеннен кейін не сақтандыру жағдайы туған кезде төленетін сақтандыру болып табылады жинақтық емес, сақтандыру тек қана сақтандыру жағдайы туған кезде төленеді.
Сақтандыру сомасы — бұл ақшаның сомасы, оны сақтандыру жағдайы келіп жеткен кезде, сақтандырылған сомасы барынша толық көлемінде сақтандыру ұйымының төлеуге жауапты екендігін білдіреді.
Сақтандыру сыйлығы—бұл ақшаның сомасы, оны сақтанушы сақтандырушы мекемеге өзінің қабылдаған міндеттемесі бойынша сақтандыру келісім-шартымен анықталған деңгейінде жасалатын төлем.
Сақтандыру төлемі — бұл ақшаның сомасы, оны сақтандырушы мекеме
сақтанушыға сақтандыру келісім-шарты келіп жеткен кезде немесе туындаған
кезде, сақтандырылған сомасы барынша толық көлемде төленеді.
Сақтандыру қызметі — бұл сақтандыру мен қайта сақтандыру келісім-шартын
орындаумен және жасаумен байланысты сақтандыру мекемесінің (ұйымның)
сақтандыру қызметі, ол екі бағытта жүзеге асырылуы мүмкін: өмірін сақтандыру
және жалпы сақтандыру [3].
Өмірін сактандыру ерікті түрде жүзеге асады, ал ол екі нысанда болуы мүмкін: өмірін сақтандыру және аннуитетті сақтандыру.
Жалпы сақтандыруға медициналық, автомобилдік, азаматтық-құқықтық т.б. сақтандырулар жатады.
Жеке басты және мүлікті сақтандыру бойынша есеп айырысу есебі 4220 шотында жүреді.
Сақтандыру төлемін есептеген кезде, 7110, 7210, 8040, және т.б. дебеттел 4220 шоты кредиттеледі. Сақтандырушы мекемеге (ұйымға) сақтандыру жарнасын аударған кезде 4220 шоты дебеттеліп, 1040 шоты кредиттеледі. Еңбеккерлер, денсаулығына, өміріне қауіпті жағдай туындаған кезде, 24 сағаттың ішім, сақтандыру ұйымы комиссия құрып, оған келесі құжаттарды рәсімдейді:

  • сәтсіздік туралы оқиғаның актісін (Н—1);

  • болған жағдайдың сипаты туралы медициналық қорытындысын;

  • лабораториялық зерттеудің нәтижесін;

  • бұйрық пен ережелердің, нұсқаудың көшірмесін;

  • мемлекеттік еңбек инспекторының қорытындысын;

  • тағы басқа да құжаттарын.

Болашақ кезеңнің табыстарының есебі Кәсіпорының есепті айда алған, бірақ бұдан кейінгі есепті кезеңдерге жататын табыстары болашақ кезеңдерінің табыстары болып есептелінеді. Сабақтас есепті кезеңдер мен осы кезеңдердің ара жігін ашу оңай емес, бірақ олардың арасын (кезеңдерін) шектеу керек (шартты болса), өйткені онсыз салық салуға-қаржылық есеп беруге де болмайды.
Алдағы кезеңдердің табыстарын есептеу үшін есебі 4420 "Алдағы кезеңнің табыстары" шоты пайдаланады.
4420 - шотында айлық және тоқсандық билеттер (асханаларда берілген талондар), кәсіпорында күні бұрын төленген ақылар ескеріледі. Жоғарыда аталған төлемдер түскен кезде 1050, 1040, 1010-шоттары дебеттеледі, 4410 шоты кредиттеледі.
Алдағы кезеңдердің кірістерін есептеген кезде 2110, 1270, 1255. шоттары дебеттеліп, 4420 шоты кредиттеледі.
Есепті айға жататын, ертеректе алыған табыстар тізімі 4420-шотының дебеті мен "Көлік мекемелерінің жүктері және жолаушыларды тасымалдау қызмет түскен табыс", "Жалға беруден түскен табыс", "Байланыс Мекемесінің қызметінен түскен табыс", " Акциялар бойынша дивиденттер және проценттер түріндегі табыстар", "Негізгі емес қыземттен түскен басқа да табыстар" осы табыстарға жататын басқа шоттардың кредитінде көрініс табады.
Қажет болған жағдайда 4420 шотында мыналар ескерілуі мүмкін: өткен жылдары түгендеудің нәтижесінде кем шыққан немесе жоғалған мүліктерден түсетін қарыздар. Осындай жетіспеушіліктің нәтижесінде орын алған сомаға "Жұмыскерлердің және басқа да тұлғалардың қарыздары" шоты дебеттеледі де 4420-шоты кредиттеледі. Өткен жылдар ішінде анықталған, кем шығудың орнын толтыру үшін түскен төлемдеріне 1040, 1010, 1050 және басқа да шоттары дебеттеледі, «Жұмыскерлердің және басқа да тұлғалардың қарыздары» -шотында кредиттеледі. Сонымен бір мезгілде сол сомаға 4420 шоты дебеттеліп 6160 шоты кредиттеледі; кінәлі адамдардан өндіріп алынуға тиісті және жетіспейтін құндылықтыр бойынша баланстық құнының арасындағы айырмашылық алынады. Айырмашылықтардың сомасына ''Жұмыскерлердің және басқада тұлғалардың қарыздары" шоты дебеттеледі және 4420-шоты кредиттеледі.
Жетіспейтін құндылықтар бойынша берешектерінің өтелуіне қарай 1040, 4230 және басқа да шоттар дебеттеледі, 1250-шоты кредиттеледі. Берешектерді өтеуге түскен сомалар сонымен бір мезгілде,4420-шотының дебеті 6160 "Негізгі емес қызметтен түскен басқа да табыстар" - шотының кредиті бойынша көрсетіледі.
4420-шот бойынша аналитикалық есеп алдағы кезеңдерден түсетін табыс түрі бойынша жүргізіледі.
Төлеу мерзімі кешіктірілген табыс салығы бухгалтерлік ұзақ мерзімді міндеттемелер құрамына жатқызылады. Бұл салықтың қалыптасуының негізгі себептеріне кәсіпорынның табыс және шығын есебі бойынша стандартқа сүйене отырып қаржылық есебімен Салық кодексіне сәйкес енізілген түзетудің нәтижесіне ие болады. Бұл өзгерістердің немесе айырмашылықтардың екі түрі бар.

