Дипломатиялық этикет және хаттама



Pdf көрінісі
бет23/63
Дата23.09.2023
өлшемі1,14 Mb.
#109884
түріДиплом
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   63
Бекіту сұрақтары: 
1.
Қабылдау дегеніміз не? 
 
2.
Қабылдаудың қандай түрлерін білесіз?
 
3.
Қабылдаулар қандай жағдайда ұйымдастырылады?
 
4.
Күндізгі қабылдау түрлерін атаңыз? 
5.
Кешкі қабылдау түрлерін атаңыз? 
 
№18 дәріс тақырыбы: 
Шетелдік серіктестермен келіссөздер
 
Сағат саны: 
1
 
Дәріс мақсаты: 
келіссөздерді дайындаудың хаттамалық аспектілеріне сипаттама беру. 
Терминдер мен анықтамалар.
Келіссөз уақыты мен орнын анықтау. Делегацияны 
жасақтау. Өткізу орнын даярлау. Ұйымдастырушылық мәселелерді шешу.
Дәрістің топтама-тәсімі.
Келіссөздерді дайындаудың хаттамалық аспектілері. 
Келіссөздер – халықаралық байланыстың маңызды формасы. Оларды дайындау 
және хаттамалық-этикет көзқарасы тұрғысында дұрыс жүргізу дағдысы – кәсіби мәдениет 
көрсеткіші.
Келіссөздерге дайындық кезінде төмендегідей маңызды жағдайларды бөліп 
көрсетуге болады: келіссөздерді өткізу орнын және уақытын таңдау; делегацияны құру; 
мекемені жабдықтау; ұйымдастырушылық мәселелерді шешу (келіссөздер тілі, 
қатысушыларды отырғызу және т.б.). 
Келіссөздерді өткізу орны мен уақыты тараптардың өзара келісімі негізінде 
анықталады (көбінесе қабылдаушы мемлекетте немесе қарсы тарапта). Дипломатиялық 
және саяси тәжірибеде келіссөздерді бейтарап территорияларда өткізу де кеңінен 
таралған. Бұл әсіресе даулы, қақтығысты мәселелерді шешуге қатысты. 


Халықаралық тәжірибеге сәйкес келіссөздерде сандық құрамын және делегация 
өкілдерінің деңгейінің теңдігі принципі (паритет) ұстанылады. Делегациялардың сандық 
теңсіздігі қатысушылар саны көп делегацияға басымдық береді. Келіссөздердегі тиімді 
делегация мүшелері туралы айту қиын. Мұнда талқыланатын мәселелердің күрделілігін, 
жоспарланған келісімдердің сипатын есепке алу қажет. 
Келіссөздерді арнайы осы мақсаттар үшін жабдықталған мекемелерде өткізген 
дұрыс. «Т» үлгісіндегі үстелдерде келіссөздер жүргізу қолданылмайды. Үстелде ешқандай 
артық құжат болмауы тиіс. Гүлдер тек төмен вазаларда орынды. Бөтелкедегі минералды 
сусындар және адам санына қарай фужерлер қояды. Фужерлер әдетте төменгі жағы 
жоғары қаратып қойылады – олардың пайдаланылмағандығының белгісі. Егер ұзақ 
келіссөздер жоспарланса, жеңіл – шай, кофе, жеміс-жидектер болған дұрыс. 
Келіссөздер тілі, оған бір немесе екі тараптан аудармашылардың қатысуы өзара 
келісім арқылы алдын ала анықталады.
Үстел басына отырғызу қатысушылардың рангілерін және қызметтік жағдайын 
есепке ала отырып жүргізіледі. Бірнеше нұсқасы бар. Делегация басшылары үстел басына 
бір-біріне қарама-қарсы (аудармашылар бүйірінен орналасады), одан әрі ағалығына сәйкес 
делегациялардың қалған мүшелері жайғасады.
Алайда бұдан басқа нұсқасы кеңінен таралған: делегация басшылары бір-біріне 
қарама-қарсы үстелдің ортасынан отырады, олардың қасында сол жағында аудармашылар 
және одан әрі үстелдің екі жағынан делегация мүшелері орналасады.
Келіссөздерге үш немесе одан да көп тараптар қатысқан жағдайда делегациялар 
дөңгелек немесе тікбұрышты үстелге сағат тілі бойынша алфавиттік тәртіппен 
орналасады. Делегация басшысы, ереже бойынша, алфавиттік тәртіп бойынша кезекпен 
төрағалық етеді.
Тағы бір неғұрлым аз қолданылатын нұсқасы бар, үстелге тек делегация 
басшылары отырады, ал делегация мүшелері екінші қатарға, артқа орналасады.
Оң жағындағы орын құрметті деп саналғандықтан, қарсылаушы қонақтың сол 
жағынан жүреді. Қақтығысты жағдайлар бойынша келіссөздерде кейде делдал 
қолданылады.
Мемлекетаралық қатынастарда келіссөздерге қатысушы тұлғаларға бірқатар 
талаптар қойылады: 

Ойлау қабілетін жетілдіру, ойды нақты және қысқа жеткізе білу; 

«Мен» есімдігін қолдануда өте сақ болу; 

Дәлелдерді ұтымды пайдалана білу; 

Ақылгөйліліктен аулақ болу; 

Күрделі мәселелерді шиеленістіруді емес реттеу жолдарын іздестіру; 

Қатынасты жеңілдетуде визит карточкаларын пайдалану, яғни бұл қатынасты 
болашақта да жалғастыра түсудің белгісі. 
Келіссөздер барысында да басты қағидаларды есте сақтаған дұрыс:

Күтпеген ұсыныс жасаудан аулақ болған жөн. Егер ұсынысыңыз ресми түрде 
қабылданбаса, келіссөздің жалғасуына кедергі болады. 

Ұсынысты мүмкіндігінше бейресми жағдайда, сөзарасында айта кеткен дұрыс. 

Жапондықтар келесі күні келіссөз барысында кеше бейресми түрде айтылған 
ұсынысты ештеңе болмағандай талқылауға көшеді. Егер нақтылы шешім айтпаса, 
әлі шешім қабылдамағаны. 

Енді өршиін деген кез келген дау-дамайды әзілмен, күлімсіреп қана басуға болады. 
Кез келген жағдайда өзіңізді ұстай білуді қалыптастырыңыз. Қашанда жайдары, 
ілтипатты болыңыз. Жүзіңізден күлкі кетпесін. Өзіңіздің де, өзгенің де көңіл-күйін 
сақтауға тырысыңыз. Яғни, өнегелілікті көрсетуге талпынған дұрыс. 
Сұхбат кезіндегі әр сөзіңіз анық та түсінікті болсын. Керісінше жағдайда, 
тыңдаушы жалығып кетеді. Әңгіме барысында пікірталас туса өз ұстанымыңызды 
нақтылы дәлелмен ғана дәйектеңіз, екінші жақтың намысына тимей (сен ақымақсың, 


өзімшілсің, арсызсың, т.б. тізбей, өйткені мұның өзін дәлелдеу керек, бұл да талас 
туғызатын мәселе, саналы адамның айтатын сөзі емес). 
Әріптестерге қарсы дауыс көтеру немесе сайқымазақ дәйек бола алмайды. 
Пікірталаста жалпыламадан бойыңызды аулақ ұстаңыз, нақтылық қажет. Достық пікір 
алмасуда «жалған», «не?», «сендерді түсіну қиын» сияқты сөз, сөз тіркестері жат болып 
табылады. Мұны басқаша да жеткізуге болады: «Менің ойымша, ол былай...»; «Кешіріңіз, 
ести алмай қалдым...»; «Мен сізді толық түсіне алмадым...» және т.б. 
Келіссөздер, сұхбаттасу барысында, тіпті бейресми кездесу сәттерінде де ым-
ишаратқа, қимыл-әрекеттерге өте мұқият болған дұрыс, яғни, есте сақтайтын негізгі 
қағидалар:

қол қимылы – сөйлеген сөзге сәйкес келуі; 

қимылдың ұстамды болуы; 

қимыл болмаса – сіздің шектеулігіңіз; 

ым-ишарат – біздің ниетіміздің айғағы. 
Жалпы, денемізді ұстай білуіміз және басқа да іс-қимылымыз рухани ізгіліктің 
айғағы. Ең алдымен, қолымызға ие бола білуіміз керек. Қолды қалтаға салып алып 
сөйлескен немесе тырнақты тістелеген әдептілікке жатпайды. Аяқты да тыныш ұстаған 
дұрыс, отырғанда аяқты бір-бірінің үстіне қоймаңыз. Әдемі жүріс ерлерді де, қыздарды да 
әрлендіре түседі. Сол себепті әдемі жүріске, өзіңізді тік ұстағанға дағдылану қажет. Аяқты 
бір-бірінен алшақтатып тұру әдептілікке жатпайды. Қолды да оңды-солды сермеген жат 
қылық болып табылады. 
Сұхбат кезінде қол қимылы назардан тыс қалмасын. Тізені қолмен құшақтап алып 
тербелген дұрыс емес. Әңгіме барысында қолыңызбен басқаның затын, түймесін немесе 
жеңін жұлқылап мазаламаңыз. Әңгіме кезінде өзіңіздің әшекейіңізді ұстамағаныңыз, 
жүзігіңізді немесе шашыңызды түртпегеніңіз дұрыс. 
Әріптестер тарапынан жасалынған құрметтілік, ым-ишаратын байқамау немесе 
ізеттілік сөзін ескермеу қасақана сыйламағандықпен пара-пар. 
Сыртқы мәдениеттің киім сияқты құрамдас бөліктерінде де жалпы қабылданған 
ережелерді орындау – адамға өзін ыңғайлы сезінуге ғана емес, сонымен бірге оған 
жүктелген әлеуметтік функциялар және рольдерді лайықты орындауға мүмкіндік береді, 
яғни, «Басқалар сені сыйласын десең, өзіңді өзің сыйла», «Егер өзіңе қызығушылық 
танытқың келсе басқаларға қызығушылық таныт» (Адольф Книгге) деген қағидаларды 
жадыңызда сақтаңыз. 
Киім кию әдебіне келетін болсақ, қатаң іскерлік костюмде болған дұрыс, киім 
ұқыпты, таза болуы керек, тіпті аздап тақуалық қажет. Келіссөздер барысынында 
пиджакты шешпейді және галстукті тым босатпайды. Шұлық таза, жаңа болғаны дұрыс, 
өйткені кейбір жағдайда үйге немесе дәстүрлі жапондық мейрамханаға аяқ-киімсіз кіру 
әдетке айналған. 
Халықаралық қатынастарда да әріптестермен байланысты нығайтуда ұқыптылық 
өте маңызды. Сол себепті кездесуге уағдаласқан уақытта келу екіжақты сенімділікті 
нығайта түседі. Егер белгіленген уақытқа кешігетін болсаңыз алдын ала ескерту қажет, 
қанша уақытқа кешігетін болсаңыз, сонша уақытқа кездесуді қысқартыңыз, өйткені 
әріптесіңізде алдын ала басқа да істер белгіленуі мүмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет