Дипломатиялық этикет және хаттама



Pdf көрінісі
бет2/63
Дата23.09.2023
өлшемі1,14 Mb.
#109884
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   63
 
Курстың міндеттері: 
«Дипломатиялық этикет және хаттама» пәні болашақ халықаралық 
қатынастар саласындағы мамандардың мемлекеттік қызметтің ерекше түрі ретіндегі 
дипломатия туралы көзқарастарын қалыптастыруға, дипломат мамандығының ерекшелігін 
көрсетуге, дипломатиялық және консулдық қызметтің функционалдық міндеттерімен 
таныстыруға көмектеседі. Бұл пәннің мазмұны осы мамандық бойынша қазіргі заманғы 
дүниеде туындап жатқан үрдістерге және ҚР алдында тұрған сыртқы саяси міндеттеріне 
сәйкес келеді. Дипломатиялық хаттама және этикеттің тәжірибелік жұмысы 
функциясының жетістікті болуы басқа мемлекеттермен экономикалық және мәдени 
байланыстардың дамуы үшін де, ұлттық қауіпсіздік мәселелерін шешу үшін де қажет, ал 
бұл өз кезегінде шетел мемлекеттерінің алдында еліміздің жағымды бейнесін құру үшін 
маңызды болып табылады.
 
Оқытудан күтілетін нәтижелер:
Білім беру бағдарламасы бойынша оқыту нәтижелері: 

Әлемдік саяси үрдістерді, олардың халықаралық қатынастар мен дипломатияның 
дамуына ықпалына талдау жасай алады;
 

Көпжақты дипломатия, дипломатиялық хат-хабар жазысу, халықаралық 
келіссөздерді жүргізу саласындағы кәсіби дағдыларын қолдануға қабілетті.
 
Курс аяқталғаннан кейін студенттер білуі керек: 

Түрлі елдердің, оның ішінде Қазақстан Республикасының дипломатиялық 
хаттамасын зерттеуге мүмкіндік беретін «Дипломатиялық этикет және хаттама» 
курсының негізгі принциптері мен әдістерін меңгеруі;

Қазақстан Республикасының және шетелдік елдердің дипломатиялық хаттамасы 
мен этикет ерекшеліктеріне сәйкес хаттамалық функцияларды орындауы;
Курс аяқталғаннан кейін студенттер жасай алуы керек: 

Халықаралық қатынастар саласына тән шараларды: сапарлар, келіссөздер және т.б. 
ұйымдастыруы және өткізуі;

Халықаралық байланыстардағы аймақтық дипломатиялық этикет нормаларын 
сақтауы.
Игерілетін дағдылар: 



Іскерлік қарым-қатынастың этикалық нормаларын жетілдіруде дипломатиялық 
қызметкерлердің орны мен ролін есепке ала отырып, дипломатиялық этикеттің 
теориялық аспектілерін сауатты қолдану дағдыларын игеру;

Теориялық білімдерін тәжірибелік қызметпен ұштастыра алу, қазіргі жағдайда 
дипломатиялық қызметтегі олардың маңыздылығын ұғыну дағдысы.
Пререквизиттер:
Қазақстан тарихы, Дипломатиялық және консулдық қызмет, Жаңа 
кезеңдегі халықаралық қатынастар тарихы, Қазіргі замандағы халықаралық қатынастар 
тарихы, Дипломатиялық келіссөздерді жүргізудің тәсілдері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет