Сурет 2.2.3 Түлкі – Лисица - (лат. vulpes pilum)
Үлкен сарышұнақ – Большой суслик(лат. Spermophilus) - Қазақстанда далалық аймақтар мен шөл, шөлейтті аудандарды мекендейтін 6 түрі (зорман, ұзынқұйрықты сарышұнақ, үлкен сарышұнақ, қызылұрт сарышұнақ, кіші сарышұнақ және реликт сарышұнақ) бар. Бұлардың тұрқы 14 — 40 см, құйрығының ұзындығы4 — 25 см, салмағы 100 — 150 г. Жалпы түсі — сарғыш-сұр, жотасы қоңырқай тартқан, жүні жұмсақ, қалың. Құлақ қалқаны кішкентай, көзі үлкен, алдыңғы аяғы төрт саусақты, артқы аяғынан қысқалау, артқы аяғы бес саусақты. Жоғ. жақ сүйегінің оң жағында да, сол жағында да 5 азу тісі, төм. жағында 4 азу тісі болады. Тіршілік әрекеті көбінесе күндіз басталады, ін қазады. Жылына 6 — 9 ай ұйықтайды. Шөптесін өсімдіктермен, кейде жәндіктермен қоректенеді. Жылына 1 рет көбейіп, 2-ден 14-ке дейін ұрпақ әкеледі. 5 — 6 жыл тіршілік етеді.(Сурет2.2.4) Сарышұнақ — дәнді дақылдардың зиянкесі, оба, сарып ауруларын таратады.
Түркістан өңірінде бұл сарышұнақтың кескіні- далада тұрған «дінгек» сияқты, кез-келген адамға таныс. Сарышұнақ кез-келген жыртқыштың күткен олжасы, себебі барлығының күші жетеді. Қазақстанда жылында 2 млн-ға жуық сарышұнақ, терісі дайындалады.
Достарыңызбен бөлісу: |