  • Тұрақты айырма

  • Өзгерілмелі айырма

Тұрақты айырмаға келесілерді жатқызамыз.

  • Айып пұл. Бұл айып пұлдың кәсіпорын есептеген немесе белгіленген мөлшерде бюджетке төлейді . аталған айып пұл бухгалтерлік есепке жылдық соманы айтады.

  • Іс –сапар шығындары. Бұл мөлшер салық заңдылығына сәйкес белгіленген көлемде кәсіпорын шығынына жатқызылады.

  • Алынған зайым, несие бойынша пайыздық шығын, салық заңдылығына сәйкес белгіленген мөлшерде ғана шығынға жатқызылады.

  • Сақтандыру төлемдері бойынша, бухгалтерлік есепте бұл төлем шығынға жатқызылады. Ал салық заңдылығы бойынша ол сома жылдық жиынтық табыстан алынып тасталмайды [4].

Өзгермелі айырма кезінде салық салынатын және есептік табыс арасындағы тануға байланысты қалыптасады.
Өзгермелі айырмаға баланстық құнмен салық базасы (салық салынатын сома) арасындағы айырмашылықтан қалыптасады . Оған негізгі құрал материал емес активтер бойынша есептелетін амортизациялық төлем бойынша қалыптасады.
Салық кодексі бойынша ұзақ мерзімді активтердің амортизациясы екі еселенген немесе жекелеген әдісті қолдану арқылы жүргізеді.
Мысал: Құрал жабдықтың құны 200 мың теңге салық кодексі мөлшері бойынша есептелген амортизациялық өлшем 50 мың тенге,ал кәсіпорынға 20 % мөлшер (100:5)=20 %.
Аталған айырма өзгермелі айырма болып табылады.
Негізгі құралға жүргізілетін жөндеу жұмыстарына байланысты шығындар бухгалтерлік есепте сәйкес шоттарда толықтай бейнеленіп жинақталады , ал салық салу мақсатында топтың құнының 15 % ғана шегерімге жатқызылады.
Бағалы қағазды сату бойынша шығын бухгалтерлік есептің принципі бойынша қалыптасқан уақытта танылады.
Салық салу мақсатында аталған шығын соңғы 3жыл ішінде басқада бағалы қағаздардың құнының қсуіне байланысты болатын табыс есебінен конфенсацияланады. Аталған екі айырманың өзара айырманың өзгермелі айырма белгілі бір кезеңнен кейін есептен шығарылады немесе
Тұрақты айырмаға сәйкес бұл ережеге сәйкес жүрмейді.
Бухгалтерлік есепте тұрақты және өзгермелі айырма екі түрлі түрақты айырманы бухгалтерлік есепте есептік кезең ішінде аналитикалық есеп бойынша үздіксіз есепке алынып, ал, өзгермелі айырма бойынша бухгалтерлік есепте анықталған соманы қаржылық есептен салықтың эфект бойынша бейнелейді.
Өзгермелі айырма сомасынан қалыптасатын салықтың эфект. Бұл салықтың төлем өзгермелі айырманың нәтижесінде қалыптасып бухгалтерлік балансты төлеу мерзімі кешіктірілген немесе алдағы кезеңде төленетін салық ретінде есепке алынады.
Аталған сома бухгалтерлік есепте (3000)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет