Дипломалды практика есебі


Кітапханадан кітаптар алып, түрлі әдістемелермен танысып, мағлұматтар жинадым. Жетекшіммен диплом жазу қызу басталып, қарқынды жүрді. Прпктика жетекшіммен бірге диплом талдау жұмыстарын жасадық



бет2/2
Дата08.06.2023
өлшемі363,43 Kb.
#99854
түріДиплом
1   2
Байланысты:
Алия

Кітапханадан кітаптар алып, түрлі әдістемелермен танысып, мағлұматтар жинадым. Жетекшіммен диплом жазу қызу басталып, қарқынды жүрді. Прпктика жетекшіммен бірге диплом талдау жұмыстарын жасадық.


10.03.2023ж.
Бұл күні диплом жұмысының міндеті:
Осы мақсатты жүзеге асыру үшін алдымызға төмендегідей міндеттерді қойдық:
– күрделі сөздерге, соның бірі қос сөздерге байланысты айтылған ғалымдардың пікірлеріне ғылыми талдау жасау;

  • қос сөздердің өзге күрделі сөздерден ерекшелігін айқындау;

  • эпопеяда кездесетін қосарлау немесе қайталау арқылы жасалған сөздер жаңа мағынаға ие бола ма? деген сұраққа жауап іздеу.

Кітапханадан кітаптар алып, түрлі мағлұматтар жинадым

13.03.2023ж.




Диплом жазу барысында практикалық маңыздылығына тоқталып өттік. Жұмыстың практикалық маңыздылығы: Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебе алуымен байланысты қоғамдық өмірдің көптеген саласында өрісін кеңейтіп, жан-жақты атқарар қызметінің өсе түскені белгілі. Осы ретте тілдің дамып өркендеу барысында сөз мағынасы мен оның даму заңдылықтарын арнайы құрастырудың мәні зор. Өйткені тілді адамдар арасында қарым-қатынас жасаудың құралы деп танысақ, сөздер сөйлем құрамында өзара семантикалық синтаксистік үйлесімділікте айтылғанда ғана белгілі бір ақпаратты жеткізе алады. Сөз күрделі құбылыс, сондықтан оның түрлі қасиеті, мағынасы мен тұлғасы тіпті сөздердің өзара тіркесуі де жеке-жеке тіл саласының объектісі болып жүр. Олар жеке-жеке қолданылуымен бірге бір бірлікте, бір категорияда қолданылады. Демек, жеке тұлға ретінде өмір сүрмейді. Мағынасымен байланыспаса, тұлға өздері тұлға сөз бола алмайды. Сондықтан жалаң формалармен байланыспаған жинақ мағына өмір сүрмейді.

14.03.2023ж.



Бұл күні ФИ-20-5к тобында «Қазіргі қазақ тілінің синтаксисі» пәнінен «Есімді тіркестер» тақырыбында практикалық сабақ жүргізілді. Сабақ барысында тесттер мен сұрақтар, тапсырмалар дайындап білім деңгейін көтеруге оқытушым көмектесті. Практика барсында студент-практиканттармен бірге оқу және тәрбиелік сабақтарға ену мақсатында сабақатар өттім.


15.03.2023ж.


Дипломдық жұмысты жазу барысында Сөз – күрделі құбылыс. Ол тіл білімінің барлық саласының зерттеу нысаны болып табылады. Соның ішінде сөздердің тұлғалық құрылымымен жасалып қалыптасуын сөзжасам мен морфология ғылымы қарастырады. Қазақ тіл білімінде қос сөздердің лексика-семантикалық, грамматикалық қасиет белгілері толық зерттелінді дей алмаймыз. Сондықтан М.Әуезовтің «Абай жолы» романындағы қос сөздер диплом жұмысымыздың негізгі нысаны етіп алынды.


