Сурет 2.2.2 Қарсақ – Карсак - (лат. 'Vulpes corsac')
Дене тұрқы 46 – 56 см, құйрығының ұзындығы 25 – 35 см, терісі бағалы аң.Қарсақтың түлкіден айырмашылығы: құлағы ақ, үлкен тұмсығы сүйір болады.Қазақстанның шөл-шөлейтті жерлерінде кең тараған.Өсімдікке бай ойпаң мен аңғарлы сайларды, тау етегін мекендейді. Қарсақ – өте бағалы терісі үшін ауланып келе жатқан кәсіптік маңызы бар аң. Қарсақ – құтыру мен оба ауруларын таратушылар
Түлкі – Лисица -(лат. vulpes pilum) - қасқырмен бір тұқымдасқа жатады, дене мөлшері кішілеу (Сурет 2.2.3) Бұлар ұсақ кеміргіштермен көбіне тышқандармен қоректенеді. Түлкі – терісі бағалы аң. Қазақтың атақты бас киімі «тымақ» түлкі терісінен жасалады. 50-60 жыл бұрын Қазақстанда жылына 100 мың түлкі терісі дайындалатын, ал 1985 жылы 2 мыңнан аспады.