«БЕКІТЕМІН»
Кафедра меңгерушісі:
«МДжБОТмӘ»
(кафедраның атауы)
Ермекбаев М.Ә._______
(каф. меңг.А.Т.Ә)
«____» ______ 201_ ж.
Дипломдық жұмысты орындауға
ТАПСЫРМА №____
Студент:___Коптерова Базарқан Джумаевна __тобы:_ ЗФИ-19-13кс
(аты-жөні, тобы)
Жұмыстың тақырыбы: 1-сынып оқушыларының Әліппеден кейінгі кезеңде сөйлеу дағдыларын қалыптастыру әдістемесі
Университет бойынша ____________№_______ бұйрығымен бекітілген
Жұмысты аяқтау мерзімі ________________________________________
Жұмысты орындауға берілген мәліметтер: Жұмыстың педагогикалық негіздемесі. Теориялық бөлім. Әдістемелік бөлім. Педагогикалық іс-тәжірибеде байқау, сынау нәтижелері. Қорытынды. Пайдаланған әдебиеттер тізімін жүйелеу.
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫСТЫҢ МАЗМҰНЫ
№
р/с
|
Бөлімдері
|
Беттің саны
|
Орындалған мерзімі
тапсырма
|
1
|
Кіріспе
|
2-3
|
|
2
|
Теориялық бөлім
|
13-15
|
|
3
|
Әдістемелік бөлім
|
18-20
|
|
4
|
Педагогикалық іс-тәжірибеде байқау, сынау нәтижелері
|
9-10
|
|
|
Қорытынды
|
1,5-2
|
|
|
Пайдаланған әдебиеттер тізімін жүйелеу
|
1,5-2
|
|
|
Барлығы
|
30-35
|
|
Ұсынылған негізгі әдебиеттер:
С.Аханов. «Тіл білімнің негіздері», - Алматы: 1997.
Б.Құлмағанбетова «Қазақ тілін оқыту методикасы»,- Алматы: Мектеп, 1998
Ш.Әуелбаева «Бастауыш мектепке қазақ тілін оқыту методикасы» -Алматы: Мектеп, 1997.
Тапсырманың берілген күні «__» ____20__ж.
Дипломдық жұмыстың ғылыми жетекшісі __________Ибрагимова У.Б.
(қолы, аты-жөні)
Тапсырманы орындауға алған студент Коптерова Б.Д.
(қолы, аты-жөні)
Кiрiспе
Зерттеудің өзектілігі: Қазіргі кезде қоғамда түрлі экономикалық-әлеуметтік реформалар жүріп жатыр. Мұндай өзгерістерден орта мектептерде сырт қалмады, себебі бүгінгі күнде білім беру салаларынан тәрбиелі, ұлттық мәдениетті меңгерген, шығармашыл ойлай алатын жастарды даярлау талап етілуде. Осыған орай, мемлекет тарапынан білім беру салаларына реформалауға ерекше көңіл бөлінуде.
Елбасы Н.Назарбаев: Біздің білім беруді, денсаулық сақтауды, ауыл шаруашылығын дамыту бағдарламаларымыз жалғаса береді. Бұл туралы алдағы жылы Үкіметтің алғашқы кеңейтілген отырысында нақты әңгіме қозғайтын боламыз. «Нұрлы Жол» Жаңа Экономикалық Саясат – әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына бару жолындағы біздің ауқымды қадамымыз [1, 2-3 б.].
«Білім беру реформасы - Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың бірі» - деп, білім беру жүйесінде жүргізіліп жатқан реформалар бүгінгі күннің талабынан туындап отырғанын атап көрсеткен. Сондықтан «...экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін» жас өскелең ұрпақты тәрбиелеп шығару оқушылардың ана тілінде шешен сөйлеуі, өз пікірін жүйелі жеткізуіне байланысты. Ал мұның іргетасы бастауыш сыныптарда қаланады.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейiнгi бiлiм берудi дамыту Тұжырымдамасында бастауыш мектепте бiлiм берудiң маңыздылығын атай келiп, қазақ тiлiн (ана тілін) оқытудың басты ұстанымдарын: «Бастауыш мектептiң негiзгi мiндетi – баланың жеке басын бастапқы қалыптастыруды қамтамасыз ету, оның қабiлеттерiн анықтау және дамыту. Осы сатыдағы оқу мен тәрбие оң уәждi қалыптастыруға, оқу қызметiн бiлуі, оқу, жазу, санаудың берiк дағдыларын үйренуге, тiлдiң қарым-қатынастық қарапайым тәжiрибесiне, өзiн-өзi шығармашылық тұрғыдан таныта бiлуге бағдарланады», - деп белгiленген.
Бастауыш мектептiң қазақ тiлi сабағында жеке тұлғаны қалыптастыру оқушының өз ой-пiкiрiн ана тiлiнде еркiн, дұрыс, түсiнiктi жеткiзе бiлуден басталады. Оқушы айтайын деген ойын, бiрiншiден, жасқанбай жеткiзе бiлуi; екiншiден, сөйлемдердi дұрыс та нақты құрастыра алуы; үшiншiден, сөйлеу мәдениетiнiң алғашқы қарапайым элементтерiн меңгеруi; төртiншiден, қоршаған ортаға сай қарым-қатынас жасай бiлуі тиiс. Сайып келгенде, осының бәрi, Тұжырымдамада көрсетiлгендей, тiлдiк қатынастың басты қағидалары мен ұстанымдарын менгерудi қажет етедi. Сондықтан бастауыш мектепте қазақ тiлiн Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сұранысына орай оқытып, қатысым арқылы балалардың ауызша сөйлеу дағдысын қалыптастыру өзектi мәселеге айналып отыр. «Тіл және әдебиет» білім саласына енетін пәндер: «Сауат ашу (оқу, жазу)», «Әдебиеттік оқу», «Қазақ тілі», «Қазақ әдебиеті» (қазақ тілінде жалпы білім беретін ұйымдар үшін, оқыту тілі қазақ тілінде емес жалпы білім беретін ұйымдар үшін), «Орыс тілі», «Орыс әдебиеті» (орыс тілінде жалпы білім беретін ұйымдар үшін), «Орыс тілі», «Орыс әдебиеті»
(қазақ тілді және басқа да орыс тілді емес жалпы білім беретін ұйымдар үшін), «Шетел тілі» [2, 15 б.].
Қазіргі кезеңде білім беру салаларында жаһандану үдерісі жүріп жатыр. Осы үдеріс арқылы бастауыш мектепте қазақ тілін оқыту әдістемесіне жаңа инновациялық технологиялар көптеп енуде. Әлемдік педагогиканың озық тәжірибелерін ұлттық педагогикада сапалы қолдану - бүгінгі күннің аса маңызды мәселелерінің бірі болып отыр. Ендеше, 1 сынып оқушыларының ауызша сөйлеу дағдыларын интерактивті әдістер, диалогті оқыту т.б. технологиялары арқылы қалыптастыру мәселесі оқушылардың жеке тұлғалық қасиеттерін тәрбиелеумен, олардың пәнге деген қызығушылықтарын арттырумен сабақтасуда. PIRLS (оқу деңгейі мен сапасын салыстыру, әлем елдеріндегі бастауыш мектеп оқушыларының мәтінді түсінуі) [3, 45 б.].
Халқымыздың ардақты ұлдары, өз елін прогресс жолымен алға қарай бастаған Шоқан, Абай, Ыбырайларда сол дәуірдің - қазақ даласында орыстың озық әдебиеті мен мәдениеті ізгі әсерін жая бастаған дәуірдің –жемісі болды. Өткен ғасырда Қазақстандағы қоғамдық ой- пікірлердің даму тарихы, негізінен алғанда осы есімдермен тығыз байланысты. Бастауыш мектеп оқушыларының тілін дамыту мәселесіне Ы.Алтынсарин, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов т.б. ұлы педагогтар өз кезінде ерекше көңіл бөлген болатын. Бірақ, қазақ мектептеріндегі тіл дамыту мәселесі әсіресе егеменді ел болғаннан кейін ғана ғылыми зерттеу пәніне айнала бастады. Бұл жөнінде бастауыш мектеп оқушыларының тілін дамытуға арналған С.Рахметова, Т.Әбдікерімова, Г.Уаисова, Ә.Жұмабаева т.б. сияқты ғалымдардың зерттеулері мен еңбектерін түрлі кітапшалар, мақалалардың жарық көргенін айтуға болады. Дегенмен, кіші жастағы оқушылардың ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыру әдістемесі күні бүгінгі күнге дейін ғылыми тұрғыда зерттелген жоқ [4, 147- 148 б.].
Оқушылардың ана тілінде өз сөзін түсінікті, тартымды жеткізу дағдылары нашар қалыптасқан. Мұны мектеп бітіріп келген оқушылардың сөйлеу деңгейінен-ақ байқауға болады. Сонымен қатар, бөбектердің мектепке алты жастан қабылдануы да бұл проблемаға орасан зор көңіл бөлуді талап етіп отыр. Оқушылардың сөйлеу дағдысын кіші жастан бастап қалыптастыру жөнінде ғылыми зерттелген әдістеменің жоқтығы мұғалімдерге қиындық туғызуда. Оқушылардың өз ойын дәл, сауатты жеткізе алмауы осы жұмыстың мектепте жүйесіз, мақсатсыз жүргізілуінде. Мұның барлығы зерттеу тақырыбының өзектілігін көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |