Дипломатиялық этикет және хаттама



Pdf көрінісі
бет28/63
Дата23.09.2023
өлшемі1,14 Mb.
#109884
түріДиплом
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   63
Бекіту сұрақтары: 
1.
Сәлемдесу этикетінің ерекшеліктерін атаңыз? 
2.
Қарым-қатынас барысында қаратпа сөздерді қолданудың қандай тәртібі бар? 
3.
Танысу кезінде қандай нормалар сақталуы тиіс? 
 
№23 дәрістің тақырыбы: 
Визит карточкалары және оларды қолдану
 
Сағат саны: 
1
 
Дәрістің топтама-тәсімі.
Дипломатия саласында ортағасырлардан бастап визит 
карточкасы пайдаланылады. Визит карточкаларын алғаш рет Францияда ХҮІ ғасырда 
қолдана бастады. Визит карточкасы күнделікті өмірде жиі пайдаланылады. ХҮІ ғасырда 
Еуропада визит карточкасы дворяндар мен жоғары мәртебелі адамдар арасында берік 
орнықты. Визиткаларда тек аты-жөні ғана емес, оның тектік елтаңбасы да көрініс тапты. 
Италия, Испания ақсүйектері, сеньеорлары осындай визит карточкаларын жоғары 
мәртебелі мырзалардың таңбаларымен безендірген.
Ал, ХІХ ғасырда, тіпті, күрделілігі «қонақтарға ас беру» этикетінен кем түспейтін 
«визиттік этикет» орын алды. Бастапқыда біреуге визит карточкасын беру «мен Сізге 
«визит» жасауға, яғни кездесуге даярмын» деген ұғым берген. Бүгінде визит карточкасы 
дипломатиялық тәжірибеде кеңінен қолданылады.
Дербес карточканы басқа адамға жіберу, ұсыну белгілі бір ережелерді талап етеді. 
Ресми қарым-қатынас визит карточкаларымен алмасудан басталады. Дипломатиялық 
тәжірибеде жеке лауазымды тұлғаларды құттықтау, байланысты үзбеу үшін мерекелерге 
өз визит карточкасын жіберіп тұрады.
Визит карточкасы дипломатиялық тәжiрибеде және iскерлік қарым-қатынастарда 
жиі қолданылады. Өз иесiн сыртынан «таныстыру» немесе оның атынан әрекет етуде, 
визит карточкасын құттықтауды білдіру ретінде және көңіл айтуға, ризашылық білдіруде, 
қармы-қатынас орнатуда, кітап, кәде-сыйларды сыйлауда пайдаланады. 
Визит карточкасы жоғары сапалы қатты қағазбен 5х9см түрінде дайындалады; 
әйелдер үшiн (жұбайы) – 4x8 см. Ал жоғарғы лауазымды тұлғалар үлкен өлшемдегі визит 
карточкаларын пайдаланады. Ресми тұлғаның, әсіресе дипломатялық қызметкерлердің 
визит карточкасында тек қана аты, тегі және қызметі жазылады және сол дипломатиялық 
қызмет атқарып жүрген елдiң толық атауы көрсетіледі. Телефон нөмірі, үйдің және жұмыс 
орнының мекен-жайы жазылмайды. 
Сонымен қатар дипломатия қызметкерлері толық аты-жөні жазылған мұндай визит 
карточкаларын бейресми жағдайларда да пайдаланады. Әдеттегі іскерлік тәжірибеде 
ереже бойынша визит карточкаларында толық аты-жөні, жұмыс орны, мекен-жайы, 
лауазымы, қызметтік телефоны, телекс және телефаксы көрсетіледі. Мұндай 
карточкалардың түстері әртүрлі болып келеді, мысалы, ашық қызыл түстен көк, қара түске 
дейін өзгерте береді, негізінде хаттамалық нормада визит карточкаларының түстері ақ 
болуы тиіс. 
Iскер адамның визит карточкасында реквизиттерімен қатар кейде фотосуретінде 
көрсете алады. Визит карточкалардың шрифті жергілікті тәжірибеге байланысты және 
карточка иесінің талғамына қарай таңдалады. Визит карточкасы сол дипломат жұмыс 
жасап жатқан елдің тілінде және онда екі ресми тіл болса онда осы тілдерде де мәтінді 
жазуға болады. Ағылшын, француз, жапон және басқа тілдерде визит карточкасында 
орыстар секілді тегі, яғни әкесінің аты қоса жазылмайды, себебі шетелде ондай әдет 
қалыптаспаған – олар екі фамилия деп санауы мүмкін.
Жалпыға бірдей халықаралық тәжірибеде визиттік карточкалардың иесі қандай да 
бір жағдайға байланысты өзінің ойын, пікірін жеткізгісі келгенде осы визит 
карточкаларын жібере отырып, оның төменгі сол жақ бұрышына француз тіліндегі 
сөздердің бас әріптерімен символдық белгі ретінде өз ниетін білдіреді:


p.r.(pour remercier) – алғыс айту, игілікті білдіру. Қандай да бір көрсеткен көмегіне, 
көңіл айтумен, құттықтауы үшін ризашылығын білдірген жағдайда 
қолданылады; 
p.f. (pour feliciter) – құттықтау, тілек білдіру.
p.c. (pour condoleance) – көңіл айту. 
p.p. – жаңадан келген дипломатиялық тұлғаның сырттай таныстырылуы (жаңадан 
келген дипломаттың визит карточкасы дипломатиялық өкілдік басшысының визит 
карточкасымен қоса жіберіледі). 
p.f.c. – таныстырылғанға қанағат ету.
p.p.c. – сырттай қоштасу (қабылдаушы мемлекеттен мүлдем кеткен уақытта жеке 
кездесудің орнына).
p.f.N.A. – Жаңа жыл мерекесімен құттықтау.
Ресми жағдайларда әсіресе отандастармен қарым-қатынастарда іс-шараға 
байланысты толықтай жазу қарастырылады. Мысалы, «мерекемен құттықтайды», 
«назарыңыз үшін ризашылығын білдіреді», «шынайы ниетпен» (гүл, сыйлық, кәде-сый 
жібергенде). 
Кейде визит карточкасымен бейресми, достық қабылдауға да шақырады. 
Сондықтан келесі бетінде шақырылатын қонақтың толық аты-жөні жазылады және 
қабылдау түрі мен орыны, уақыты, мерзімі көрсетіледі. Ал осылардың ішінде 
сыпайылықты білдіретін осы шараға арнайы дайындалып шақыру қағазын жіберу 
әдептілікті білдіреді. 
Мекен-жайы немесе статусы өзгерген жағдайда карточка иесі жаңа 
реквизиттерімен визит карточкасын жаңартып қайта жібереді. Егер визит карточканы 
иесінің өзі визит жасамай басқа адам арқылы жеткізіп берсе, онда оның оң жақ бұрышы 
бүктеліп беріледі. 
Карточка иесі өзі жеке жеткізіп берген жағдайда, онда оның сол тұлғаға деген 
құрметін білдіреді бірақ оны тікелей қолына тапсыруға болмайды. Шабарманмен 
жіберілетін визит карточканы аты-жөні мен лауазымның мекен-жайын көрсетіп арнайы 
конвертке салып жібереді. Онда бірнеше сөздер жазуға болады. Бір конвертке бірнеше 
тұлғалардың визит карточкаларын салуға болады. Визит карточкаға жауап оны алған 
кезден бастап 24 сағат ішінде беріледі. 
Ерлі-зайыптылар үйінде үйленбеген ер адам екі визит карточка тастап кетеді, 
біреуін еріне, екіншісін жұбайына ұсынады. Ерлі зайыптылар қонаққа барғанда сол үйдің 
қожайындарына өз визит карточкаларын еріне және жұбайына береді. Ал әйел адам 
бойдақ ер адам үйіне қонаққа барғанда визит карточкасын тастамайды. 
Ұлттық немесе басқада мерекеге байланысты ұйымдастырылған іс-шараларда 
визит карточкалармен бірінші болып қабылдаушы елде қызмет атқаратын дипломатиялық 
тұлғаларды құттықтайды. Танысуда ресми статусы мен лауазымы төмен адам бірінші 
болып визит карточканы береді. Ал егер серіктестер теңдей дәрежеде болған жағдайда 
жасы кішісі карточканы бірінші болып ұсынады. Сонымен қатар танысуда серіктес танысу 
карточкасын (мекен-жайы, телефоны мен қызметтік жағдайы көрсетілмеген) берсе, онда 
ол байланыстың жалғасуын қаламаған болып саналады. Ол адамнан қосымша 
координаттарын жазып беруді өтіну әдепсіздік.
Визит карточкасын қабылдай отырып оған сыйластықпен қарап толықтай оқып 
шыққан дұрыс. Тұрмыстағы әйел адаммен танысқаннан кейін ер адам бір апта ішінде оған 
және оның зайыбына өзінің визит карточкасын жіберуге тиіс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет