Диплом жұмысының тақырыбы ретінде сатып алу-сату шарты табылады. Бұл тақырыпты диплом жұмысы ретінде таңдау себебі: сатып алу-сату шарты қазақ тарихының әдет құқығымен реттелетін ең көне шарттардың бірі болып табылатындығында көрінеді


-бап. Сатушының тауар беру жөнiндегi мiндеттерi



бет8/33
Дата15.04.2023
өлшемі0,71 Mb.
#83237
түріДиплом
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   33
408-бап. Сатушының тауар беру жөнiндегi мiндеттерi
1. Сатушы шартта көзделген тауарды сатып алушыға беруге мiндеттi.
2. Егер шартта өзгеше көзделмесе, сатушы тауарды берумен бiрге сатып алушыға оның керек-жарақтарын, сондай-ақ нормативтiк құқықтық актiлерде немесе шартта көзделген, соған қатысты құжаттарды (тауардың жиынтықтылығын, қауiпсiздiгiн, сапасын, пайдалану тәртiбiн және т.б. куәландыратын құжаттарды) беруге мiндеттi.


409-бап. Тауарды беру мiндетiн орындау мерзiмi
1. Сатушының сатып алушыға тауарды беру мiндетiн орындау мерзiмi шартта белгiленедi, ал егер шартта мерзiмдi белгiлеуге мүмкiндiк болмаса, осы Кодекстiң 277-бабында көзделген ережелерге сәйкес белгiленедi.
2. Егер мерзiм бұзылған кезде сатып алушының шартты орындауға мүдделiлiгi жоғалатындығы шарттан айқын туындайтын болса, сатып алу-сату шарты оны қатаң белгiленген мерзiмде орындау талабымен жасалды деп танылады.
Сатушының мұндай шартты онда белгiленген мерзiм басталғанға дейiн немесе бiткеннен кейiн сатып алушының келiсуiнсiз орындауға құқығы жоқ.
Заң актiлерiнде немесе шартта сатып алу-сату шартын бөлiп орындау жағдайлары (шартты орындаудың аралық мерзiмдерi) белгiленуi мүмкiн.
410-бап. Сатушының тауар беру мiндетiн орындау кезi

    1. Егер сатып алу-сату шартында өзгеше көзделмесе, сатушының сатып алушыға тауар беру мiндетi:

1) егер шартта тауарды жеткiзiп беру бойынша сатушының мiндетi көзделсе, сатып алушыға немесе ол атаған адамға тауарды берген;
2) егер тауар сол тауар орналасқан жерде сатып алушыға немесе ол атаған адамға берiлуге тиiс болса, сатып алушының билiгiне тауар берген кезiнде орындалған болып есептеледi.
Тауар шартта көзделген мерзiмде тиiстi жерде беруге дайын тұрған және сатып алушы шарт талаптарына сәйкес тауардың беруге дайын екендiгi туралы хабардар болған кезде тауар сатып алушының билiгiне берiлген болып есептеледi. Егер тауар таңбалау арқылы немесе өзгеше түрде шарт мақсаттары үшiн сәйкестендiрiлмесе тауар берiлуге дайын емес деп танылады.
2. Тауарды жеткiзiп беру немесе сатып алушыға оның орналасқан жерiнде тауар беру жөнiнде сатып алу сату шартынан сатушының мiндетi туындамаған жағдайларда, егер шартта өзгеше көзделмесе, тауарды тасымалдаушыға немесе сатып алушыға жеткiзу үшiн байланыс ұйымына берген кезде сатушының тауарды сатып алушыға беру мiндетi орындалған болып есептеледi.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет