8Е минералды қоректік орта, құрамы (г/л дистилденген су): (NH4)2HPO4 – 1,5;
KH2PO4 – 0,7;
МgSO4·7H2O – 0,8;
NaCl – 0,5;
(қатты қоректік орта болса + агар -20,0. рН 7,0+0,2).
Он еселік сұйылту әдісінің сызба нұсқасы (Кох әдісі)
2 этап. Сиректетіп егу әдісімен таза дақылды бөліп алу Дақылды тұзақпен алып петри табақшасындағы тығыз қоректік орта бетіне штрих бойымен жүргізеді. Әр штрих жүргізу алдында тұзақты спиртшам жалынында залалсыздандырып, алдындағы штрих жолағы біткен жерден жалғастырады. Егілген петри табақшаларын термостатқа қоямыз.
Петри табақшасында өсіп шыққан жеке колонияларды пробиркадағы қиғаш агар бетіне егу жүргізіледі. Дақылы бар тұзақты пробиркаға еңгізіп төменнен жоғары қарай штрих бойымен жүргіземіз.