Зерттеу әдістері: ғылыми, әдістемелік әдебиеттерді талдау, модельдеу, жіктеу, зерттеу жұмысында анықтаушы және дамытушы эксперименті Г.Т.Хоментаускастың «Отбасының суреті» әдістемесі, А.Я.Варга мен В.В.Столиннің ата-аналардың балаға деген қарым-қатынасын анықтайтын тест – сауалнама әдістемелері қолданылды. Статистикалық (зерттеу нәтижелерін математикалық өңдеу). Сондай-ақ, зерттеу жұмысында отбасы мен МДҰ-ның бірлескен жұмысын жетілдіруге бағытталған арнайы әдістемелік нұсқаулар, ата-аналарға арналған семинарлар арқылы қалыптастыру көрсетілді.