Дипломдық ЖҰмыс 05011300 «Биология»



бет53/83
Дата07.02.2022
өлшемі2 Mb.
#24990
түріДиплом
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   83
Тазалау дегеніміз - кептірілген терілерді тазалау. Қоянның терісі егер таза сойылса, тазалауды қажет етпейді

2.Түлкі сою. Түлкіні тазымен, қақпанмен, тұзақпен аулап, ұрып немесе мылтықпен атып алады. Сою үшін тұмсығынан ұстап, басын шалқайтып, өткір пышақпен тамақтың түбінен тік төмен қарай тіліп бауыздайды. Сонан кейін түлкіні шалқасынан жатқызып, артқы тесігінен құрсаққа дейін, құрсақтан артқы аяғының ұшына дейін тіледі. Екіншісін де дәл солай етеді. Құйрық терісін ұшына дейін пышақпен шығарады. Барлық тілікті түзу жүргізеді. Сонан соң артқы аяғының терісін ажыратуға кіріседі.

Терісін сыпыру. Түлкі терісін көбінесе шұлық, құбыр, қапшық тәріздес және жазық (кілем тәріздес) етіп сыпыруға болады. Түлкінің артқы аяғының терісін ажырату үшін әуелі тұяқ төбесінен айналдыра кесіп алады, келесі аяқты да осылай істейді. Сонан соң терісін аяқтан ажыратып, аяғын іліп, терісінсыпыра бастайды. Сыпырған тері алдыңғы аяғына келіп тіреледі. Алдыңғы аяғының терісін абайлап, аяғынан ашып алады. Екінші аяғын да дәл солай етеді. Ал, түлкі терісін сәндік ретінде іліп қою үшін тұяғын тырнағымен кесіп алады.

Ең соңында бас теріге келіп тіреледі. Бас теріні сыпыру біршама қиын. Оны сыпырар алдында, құлақ тесігінен езуіне дейін тіледі, бұдан кейін астыңғы жағының терісін алады, сонан соң желкесінен құлақ қалқанының ұшына дейін тіліп, бет терісін, ең соңында тұмсық терісін сыпырады. Түлкі терісін сыпырудың жазық түрі көрсетілген.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет