Дипломалды тәжірибе бойынша



бет1/2
Дата21.03.2023
өлшемі325,11 Kb.
#75618
түріДиплом
  1   2

Қaзaқcтaн Pecпубликacы Ғылым жәнe жоғары бiлiм миниcтpлiгi
«Ғұмapбeк Дәукeeв aтындaғы Aлмaты энepгeтикa жәнe бaйлaныc унивepcитeтi» кoммepциялық eмec aкциoнepлiк қoғaмы
«Автоматтандыру және басқару» кафедрасы
Дипломалды тәжірибе бойынша
ЕСЕП
Практикадан өту орны: «Атырау жылу электр орталығы (АТЭЦ)» акционерлік қоғамы
Opындaғaн: Саматова С.С.
Тoбы: АИСУк-19-4
Қaбылдaғaн: аға оқытушы Адилова Ш.К.

_______ ___________ «___» _______ 2023 ж.


(бaғacы) (қoлы)

Aлмaты, 2023


Мазмұны
Кіріспе…........................................................................................,,,,,,,,,,,................3

  1. АҚ «Aтырау жылу электр орталығы» туралы жалпы мағлұматтар…..........................................................................................................4

    1. Кәсіпорынды басқару құрылымы......................................................6

    2. Кәсіпорынның қаржы-экономикалық қызметі.................................7

    3. Кәсіпорынның жұмыс атқару бөлімдері және атқару қызметтер..9

    4. Кәсіпорындағы өндіріс орындарына қойылатын талаптар мен міндеттемелер....................................................................................12

2. Энергетикалық экспертиза бөлімі ЖШС «AtyrauLocalCompany»…....…...14

    1. 2.1. Бөлімнің материалдық ресурстармен қамтамасыз етілуіне байланысты сараптама…...................................................................…. 17

2.2. Бөлімнің өндірістік әлеуетін талдау.................................................19
2.3. Сараптама актісін ресімдеу…………............…………………...…20
2.4. Бөлімдегі жөндеу жұмыстары және сараптама жүргізу приборлары..............................................………………………….….….22
Қорытынды............................................................................................................24
Пайдаланылған әдебиеттер...................................................................................


Кіріспе
Жылу электр орталығы (ЖЭО) — тұтынушыларға бір мезгілде электр энергиясы мен жылуды бу және ыстық су түрінде бірге өндіріп беретін бу (газ) турбиналы электр станциясы.
ЖЭО беретін жылу қызған бу немесе ыстық су түрінде таратылады. Энергетикалық бу қазандарында (жану камераларында) өндірілген тиісті параметрлі бу (газ) турбинаны және онымен бір білікте орнатылған электр генераторын айналдырады. Турбиналарда жұмыс істеп шыққан будың қалдық қызуының едәуір бөлігі кәсіпорындардың технолологиялық процестерін бумен жабдықтауға және ыстық сумен үйлерді жылыту жүйелеріне жұмсалады (қ. Жылумен қамтамасыз ету). Қазандық және турбиналық жабдықтары құрамына қарай ЖЭО-лар бу турбиналы (бу-күш қондырғылы) ЖЭО, газ турбиналы (газ турбиналы қондырғылы) ЖЭО, бу-газ турбиналы (бу-газ турбиналы қондырғылы) ЖЭО және атомдық ЖЭО болып ажыратылады. Соңғы уақытқа дейін Қазақстанда бу-күш қондырғылары кең таралған. Бу турбиналы ЖЭО-лар агрегаттарының бірлік және жалпы қуаты бойынша төменгі қуатты (25 МВт-қа дейін), орташа қуатты (50 – 100 МВт), жоғары қуатты (200 МВт-тан артық), ал турбинаға келіп түсетін будың бастапқы параметрлеріне қарай төмен қысымды (4 МПа-ға дейін), орташа қысымды (13 МПа-ға дейін) және аса жоғары қысымды (25,5 МПа-ға дейін) болып бөлінеді.
Қазіргі кезеңде бу-газ турбиналы қондырғылар тиімді болып отыр. Бұларда газ турбинасында жұмыс істеп шыққан ыстық газ қайта өңдеуші арнаулы қазанға беріледі де, ондағы су бу турбинасын жұмыс істетуге жеткілікті параметрлі буға айналдырылады (қажет болса, қазанда қосымша от жағылады), әрі қарай цикл бу-күш қондырғыларындағыдай жүреді. ЖЭО-ларда электр және жылу энергиясын бірге өндіру жағылатын отынды тиімді пайдалануға (отынды үнемдеу 30%-ке дейін жетеді), электр станцияларының пайдалы әсер коэф-тін жоғарылатуға және электр энергиясының өзіндік құнын төмендетуге мүмкіндік береді. Қазақстанның ірі өндіріс орындары мен елді мекендерінің көпшілігі ЖЭО жылуымен қамтамасыз етіледі. Олардың ішіндегі ірілері ғ2 Алматы ЖЭО (қуаты 510 МВт), Атырау ЖЭО (215 МВт), ғ2 Астана ЖЭО (240 МВт), ғ2 Қарағанды ЖЭО (435 МВт), ғ3 Қарағанды ЖЭО (440 МВт), Маңғыстау энергокомбинатының ЖЭО (87 МВт), ғ1 Павлодар (350 МВт), ғ3 ЖЭО (440 МВт) ЖЭО, ғ2 Петропавл ЖЭО (380 МВт), Өскемен ЖЭО (241,5 МВт). Қазақстандағы ЖЭО-лар сағатына шамамен 45000 т-дан көп бу өндіре алады, олардың жалпы қуаты 5694 МВт-қа жетіп отыр.

Атырау ЖЭО (Атырау жылу электр орталығы, бұрын Гурьев ЖЭО) - өңірлік маңызы бар жылу электр станциясы. Қазақстан Атырау қаласында орналасқан. Аттас компанияға тиесілі. Станция өндірген электр және жылу энергиясы қала мен облыстың қажеттіліктерін жабуға жұмсалады. ЖЭО Қазақстанның бірыңғай энергожүйесіне кіреді.


1960 жылдардың басына дейін дәстүрлі түрде Ресейден электр энергиясын алатын Гурьев облысында мұнай өңдеу зауытында (ГНПЗ ЖЭО) электр станциясы болған. Мұнай өндірісінің дамуы, мұнай өңдеу қуаттылығының кеңеюі және Гурьев химия зауытының құрылысы энергиямен жабдықтаудың жаңа көзін қажет етті.
1957 жылы Гурьевтің энергиямен жабдықтаудың техникалық жобасын "Теплоэлектропроект" институты (Мәскеу) әзірледі. Гурьев ЖЭО құрылысы 1961 жылы басталды. 1962 жылы өнімділігі 120 т/сағ болатын БКЗ-120-100ГМ (Барнаул қазандық зауыты) маркалы бу қазандығы іске қосылды. 1963 жылы 29 қаңтарда электр станциясы іске қосылды, ал жыл соңына дейін № 2 турбоагрегат және № 2 қазандық агрегаты пайдалануға берілді, бұл жалпы белгіленген қуаты 24 МВт бірінші кезектің құрылысын аяқтады. Гурьев ЖЭО-ның бірінші директоры болып Қазақстан-Ресей кинорежиссері және продюсері Тимур Бекмамбетовтың әкесі Нұруахит Бекмамбетов тағайындалды.
1966-1970 жылдар аралығында кәсіпорынның екінші кезегі салынды. Үш турбоагрегат (екі ПТ25-90/10 және бір ПТ60-90/13, № 3, 4, 5 стационарлық) және бес БКЗ-160-100гм қазандық агрегаттары (№3, 4, 5, 6 және 7 стационарлық) іске қосылды. ЖЭО-ның белгіленген электр қуаты 134 МВт-қа дейін өсті.
1970-1980 жылдары екі турбина мен үш қазандық қондырғысы пайдалануға берілді.
КСРО ыдырағаннан кейін Атырау ЖЭО болып өзгертілді. 1997 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 4 сәуірдегі № 921 қаулысына сәйкес Жекешелендіру шеңберінде "Энергопроект"жеке ЖШС берілді.
2009 жылы Атырау ЖЭО төртінші кезегінің құрылысы басталды.
Атырау ЖЭО қызметінің негізі - жылу және электр энергиясын өндіру, Атырау облысын электр энергиясымен және Атырау қаласын жылу энергиясымен қамтамасыз ету. Отынның негізгі түрі – табиға газ , апаттық отын – мазут. Станцияның орнатылған электр қуаты – 474 МВт, жылу қуаты – 798 ГКал/сағ. Қазіргі уақытта станцияның қуаты – 60 МВт 14 қазандық агрегаты және 11 турбоагрегат және газ турбиналық қондырғы орнатылған.

1-RC-сөндіргіштер, 2 - RC – сөндіргіштердің іске қосылу датчигі, 3- іске қосылуы төмен деңгейлі АКШ (АКШ – ТД), 4- АКШ – ТД іске қосу датчигі, 5 – іске қосу блогы, 6 – контактор, 7 - сақтандырғыш, 8 – ток трансформаторы, 9-фазаның жерге тұйықталу өткізгіші, 10 –сигналдар тіркеуіші, 11 - өлшеуіш кернеу трансформаторы (КТ), 12-АКШ.
1-сурет. 6-10 кВ кернеулі электртторабындағы электр жабдықтарын диагностикалау және қорғауға арналған құрылғының электрлік сұлбасы
Электр желісінің қалыпты жұмыс режімінде резервті ұяшық (немесе шығушы желі) ажыратқышы Q қосулы, 1 RC - сөндіргіштер және 3 жұмыс істеу деңгейі төмен асқын кернеулерді шектегіш (АКШ – ТД) кернеулі болады және 2 және 4 өзінің датчиктері арқылы 10 сигналдарды тіркеуші үшін электр торабының қалыпты жағдайы туралы тиісті сигналдарды қалыптастырады. 6 контактор 5 іске қосу блогынан сигнал болмаған жағдайда сөндіреді, бұл ретте 7 сақтандырғыш, 8 ток трансформаторы және 9 фазаның жерге тұйықталу өткізгіші электр торабынан ажыратылады және 10 сигналдарды тіркеу үшін ЖЖМБТ туралы сигнал бермейді. Одан өзге, 11 кернеулі ӨКТ электр торабының қалыпты жағдайы туралы 10 тіркеуші үшін тиісті кернеу сигналдарын береді, ал 12 АКШ шиналарға жалғанады және 3 АКШ – ТД-мен салыстырмалы түрде қорғаудың ең жоғары деңгейлерінде электр торабын коммутациялық және найзағайлы АК-ден қорғайды.
АК-ден және доғалы АК-ден алдын ала қорғанудың көрсетілген кемшіліктері ұсынылған құрылғыда мынадай түрде жойылады:
-іске қосылу, яғни 1 RCсөндіргіштер және 3 АКШ – ТД арқылы АК импульстерін шектеу (кесу) бөлінеді және 2, 4 НТТТ тиісті датчиктермен сигналдарға түрлендіріледі, содан соң 10 сигналдар тіркеуінде тіркеледі. Сигналдарды бекіту сәті қазіргі уақытта электр торабының жағдайын талдау кезінде АК көздерін анықтауға және тануға мүмкіндік береді;
- 2 және 4 НТТТ датчиктерден, сондай-ақ 8 ток трансформаторынан және 11 ӨКТ-нан олардың келесі тіркеуімен және ЖЖМБТ тогының гармоникалық құрамын анықтаумен 10 сигналдарды тіркеушіде тіркеу 1 RC-сөндіргіштері мен 3 АКШ – ТД-нен бөлек АК шектелу тиімділігін нақты орнатуға мүмкіндік береді;
- АК шектеу деңгейін төмендетуді 12 АКШ орнына 3 АКШ – ТД қолданумен жүзеге асыру; мысалы, 10 кВ электр тораптары үшін (онда дәстүрлі түрде іске қосылу деңгейі 26-30 кВ болатын 10 кВ номиналды кернеудегі АКШ қолданылады), ұсынылған құрылғыда қосымша іске қосылуы 15-18 кВ деңгейлі 6 кВ АКШ қойылады (бұл жағдайда АКШ – ТД деп аталады) орнатылады;
- өз кезегінде доғалы АК-ге бастамашылық ететін электр торабындағы импульсті АК-дің пайда болуынан ЖБТның пайда болу ықтималдығы, 1 RCсөндіргіштер мен 3 АКШ – ТД негізінде аз инерциялық алдын алу қорғанысын қолдану нәтижесінде күрт төмендейді;
- ЖЖМБТ кезінде мүмкін болатын екі фазалы және көп орынды қысқа тұйықталудан қорғау 7 сақтандырғышпен жүзеге асырылады;
- ДСР әсерінен жоғары гармоникалар электр тораптары үшін қауіпті шектеу 1 RC - сөндіргіштері және 3 АКШ – ТД-мен жүзеге асырылады, сонымен қатар 1 RC – сөндіргіштері резисторлары арқылы жерге тұйықталған 3 АКШ – ТД тек коммутациялық АК шектейді, ал найзағайлы АК қорғауға 12 АКШ арналған.
Құрылғы келесі түрде жұмыс істейді: 5 іске қосу блогынан 6 контакторды қосу арқылы туындаған ЖЖМБТ режимінде 7 сақтандырғыш, 8 ток трансформаторы және 9 фазаның жерге тұйықталу өткізгіші арқылы өтетін металдық ток (ЖМТ) пайда болады, ол туралы сигнал 8 ток трансформаторынан 10 сигналдар тіркеуішіне түседі. Сонымен қатар, осы 10 тіркеушіге 11 ӨКТ-нан кернеу сигналдары, сондай-ақ 2 және 4 тиісті датчиктер арқылы 1 RCсөндіргішінен және 3 АКШ – ТД-нан ЖЖМБТ параметрлері туралы ток сигналдары беріледі.
5 іске қосу блогынан ЖЖМБТ сигналмен уақыт ұстанымы үшін белгіленген уақыт өткеннен кейін 6 контактор ажыратылады және 10 тіркеушіде ЖЖМБТ ажырату сәтіндегі көрсетілген ток пен кернеу сигналдары тіркеледі.
7 сақтандырғыш тізбекті бөлетін бірқатар себептер бойынша пайда болуы мүмкін екіфазалық қысқа тұйықталу кезіндегі апатты жағдайларда бұл қысқа тұйықталу Q резервтік ұяшықтар (немесе шығушы желілер) және тұтас ұсынылып отырған құрылғының ажыратқышымен апатты ажыратусыз таратылады. Сонымен қатар, 3 АКШ – ТД іске қосылу кезінде мүмкін болатын АК шектелген жағдайында сәйкес 1 RC-сөндіргіштерімен шектелетін 3 АКШ – ТД арқылы, шығушы желілерді сөндірусіз шектеледі. Бұл ретте 10 тіркеуші 3 АКШ – ТД іске қосылған кезде тиісті ток және кернеу сигналдарын тіркейді.
ЖБТ туындаған кезден ДСР іске қосылғанға дейінгі 50-100 мс бойы 150 Аге дейін ток импульсі жүретіндігі белгілі ДСР қосылған жұмыс істеуші ҚС-да ЖЖМБТ жүргізу экспериментінің нәтижелері 2, 3, 4-суреттерде көрсетілген. Бұл 6-10 кВ кернеулі оқшауламасы әлсіреген электр тораптарындағы ЖБТ кезіндегі біз ұсынып отырған АК тіркеу және шектеуге арналған қондырғыны қолданудың орынды екендігін дәлелдейді.
Осылайша, ұсынылатын құрылғы ЖБТ пайда болу кезіндегі электр тораптарындағы АК-ден электр жабдығын қорғау және диагностикалауды қамтамасыз етеді, мысалы: электр тораптарындағы резонанс құбылысы, сыйымдылық пен индуктивтіліктен тұратын электр жабдығының, әуе және кабельдік желілер, трансформаторлар, электр қозғалтқыштары, реактор және т.б. қосылу және ажырау операциялары.

2-сурет. а) А фазасының жасанды бірфазалық жерге тұйықталу кезіндегі токтар мен кернеулердің осциллограммалары

2-сурет. б) тұйықталу басталғаннан 10 мс уақыт бөлігінде доға сөндіргіш реакторлы шина секцияларының ЖЖМБТ тогының гармоникалық құрамы

а)

б)
3-сурет. а) 10 мс уақыт бөлігінде доға сөндіргіш реакторлы шина секцияларының ЖЖМБТ тогының гармоникалық құрамы және б) орнатылған режимде

4-сурет. ДСР бар шиналардың секциясында ЖЖМБТ процессінің oсциллограммалары




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет