Дипломдық ЖҰмыс 05011300 «Биология»



бет78/83
Дата07.02.2022
өлшемі2 Mb.
#24990
түріДиплом
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   83
Байланысты:
Камила диплом (1)

Қолқанаттылар отрядының Қазақстанда 27 түрі кездеседі. Түнде белсенді тіршілік етеді. Салпаңқұлақты, ақбауыр жарқанат, қатпар ерінді жарқанат түрлері шағын аймақтарда мекендейді. Саны аз болғандықтан, Қазақстанның Қызыл кітабына тіркелген.

Жұптұяқтылар (ашатұяқтылар) отрядына 190-ға жуық жануар түрлері жатады. Жұптұяқтылардың үшінші және төртінші саусақтары жақсы дамыған. Екінші және бесінші саусақтары нашар жетілген.

Жұптұяқтылар күйіс қайтармайтындар және күйіс қайтаратындар деп 2 топқа бөлінеді. Күйіс қайтармайтындарға шошқалар мен бегемоттар жатады. Қазақстанда жұптұяқтылардың 10 түрі таралған. Көпшілігінің кәсіптік мәні бар. Қазақстанның ірі өзендері мен көлдерінің жағалауындағы тоғайда, орманды жерлерде доңыз (жабайы шошқа) кеңінен таралған.



Доңыз мүшелдік жыл санауда 12-жыл. Қолда өсірілетін үй шошқаларының арғы тегі – осы жабайы шошқа. Аталығы – «қабан», аналығы – «мегежін» (көшіл), төлі – «торай» деп аталады. Қазақстанның алтай алқабындағы орманда құдыр кездеседі. Елік, бұғы, бұлан таулы алқаптардағы орманды, өзен, көл жағалауындағы бұталар мен ағаштар арасын мекендейді. Қазақстанда арнайы бұғы өсіретін шаруашылықтар Шығыс Қазақстан облысы Қатон-Қарағай ауданында шоғырланған. Бұғының мүйізінен қымбат бағалы дәрілер дайындалады. «Бұғы» - деп аталығын, «марал» - деп (кейде «миғақ») аналығын, ал «қодыға» - деп төлін атайды. Еліктің аталығы – «күлміз», аналығы – «сөге», төлі – «еңлік» (лағы) деп аталады.

Қазақстанда таралған қуысмүйізділер тұқымдасына қарақұйрық, ақбөкен, таутеке, арқар, үстірттің жабайы қойы жатады. Кең байтақ даламыздың көркі – ақбөкен. Оны «сахараның ботакөзі» деп ерекше дәріптейміз. «Жезкиік» сөзі оның жазғы түгінің түсіне байланысты айтылады. «Киіктің киесі бар» - деп халық ақбөкенді ерекше қастерлейді. «Құралайдың салқыны», «текебұрқылдақ», «киіктің мойынжуары» деген амалдар ақбөкен тіршілігіндегі ерекше өзгерістерді аңғартады. Қазір ақбөкенді атуға мүлде тыйым салынған.



Қарақұйрық – балқаш, Зайсан, Алакөл, Мойынқұм, Бетпақдала, Қызылқұм, Арал, Үстірт, Маңғыстау аймағында таралған. өте сымбатты аң, бірақ саны аз, қорғауға алынып, Қазақстанның Қызыл кітабына тіркелген. Алтынемел ұлттық табиғи саябағында, Үстүрт, Барсакелмес қорықтарында, Андасай қорықшасында, өзге де жерлерде қорғауға алынған. өзбекстанда Бұқара маңында арнайы тәлімбақта қарақұйрық қолдан өсіріледі.

Қазақстан жерінде сирек кездесетін аң – арқар таулы алқаптарды мекендейді. Ерте кезде кеңінен таралып, көптеп ауланған. «Арқа жайлы болса, арқар ауып несі бар» деген ұғымда терең мән бар. Арқардың қошқарын – «құлжа», төлін – «қозықа» деп атайды. Еліміздің биік таулы алқаптарында таутеке де кездеседі. Арқар қойдың арғы тегі болса, таутеке – ешкінің арғы тегі. Қазақстанда кездесетін арқардың барлық тү тармақтары қызыл кітапқа тіркелген.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет