1. Қатысымды-ақпаратты сөйлеу деңгейі ― бұл жұмыстар «Әліппеге» дайындық кезеңінде жүргізіледі. Мұнда бірінші сынып оқушыларының тiлдiк қатынаста ақпараттарды дұрыс игеруiн, дыбыс, әріп, буын, сөз, сөйлем, мәтін сөздерінің мағыналарын дұрыс түсiнуiн қалыптастырады. Қатысымды-ақпаратты деңгейдiң мақсаты – оқушыларға дайындық кезеңіндегі лингвистикалық мақсатты, тiлдiк заңдылықтардың өзiндiк ерекшелiктерiн меңгерту, үйрету және соның барысында оларды ауызша сөйлеуге дағдыландыру. Қатысымды – ақпаратты деңгей сауат ашу кезеңіне дейін жүргізіліп, диалогтық оқыту әдісі негізінде жүргізіледі. Бұл деңгейде оқушылар өз ойын жеткізуге, сынып алдында сөйлеуге үйренеді. Мұғалім бұл деңгейдегі тапсырмаларды оқушыларды ауызша сөйлеуге дағдыландырады. Осыған орай бастауыш мектеп оқушыларына төмендегідей тапсырмалар беріледі:
1-тапсырма. Өздерінің жанұяларын туралы мәтін құрастырыңдар.
Тапсырманың мақсаты: Оқушылардың ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, сынып алдында өз ойын жеткізуге дағдыландыру.
Тапсырманың тиімділігі: Оқушылар сұрақтарға дұрыс жауап беруге үйренеді.
Тапсырманың маңызы: Оқушылар сұрақтарға жауап беру арқылы сөздерді орынды қолдануды, сөйлем құрауды меңгереді.
«Біздің жанұя » тақырыбына ауызша әңгіме өткізу. Әңгіме сұрақ – жауап арқылы жүргізіледі. Сұрақтар шамамен мынадай болып беріледі:
Сіздің үйде неше адам бар? (Біздің үйде 6 адам бар)
Олар кімдер? (Әкем, шешем, әжем, апам, тәтем, інім, сіңілім)
Әкең не істейді? (Әкем мұғалім.)
Шешем не істейді? (Шешем дәрігер.)
Апаң (әпкең) не істейді? (Апам оқушы)
Ол нешінші сыныпта оқиды? (Апам бесінші сыныпта оқиды.)
Інің нешеде? (Інім алтыда.)
Сіңілің нешеде? (Сіңілім төртте.)
Олар оқуға неше жылдан соң барады? (Інім оқуға биыл, сіңілім екі жылдан соң барады.)
Әжең не істейді? (Әжем үй жұмысын істейді.)
Сен таңертен ұйқыдан сағат нешеде оянасың?
Сен төсектен сағат нешеде тұрасың?
Төсектен тұрған соң не істейсің?
Әжеңе көмектесесің бе?
Үйде қандай жұмыстар істейсің?
Кешке сағат нешеде ұйқтайсың? т.б. жөнінде баларды сөйлетіп, үйретіп, күнделікті режим туралы әңгімелей өткен дұрыс.Ұйқының, таза ауаның, салқын судың, таза жүрудің, ұқыптылықтың пайдасы жөнінде айтылады. Қорытындыда төмендегі сияқты мәтін құрастырылады:
«Менің жанұям»
Біздің үйде 6 адам бар. Олар - әкем, шешем, әжем, апам, тәтем, інім, сіңілім. Әкем мұғалім болып жұмыс істейді. Шешем - дәрігер. Апам, тәтем мектепке барады, олар- оқушылар. Апам бесінші сыныпта оқиды. Інім алтыда. Сіңілім төртте. Інім оқуға биыл барады. Сіңілім екі жылдан соң барады. Әжем үй жұмысын істейді.
Мұндай тапсырмалар оқушыларды тек сөйлетуге ғана үйретіп қоймай, сонымен қатар олардың мәтін құрастыру қабілеттерін де дамытады.
Достарыңызбен бөлісу: |