Дипломдық ЖҰмыс 1-сынып оқушыларының Әліппеден кейінгі кезеңде сөйлеу дағдыларын қалыптастыру әдістемесі


Бірінші сынып оқушыларының айтатын ойларын жинақы әрi толық жеткiзу дағдысы



бет9/28
Дата11.04.2023
өлшемі455 Kb.
#81658
түріДиплом
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   28
Байланысты:
Коптерова Б. диплом жұмысы

Бірінші сынып оқушыларының айтатын ойларын жинақы әрi толық жеткiзу дағдысы. Кіші жастағы оқушылардың ауызша сөйлеу тiлiнде айтылатын ойларына қатысы жоқ сөздер көптеп кездеседi. Кейбiр сөйлемдерде бiр сөз бiрнеше рет қайталанып, оқушының не айтайын деп тұрғанын түсiнiксiз етедi. Ондай кемшiлiктер баяншының ауызша сөйлеу дағдысының төмен екендiгiн көрсетедi.

Бірінші сынып оқушыларының ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыруда олардың айтатын ойларын жинақы әрi толық жеткiзуi үшін маңызды рөл атқарады. Бұл үшiн мынадай мәселелер ескерiлуi керек:

    • Оқушыдан өз ойын шашыратпай, жинақы айтып беруi талап етiледі.

    • Сұрақ-жауап әдiсi арқылы шағын диалог немесе монолог құрғызу жолдары;

    • Қазақ тiлiнен алған бiлiмдерiн мен бiлiктерiн пайдалана алуы.

2. Оқушылар тiлiнiң басқа тілдерден енген таза болу дағдысы. Бірінші сынып оқушылары сөйлеген сөздерiнде басы артық сөздермен қатар, кiрме сөздердi көп қолданады. Оқушылардың ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыруда басы артық, қыстырма сөздердi қолдануларын жою. Оқушылар сөйлеген сөздерiнде жаңағы, сол, сол сияқты, келеятыр, бараятыр, сосынғы, i-i-i-i т.б. жаргон сөздер мен уже, вообще, ну деген сияқты кiрме сөздердi жиi пайдаланады. Мұндай қателiктер бақылау экспериментi кезiнде бірінші сынып оқушыларының сөздерінде жиi байқалды, сондықтан біз жұмысымызда оқушыларының ауызша сөйлеу дағдысын қалыптастыруда төмендегiдей мәселелердi:

  • Оқушылардың сөйлеген сөздерiнде кездескен кiрме сөздердiң қазақша баламасын түсiндiрудi;

  • Оқушыларға асықпай, әр сөзiн орынды қолдану жолдарын үйрету,

  • Күнделiктi көшеде, қоршаған ортасында қолданылып жүрген жаргон сөздердiң зиянын айтып ұғындыруды есте ұстадық.

1. Оқушылардың тiлдiк қатысымда орфоэпиялық заңдылықтарды қатаң сақтауын қалыптастыру дағдысы. Оқушылар сөйлеген кезде орфоэпиялық заңдылықтарды қатаң сақтауы қажет. Бастауыш мектеп оқушыларының сөздерiнде кездесетiн тағы бiр кемшiлiк – оқушылар кiтапта не оқулықта қалай жазылса, сол түрiнде айнытпай оқиды. Бұл дұрыс емес. Мұндай жағдайда сөйлеген сөздiң нақышы кетедi. Бұл тұрғыда Р. Сыздықова төмендегiдей ой қорытқан: «Сөйлеу үстiнде сөздер бiр-бiрiмен « тiл табысып », үндесiп, үйлесiп жатады. Ол үйлесiмдiк үшiн сөздердiң кейбiреулерi бiр-екi дыбысын «сындыруға», өзгертуге, тiптi жоғалтуға дейiн барады. Ал жазылғанда бұлар
« сынбай», өзгермей, жоғалмай тұруы мұмкiн. Сондықтан әрдайым қалай жазылса, сол түрiнде оқуға болмайды. Дұрыс жазу мен дұрыс айту (оқу) әрқашан бiрдей түспейдi. Қалай естiлсе, сөздi солай жазу қандай қате болса, қалай жазылса, сiрестiрiп солайоқу (айту) сондай өрескел қате болып табылады».
Демек біз оқушылардың ауызша сөйлеу дағдысын қалыптастыруда олардың орфоэпиялық заңдылықтарға сәйкес ауызша сөйлеу дағдыларын жетiлдiруді ескердік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет