2.2 Түркістан ауданындағы терісі қымбат аңдар фаунасының негізгі өкілдеріне сипаттама
Аңлылар сүтқоректілер негізінен құрлықта өмір сүреді алайда, қарасусар, кәмшат – тұщы су қоймаларында, ал сукәмшат – теңізде тіршілік етеді. Бұлардың көпшілігі бағалы үлбірі үшін ауланады.
Қасқыр тұқымдастарына – шибөрі, қасқыр, қарсақ, түлкі, қызыл қасқыр жатады. Қасқырдың аталығын – «арлан», «көкжал», «бірішек», «сыртан» деп атайды. Қызыл қасқыр да Қазақстанның қызыл кітабынан орын алған. Қасқыр тұқымдастар – нағыз аңлы жануарлар, олар жемін соңынан қуып жүріп немесе тасада жасырынып аутістері өте күшті дамыған. Бұлар - өте иісшіл. Қазіргі уақытта қасқыр тұқымдастардың 35 түрі тіршілік етеді. Олардың 4 түрі біздің Түркістан аймағында мекендейді. Асыранды иттен бастап, қасқыр, түлкі, қарсақ, ши бөрі қасқыр тұқымдас жануарлар болып табылады.
Қасқыр – Волк - (лат. Canis lupus) ит тұқымдасына жататын жыртқыш. Дене тұрқы 106-165 см, салмағы 35-55 кг. Арландарының салмағы 80 кг-ға дейін жетеді. (Сурет 2.2.1) Жазда қоңыр сұр, қыста жүні қалың, ақшыл сұр түсті, 15-16 жыл өмір сүреді. Қасқырлар қыстың бас кезінде 10-13-тен топтанып, ұйыққан кезінде екі-екіден жүреді.
Достарыңызбен бөлісу: |