Тапсырманың мақсаты: Оқушылардың ауызша сөйлеу дағдыларын дамыту, сөздік қорын жетілдіру.
Тапсырманың тиімділігі: Оқушылар суреттегі оқиға бойынша мәтін құрастырады.
Тапсырманың маңызы: Оқушылардың байқағыштық қабілетін жетілдіріп, олардың қиялын дамыту.
2 –тапсырма.
Тапсырманаың мақсаты: Оқушылардың ауызша сөйлеу дағдыларын дамыту, сөздік қорын жетілдіру.
Тапсырманың тиімділігі: Оқушылар суреттегі оқиға бойынша мәтін құрастырады.
Тапсырманың маңызы: Оқушылардың байқағыштық қабілетін жетілдіріп, олардың қиялын дамыту.
Оқушыларға мәтін беріліп, осы мәтіннің мазмұнын бір-ақ мақалмен жеткізу тапсырылды.
Арыстан патша бәйге жариялапты. Бір қазан суды қайнаттырып:
- Осы суды кім ішіп қойса, көп сыйлық беремін — деп
шарт қояды.
Аңдар бірінен соң бірі келіп, қып-қызыл ошақта сақырлап тұрған қазанды көріп қорқады. Қоян келіп, қазанды тік көтеріп алып:
- Ыстық ішуді жаным сүйеді, — деп жан-жағына қарайды. Сонан соң ұзыннан-ұзын тізіліп тұрған аңдарды жағалап жүріп:
- Мінеки, достарым, мынау ыстық су, көздеріңмен көріңдер! — деп басқасына көрсетіп шығады.
Қоян аңдарды түгел аралап шыққанша, қазандағы су да суып қалады. Сонан соң қоян суды басына бір-ақ көтеріп, сіміріп салады. Шошынған аңдар ауыздарын ашып, көздеріп жұмыпты.
Ал алданған арыстан қоянға көп сыйлық беріпті.
(«Балдырғаннан»).
Бұл тапсырмада оқушылар мынадай шығармашылдық жұмыстар жасады:
Балалар пікір-талас құруға дағдыланды.
Олар пікір-талас арқылы сөйлеуге дағдыланды.
Тапсырмада берiлген сұрақтарға жауап iздеп, өзiндiк пiкiр айтуға тырысты.
Кіші жастағы оқушылардың ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыруда диалог- сұхбаттың маңызы зор. Диалог- сұхбат арқылы оқушылар екiншi адаммен әңгiмелесуге, айтылып тың тақырып бойынша ары қарай жалғастыруды үйрендi.
Тапсырманы орындау арқылы оқушылар мынадай дағдыларды игердi:
Ауызша сөйлеуге дағдыланды.
Өзi құрастыратын мәтiннiң жобасын жасауға дағдыланды,
Шығармашылыққа үйрене бастады.
Екiншi адаммен сұхбат жүргiзудi үйрендi.
Мыс:
3-тапсырма. Бiр сөздiң құрамынан әрiптердiң орнын ауыстырмастан басқа, бiрнеше сөз шығаруға бола ма? Болса мысал келтiр. (Жан, у, ар, темiр, қаз, ық). Жануар, темірқазық.
Достарыңызбен бөлісу: |