Мысық тұқымдастарының 8 түрі Қазақстанда таралған. Қабылан, қамыс және шағыл мысықтары, сабаншы, қарақұлақ шөлейтті, шөлді, далалы-аймақтарды мекендейді. Сілеусін таулы алқаптардағы орман ішінде, ілбіс (қар барыс) биік таулы алқапта кездеседі. Барыс мүшелдік жыл санауда 3-жыл. Барыстың аналығы – «таутан», күшігі – «алан» деп аталады. Қар барыс (ілбіс), сілеусін Қазақстанның таулы алқаптарының қорықтарында (Ақсу-Жабағылы, Алматы, Марқакөл, Батыс Алтай) қорғауға алынған. Ертеде қазақстанда жолбарыс кеңінен таралған, қазір жойылып кеткен.
Достарыңызбен бөлісу: |