Дипломдық ЖҰмыс 05011300 «Биология»


Аң терілерін өңдеу технологиясы және сапасын арттыру жолдары



бет46/83
Дата07.02.2022
өлшемі2 Mb.
#24990
түріДиплом
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   83
Байланысты:
Камила диплом (1)

2.3 Аң терілерін өңдеу технологиясы және сапасын арттыру жолдары
Біздің әлемді мекендейтін терісі бағалы аңның мына төмендегі түрлері жиі ұшырасады: Қоян, түлкі, қасқыр, шүйебөрі, борсық, ондатр, тау тышқаны. Осы аталған аң терілерін қандай жолдармен және тәсілдермен арттыруға болады деген мәселені жан-жақты қарастырдық.


  1. Қоян терісі негізінде асыранды қояндардың әртүрлі тұқымдарынан және жабайы түрлерінен алынады. Былғары өнеркәсібі және орта-кіші кәсіпорындар үшін қоян терісі ең негізгі шикізат түрі болып саналады. Республиканың солтүстік және орталық облыстарына қарағанда оңтүстік өңірлерде қоян шаруашылығы біршама дамыған. Бұрынғы одақ кезінде оңтүстік өңірлерден қоян терісінің 82%, орталық өңірлерден 11-12%, ал солтүстік өңірлерден 15%-ға жуығы дайындалған. Оңтүстікте өсірілетін қоян терісіне қарағанда солтүстікте өсірілетін қоян терісінің сапасы едәуір жоғары. Өйткені түбіті өте қалың. Негізі қоянның жүні өте жұмсақ түбіт аралас, майсыз өте жұқа тері. Қоянның ұрғашыс еркегінен үлкендеу болады. Ұрғашысының терісі жұқа, ал еркегінің терісі ұрғашысынан қалындау. Ұрғашысының терісі еркегінің терісінен үлкендеу келеді.

Қоян солтүстіктің ор қоянынан кішілеу. Оның құлағы мен жағы едәуір қысқа, қалың мұртты. Денесінің ұзындығы шамамен 46-62 см, құйрығы қысқа, тұтастай ақ түсті. Құлағының ұшы қара түсті. Салмағы - 2-8,5 кг. Көпшілігінде қоянның жүні қысқа ақ немесе сұрғылттау, тек құлағының ұшы ғана қара түсті, ал жазда қызылқоңыр, қарақоңыр келеді. Қояндар әсіресе түнге қарай белсенді әрекет етеді. Жазда көк шөппен, тамырмен, қыста ағаш қабықтарымен қоректенеді. Жылына 1-3 рет көжектейді. Бір көжектегенде 1-7 көжек табады. Туған көжегі өте ширақ келеді.

Ор қоянның жүні жұмсақ, құлағының ұшы қара. Құйрығының жоғары жағы қара, бүйірі ақ. Ор қоян өте кең тараған типтің бірі. Денесінің ұзындығы — 60 см, құйрығының ұзындығы — 9 см. Салмағы орта есеппен 3-5 кг. Жүні үлпілдек, мойын, иық жүндері едәуір қызғылттау. Ұрғашысы еркегінен ірілеу. Құлағы ұзын, ұшында қара теңбілі бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет