Диплом жұмысының тақырыбы ретінде сатып алу-сату шарты табылады. Бұл тақырыпты диплом жұмысы ретінде таңдау себебі: сатып алу-сату шарты қазақ тарихының әдет құқығымен реттелетін ең көне шарттардың бірі болып табылатындығында көрінеді



бет16/33
Дата15.04.2023
өлшемі0,71 Mb.
#83237
түріДиплом
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   33
Байланысты:
Сатып алу шарты

431-бап. Тауардың жиынтықтылығы

    1. Сатушы сатып алушыға жиынтықтылық туралы шарттың талаптарына сәйкес тауар беруге мiндеттi.

    2. Шартта тауардың жиынтықтылығы белгiленбеген жағдайда сатушы сатып алушыға жиынтықтылығы iскерлiк айналым дағдыларымен немесе әдетте қойылатын өзге де талаптармен белгiленетiн тауар беруге мiндеттi.

432-бап. Тауарлар жиынтығы

    1. Егер шартта сатушының сатып алушыға белгiлi бiр жиынтықтағы тауарлар жинағын (тауарлар жиынтығын) беру мiндетi көзделсе, жиынтыққа енгiзiлген барлық тауарлар берiлген кезден бастап мiндеттеме орындалған болып есептеледi.

    2. Егер шартта өзгеше көзделмесе және ол мiндеттеменiң мәнiнен туындамаса, сатушы сатып алушыға жиынтыққа енетiн барлық тауарды бiр мезгiлде беруге мiндеттi.



433-бап. Жиынтықталмаған тауарлар берудiң салдары

    1. Жиынтықталмаған тауарлар берiлген жағдайда (осы Кодекстiң 431-бабы) сатып алушы өз таңдауы бойынша сатушыдан:

    1. сатып алу бағасын сол мөлшерде кемiтудi;

    2. тауарларды қисынды мерзiмде толымды жиынтықтауды;

    3. жиынтықталмаған тауарды жиынтықталған тауармен алмастыруды;

    4. шартты орындаудан бас тартуға және тауар үшiн төленген ақша сомасын қайтаруды талап етуге құқылы.

2. Осы баптың 1-тармағында көзделген салдарлар, егер заңдарда не шартта өзгеше көзделмесе немесе мiндеттеменiң мәнiнен туындамаса, сатушы сатып алушыға тауарлар жиынтығын (осы Кодекстiң 432-бабы) беру мiндеттемесiн бұзған жағдайда да қолданылады.
434-бап. Тауарды салатын ыдыс және оны буып-түю

    1. Егер шартта өзгеше көзделмесе және мiндеттеменiң мәнiнен немесе тауарлардың сипатынан туындамаса, сатушы сатып алушыға тауарды ыдысқа салып және (немесе) буып-түйiп беруге мiндеттi.

    2. Егер шартта ыдыс пен буып-түюге талаптар белгiленбесе, тауар, осындай тауарға арналған әдеттегi әдiспен, ал бұлай болмағанда - сақтау мен тасымалдаудың әдеттегi жағдайларында осы тектес тауарлардың сақталуын қамтамасыз ететiн әдiспен ыдысқа салынуға және (немесе) буып-түйiлуге тиiс.
      3. Егер заңдарда белгiленген тәртiппен ыдысқа салынуға және (немесе) буып-түйiлуге мiндеттi талаптар көзделсе, кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын сатушы сатып алушыға тауарды осындай мiндеттi талаптарға сай келетiн ыдысқа салып және (немесе) буып-түйiп беруге мiндеттi.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет