2. Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша сын тұрғысынан ойлау технологиясының интербелсенді әдістерді пайдаланудың тиімді әдістемесі 2.1 Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша сын тұрғысынан ойлау технологиясын оқу-тәрбие үрдісінде қолдану «Оқу және жазу арқылы сыни ойлауды дамыту» жобасымен жұмыс істей бастаған мұғалімдер сабақтардың қызықты, оңай өтетінін, топта бірлесіп жұмыс істеуді үйрететінін, баланың танымдық белсенділігін арттыруға, өзін-өзі тәрбиелеуге, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыруға ықпал ететінін атап өтті. Білім алушылар оқуға деген ынтаның жоғарылауымен, адами қасиеттердің жақсаруымен, мұғалімнің толеранттылық, шыдамдылық сияқты қасиеттерімен сипатталады, білім алушылар басқаларды қабылдауға, түсінуге, құрметтеуге үйренеді.
«Кесте-4»
Сын тұрғысынан ойлау технологиясын жүзеге асырудағы білім алушының іс-әрекеті
Кезең
Мақсат
Білім алушының іс-әрекеті
Білім(білу кезеңі)
Берілген жаңа түсінікті ұғу, есте сақтау, бұрынғы білуі жаңарту
Тыңдайды, қабылдайды, еске сақтайды, ойлайды
Түсіну
Жаңа материалда берілетін білімді түсініп, өзінше түсіндіріп, болжам
Түсіндіреді, айтады,көрсетеді,жазады
Қолдану кезеңі
Жаңа білімді тәжірбиеде қолдану
Бұрынғы білім негізін пайдалана отырып, жаңа проблеманы шешеді
Талдау кезеңі
Алған білімді жіктеу, саралау, еі негізгісін ала білу