16.03.2023ж.
Дипломалды практикаға байланысыты ғылыми зерттеу жұмыстарының орындалуын бақылап қадағаладым. Диплом жұмысымды жазу барысында жүйелеу, топтастыру, салғастыру, талдау әдістерін қолдандым. Студенттердің интерактивті тақтамен жұмыс жасауын қадағалап, сабақтарына қатысу, талдау жұмыстарын жүргіздім.
17.03.2023ж.
Аптаның соңғы күні сабағым 12:50-де 326 аудиторияда ФИ-20-5к тобына Есім меңгерудің ерекшеліктері және оның түрлері тақырыбында «Қазіргі қазақ тілінің синтаксисі» пәнінен практикалық сабақ өттім. Содан кейін студенттердің оқу – тәрбие жұмыстарын оқытушы әдіскерлермен келісе, біріге отырып бақылап, талдадық.

20.03.2023ж.


Аптаның бірінші күні өзімнің жетекшімнің практикалық сабағы. Қазіргі қазақ тілінің синтаксисі пәнінен Меңгеріле байланысқан есімді сөз тіркестер Меңгеріле байланысқан сөз тіркестерінің зерттелуі. Меңгерудің түрлері тақырыбында практикалық сабақ өттім. Сабақ барысында бірнеше әдіс-тәсілдерді пайдаланып студенттердің сабаққа деген қызығушылықтарын арттырып, сабақты қызықты қылып өтуге тырыстым. Сабақ соңында өз-өзін пайдалану әдісін пайдаландым.

24.03.2023ж.


Менің дипломымның құндылығы Қазақ тіл білімінде күрделі сөздерге алғаш талдау жасағандардың бірі – профессор Қ.Жұбанов болған. Ол қос сөздерді «Қазақ тілі жөніндегі зерттеулерінің» «сөз тұлғалары» деген тарауында «қосар сөздер» деген терминмен берген. Сонымен қатар К.Аханов, Ә.Керімов, А.Есенғұлов, Н.Сауранбаев, Н.Ысқақов сынды ғалымдар азды-көпті еңбек еткен.
Аталған ғалымдардың еңбектерінде күрделі сөздердің біріккен, кіріккен, қосарланған, тіркескен түрлері біршама зерттеу нысандарына арқау болған. Аталған ғалымдардың еңбектерін оқып, зерттей отырып қос сөздердің сөзжасамдық сипатына байланысты пікірлерінің әр түрлілігін, тіпті қайшылыққа толы екендігін байқадық. Яғни қос сөздерге тән ерекшеліктер толық ашылды деуге болмайды. Қос сөздердің әлі де анықтайтын тұстары баршылық.
Кітапханадан кітаптар алып, түрлі әдістемелермен танысып мағлұматтар жинадым.

28.03.2023ж.


ФИ-20-5к тобына «Қазіргі қазақ тілінің синтаксисі» пәнінен практикалық сабақты өттім. Практикалық сабақтың тақырыбы Матаса байланысқан сөз тіркестерін тауып, оларды түрлеріне қарай ажыратыңыз. Сабақты өту барысында бірін-бірі бағалау әдісін пайдаландым. Бұл әдісті қолдануда әділдікті және шынайылықты талап етеді. Себебі: олардың бір-бірлерінен қаншалықты дәрежеде бағалайтынын білу болды. Сабақтың соңында сабақты толықтай қорытындылап, бүгінгі сабақтан алған әсерлерімен бөлісті.
29.03.2023ж.
Диплом жұмыстың ғылыми жаңалығы: – Күрделі сөздердің ХI ғасырлардан бастап жиі қолданылғандығы анықталды.
– Еркін сөздердің күрделі сөздерге дейін дамуына әрі мағыналық, әрі морфологиялық жағынан дамуы, десемантизация, деформацияға түсуі анықталды.

  • М.Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясында қос сөздердің мол қабаты анықталды. Олардың семантикалық ерекшеліктері айқындалды.

  • М.Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясындағы қос сөздердің қолданылу аясы бұрын соңды зерттелмеген тақырып, зерттеу жұмыстарында көрсетілмегені анықталды.

30.03.2023ж.


Дипломалды практикамның жетекшімнің практикалық сабағын өттім. «Түріктануға кіріспе» пәнінен сабақтың тақырыбы «Түркі тілдерін топтастыру, жіктеу жайындағы ғылыми зерттеулер» . Сабақтың жоспарын бекітіп, әрбір сабақтың мақсаты студентке білім беруге, тәрбиелеуге және дамытуға тиісті жақтарын қарастыруға бағыт бердім.
31.03.2023ж.
Бұл күні менің ФИ-20-5к тобыма «Қазіргі қазақ тілінің синтаксисі» пәні болды. Сабақтың тақырыбы Матаса байланысқан сөз тіркестерін тауып, оларды түрлеріне қарай ажыратыңыз.Осы сабақты өту барысында ойды дамыту әдіс-тәсілін пайдаландым. Бұл әдіс – тәсілді пайдалану себебім: қаншалықты дәрежеде ойлай алатынын, ойлау қабілетін одан әрі дамыту болды. Студенттердің ойлау қабілеті, өз ойларын еркін жеткізе алулары өте жоғары деңгейде дамыған.

03.04.2023ж.


Бүгінгі күнгі сабағым 14:00-15:05 де ФИ-20-5к тобында практикалық сабағын өтумен бастадым. Содан кейін студенттердің оқу-тәрбие жұмыстарын оқытушы әдіскерлермен келісе, біріге отырып бақылап, талдадық.
Студенттердің жұмыстарын тиімді ұйымдастыру, яғни лекцияны тыңдауы, қабылдауы, түсінуі сияқты танымдық процестердің белсенді жүруін байқап, қадағалап отырдым. Өтілген материалды өңдеп, тұжырымдап, қорытынды жасалды. Соымен бірге, тыңдай отырып, жазып алу қабілетін қалыптастырдық. Дұрыс әрі тиімді ұйымдастырған лекцияның тәрбиелік маңызы арта түседі, яғни ойлау, еңбек әрекет, пәнге деген ынта, ықылас және қызығушылық дамып, қалыптасты деп сенемін.

04.04.2023ж.


«Қазіргі қазақ тілінің синтаксисі» пәнінен 14:00-15:05-те ФИ-20-5к тобына Етістікті сөз тіркестері тақырыбында лекциялық сабаққа қатысып отырдым. Сабаққа презентация жасап, сол арқылы түсіндірілді. Сабақ барысында активті әдістер қолданылды. Мәселен студенттердің тақырып бойынша пікірлері, қорытындылары сұралып отырды. Дәріс барысында студенттер аса қызығушылық танытып, өте белсенді болды.
05.04.2023ж.
Бұл күні жұмысымды кітапханада отырып көптеген кітаптар алып, оқып көптеген мағлұматтар алып, жинақтадым. Зерттеу жұмысының әдіс-тәсілдері: Көркем шығармалардағы лексикалық синонимдердің жасалу тәсілдерін, мағыналық және стильдік ерекшеліктерін анықтау барысында компонентті талдау, тарихи-салыстырмалы, сипаттама, стильдік талдау, статистикалық әдістер қолданылды.
06.04.2023ж.
Өзіме берілген топқа тәрбие жұмыстарын жүргіздім. Сонымен қатар өзіме тәжірибе жинақтау мақсатында жұмыс өтілі мол оқытушылардың сабақтарына қатыстым. Сабақ барысында жаңа технологияларды меңгеріп әдіс-тәсілдерін үйрендім. Практика бойынша сабақтарға қатысу барысында практика жетекшім сабақ типін дұрыс қолдануға дағдыландырды.
07.04.2023ж.
12:50 да ФИ-20-5к тобында «Қазіргі қазақ тілінің синтаксисі» пәнінен практикалық сабағына қатыстым. Сабақ барысында сұрақ-жауап ала отырып, студенттердің белсенділігін көріп, қай студенттің қалай оқитынын бақылап, қарап отырдым. Сабақ барысында көптеген қызықтар болды. Сабақ біткен соң топ студенттерінің сабаққа деген ойын біліп, сабақты қорытындылды.
10.04.2023ж.
14:00-15:05-те ФИ-20-5к тобындағы жетекшім Ж.Әділбекованың Қазіргі қазақ тілінің синтаксисі пәнінен Қабыса байланысқан сөз тіркестері тақырыбындағы сабағын өттім. Сабақ өту барысында күнтізбелік тақырыптық жоспарды дайындау және өткізу, көрнекі құралдар дайындау, сабақтан тыс оқу жұмыстары мен сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырып өткізудің қыр-сырымен таныстым. Практика кезеңінде алынған білім, білік, дағдылар болашақ мамандығын игеруде белсенді жұмыс істеу үшін керемет көрсеткіш болды, теориялық тұрғыдан зерделенген сәттерді іс жүзінде жүзеге асыруға, тәжірибе жинауға және болашақ мамандығының жалпы идеясын қалыптастыруға мүмкіндік берді.
11.04.2023ж.
ФИ-20-5к тобында Қазіргі қазақ тілінің синтаксисі пәнінен Меңгеріле байланысқан етістікті сөз тіркестерінің дамуы тақырыбында практикалық сабағын өттім. Практика барысында студенттерге сабақ жүргізу үшін интербелсенді тақталармен жұмыс жасауды, сабақты талдап, бағалауды үйрендім.



