2.Түлкі терісі көбінесе жабайы өсетін түлкілер мен аңшылық шаруашылықтарында бағылатын түлкілерден алынады. Бұл терілер ұзын жүнділерге жатады. Түлкілердің, әсіресе, бағыттаушы талшықтары ерекше ұзын (82 мм-ге дейін) келеді. Бағыттаушы талшықтары қоңырқай, қара түсті. Түлкінің қылшық талшықтарының ұшында ақшыл түсті сақиналы бұйрасы болады. Қызыл түлкіде ол жиірек, сары немесе ақшылдау түсті, ал жылтыр қара түстіде шымқай ақ. Жалпы, түлкі терісін табиғи түсіне қарай қызыл, қара-қоңыр және жылтыр қара деп бөледі. Еркегі ұрғашысынан ірірек, терісінің жүні жұмсақ, түбіт аралас майлы. Қысқа қарай жүніндегі түбіт саны көбейіп, жазға қарай түлеп, түбіті азаяды. Еркегінің терісі ұрғашысының терісінен үлкендеу, әрі терісі қалыңдау және сезім мүшелері жақсы жетілген, көзі үлкен, кез келген қозғалысты аңғарады.
Қасқыр терісі.Қасқыр терісінің жұмсақтығы, үлпілдектігі, жүнінің қоюлығы мен түсі, сондай-ақ терісінің аумағы көбінесе мекендеген жеріне байланысты. Бұлардың сібірлік қасқырдан айырмашылығы - денесі шағындау, әрі жүні қысқалау. Құйрығы онша үлкен емес. Орта Азияның таулы аудандарында мекендейтін қасқырлар терісінің жүні өскелең, жұмсақ, бірақ сирек, түсі ақшыл-сұр, жота жүні қоңырқай, бүйірі мен бауыр жүні ақшыл. Орта Азиядағы далалық қасқырлардың терісі ұсақ, жүні көрікездеу, қатқылдау. Жотасы сұрғылттау сары, бауыры ақшыл-сұр түсті. Терісінің жүні талшық пен түбіт аралас, майлы. Жазда қоңыр-сұр, қыста жүні қалың, ақшыл-сұр түсті болады. Қыста түбіт саны артып, жазда түлеп азаяды. Сондықтан қасқырды қыста ұстаған жөн. Қыста ұстаса, терісінің сапасы жақсы болады.
Достарыңызбен бөлісу: |