12.04.2023ж.
Жұмыстың теориялық және практикалық негіздері: жұмыстың теориялық және әдіснамалық негізі ретінде тіл білімі және әдебиеттану ғылымдарының жетістіктері, әдеби мұраларды кешенді түрде зерттеудің ғылыми әдіс-тәсілдері алынды. Негізінен, ұлттық тіл білімі ғылымындағы теориялық тұжырымдар, қос сөз табиғатын, оның әр түрлі қолданысын қарастырған ғылыми еңбектер дипломдық жұмыстың негізгі әдіснамалық әрі теориялық өзегі болды.

13.04.2023ж.


Дипломалыды практиканың бүгінгі заман талабына сай алдыңғы қатарлы педагогикалық ізденістермен, озат педагогикалық практикалармен таныстым. Сонымен қатар пән бойынша сабақ кестесіне сәйкес қашықтықтан сабақ дайындап, жүргіздім. Сабақтың жоғары деңгейде өтуі үшін әр сабаққа тиянақты дайындалып, презентациялар жасадым. Студенттерге түсінікті әрі қызықты болу үшін түрлі әдіс-тәсілдерді пайдаландым. Топ студенттері презентация дайындап жоғары деңгейде

14.04.2023ж.


«Қазіргі қазақ тілінің синтаксисі» жетекшімнің сабағынан практикалық сабаққа кірдім. Сабақтың тақырыбы Жаңа фонемалардың пайда болуы. Сабақ барысында түрлі тесттер мен сұрақтар, тапсырмалар дайындап білім деңгейін көтеруге оқытушым көмектесті. Сабақ соңында қорытындылай келе сабақтың қалай өткенін сонымен қатар кім қанадй нәрсе үйренгенін талқыладық. Студенттер әр қайсысы өз ойларымен бөлісті.

17.04.2023ж.


14:00-15:05-те 227 аудиторияда «Қазіргі қазақ тілінің синтаксисі» пәнінен Мәтіннен сөз тіркесінің байланысу формаларына талдау жасаңдар. тақырыбында практикалық сабақ өттім. Сабақ барысында жақсы қарым-қатынас орнады. Сабақ жүргізу аса қатты қиындық тудырмады.
18.04.2023ж.
ФИ-20-5к тобында «Қазіргі қазақ тілінің синтаксисі» пәнінен дәріс сабағына қатыстым. Сабақ барысында сұрақ-жауап ала отырып, студенттердің белсенділігін көріп, қай студенттің қалай оқитынын бақылап, қарап отырдым. Сабақ барысында көптеген қызықтар болды. Сабақ біткен соң топ студенттерінің сабаққа деген ойын біліп, сабақты қорытындылды.


19.04.2023ж.
Әр күні дипломға қосатын мағлұматтар жинау барысында тың дүниелермен таныстым. Жетекшім айтқан әрбір кеңес, мен үшін маңызды болды. Себебі, берер бағыты мен айтар ақылы менің жұмысымның жүйелі болуына себепкер болды. Диплом жұмысты жазу барысында көптеген мағлұматтар білідім. Жариялануы: «М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясындағы қос сөздердің жасалуы» атты мақала «М.Әуезов атындағы ОҚУ-дың құрылғанына 80 жыл толуына арналған студенттік ғылыми конференцияның еңбектерінде жарияланды. – Шымкент, 2023ж.
20.04.2023ж.
Жетекшімнен кеңестер алып, дипломымды жазу барысымен айналыстым. Зерттеу жұмысының дереккөздері: Ғылыми зерттеу жұмысы бойынша нақтылықты көрсететін тарихылық, салыстырмалы талдау және ұқсастық байланыс, болжау әдістерін қолдана отырып, сонымен қатар, жұмыста Жұмысты зерттеу үшін төмендегідей әдістерді қолдандық: талдау әдісі, жинақтау, ой қорыту, жүйелеу, статистика әдістері қолданылды.

21.04.2023ж.


Бүгін сабақ кестесі бойынша практикалық сабақ өттік. Тақырыпқа сәйкес презентация жасап студенттерге жаңа сабақ түсіндірдік. Практикалық тапсырмалар берілді. Жетекшіммен бірге сабақ өту барысында көп тәжірибе жинадым.
24.04.2023ж.
Жаңа апта басталды бүгін сабақ болмаған соң диплом жұмысымды да пысықтадым. Практика жетекшімнің қолдауымен дипломдық жұмысымның екінші тарауын аяқтап, ғылыми жұмыс жаздым.
25.04.2023ж.
Жетекшімнің нұсқауымен берілген әдебиеттер тізімі бойынша кітапханаға бардым. Кітапханадан кітаптар алып, түрлі әдістемелермен танысып мағлұматтар жинадым. Жетекшіммен диплом жазу қыызу басталып, қарқынды жүрді. Практика жетекшіммен бірге диплом талдау жұмыстарын жасадық.

26.04.2023.


Студенттермен бұл күні сабақ айтумен қатар жаттығу жұмыстарын орындауға көңіл бөлдік. Біздің өтіп жатқан пән бойынша талдау жұмысын жасау өте маңызды.
27.04.2023ж.
Дипломдық жұмысымды аяқтап, негізгі дүниелерді толықтай бітіріп, жетекшім кем-кетік жерлерін ескерту жасап, өзгеріс керек жерлеріне нұсқаулық берді. Зерттеу жұмысымды жан-жақты қарастырдым.
28.04.2023ж.
Жетекшіміз сырттай бақылап өзіміз де сабақ өттік. Әр сабаққа дайындық күшті болу шарт.Себебі,білім бір жерде тұрып қалмауы шарт. Көп ізденіс қажеттігін түсіндік. Әр сабақта жетекшіміздің айтқан кеңесін сабақта қолданып, іске асырдық. Диплом жұмысымның тақырыбымен сәйкестендіріп студенттерге сабақ өттім.
Дипломалды практика барысында жинақталған құжаттарды реттеп, қорытынды сабағымды өттім. Практика барысында есеп жазып, дипломалды практиканы қорытындыладық. Практикадан өту барысында көптеген ақпараттар, мағұлматтар және де тәжірбиелер жинадым. Бұл практиканың маған бергені көп болды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет