Дипломдық ЖҰмыс 5В010100 «Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу»


Кіріспе Зерттеудің өзектілігі



бет3/44
Дата07.01.2022
өлшемі45,31 Mb.
#18300
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44
Кіріспе

Зерттеудің өзектілігі: Қазақстан Республикасы Ата Заңының 27 баптың 2-ші тармағында «Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу ата-ананың табиғи құқығы әрі парызы» [1, 45-46 б.] делінсе, «Баланың құқығы жөніндегі конвенцияда» отбасында баланың құқығын қорғау, оған қамқорлық жасау көрсетілген[2], «Қазақстан-2030» бағдарламасында «әкелер мен аналардың, аталар мен әжелердің өз балалары мен немерелері алдындағы жауапкершілігін күнделікті есте ұстауға тиіспіз. Біз өз балаларымыз бен немерелерімізді сонау алыс болашақта, олар біздің жасымызға жеткенде қандай күйде көргіміз келеді» делініп, ұрпақ тағдыры мен мемлекет тағдыры қатар қойылған[10,25-26 б.]. Барлық кезеңде де ата- аналардың басты мақсаты дені сау, ұлттық сана- сезім оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, иманды, инабатты, еңбекқор, іскер, ұлтжанды, бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан тұлғаны тәрбиелеу болып табылады. Демек, балаға дұрыс бағыт беретін үлкен, мықты тәрбие ошағы-отбасы деп саналады.

Мектеп жасына дейінгі тәрбие туралы мәселені ең алғаш қарастырғандардың бірі – чех ғалымы Ян Амос Коменский болды (1592-1670). Ол туғаннан 6 жасқа дейінгі балалар тәрбиесін арнайы қоғамдық мекемелерге емес, отбасына – «аналар мектебіне» жүктеді. Я.А.Коменский аналар мектебінде балалардың дене, адамгершілік, ақыл-ой дамулары жүзеге асады дей келе, сол кездің өзіне баланың сөйлеуінің, тілінің дұрыс шығуы анаға байланысты деп, аналарға үш жастан бастап балаға дыбыстарды дұрыс, таза айтуды үйрету керектігін айтты. Отбасындағы бұл тәрбие шаралары ойын түрінде жүзеге асуы керек деген де Я.А.Коменский болатын [3].

Келешек ұрпақ тәрбиесіне үлкен мән беріп, балаларды ата-баба дәстүрінде тәрбиелеуді мақсат тұтқан қазақ отбасылары баласын мәдениеттілікке, зерделілікке баулып, халқының мәдениеті мен әдет-ғұрпын тәрбиенің бұлжымас құралы ретінде ұстаған. Бұл ретте қазақ ауылындағы отбасы тәрбиесі, мектепке дейінгі тәрбие туралы ең алғаш еңбек жазған Н.Құлжанова (1887-1939) болды. Н.Құлжанованың тәлім-тәрбиелік пікірлері медицина ғылымымен сабақтасады. Бұл жәйт автордың «Бала күтімі – баланың өміріне күн сәулесі мен таза ауадай аса қажет», «Баланың аурулары» т.б. мақалаларынан жақсы байқалады. Автор тәрбиені бала жөргегімен бастауды ұсына келіп, өзі түйіндеген тұжырымның негізі етіп: «Тәні саудың – жаны сау» деген халық даналығын алады. Н.Құлжанова мектепке дейінгі тәрбие мазмұнының, мақсатын баяндай келіп, баланың қимыл-қозғалысына, сезім мүшелеріне, сөйлеуін жетілдіру жолдарына тоқталады[5]. Жалпы қазақ отбасы тәрбиесіне, ұрпағының жан-жақты болып өсуіне айрықша мән берген халық. Баланы қайратты, қайырымды, ақылды, өнерлі, әділ адам етіп тәрбиелеу - әр уақытта қазақ отбасындағы басты мәселенің бірі болған.

Отбасындағы тәрбиенің тиімді болуы оңдағы қарым-қатынас түрлерінің орнығуына байланысты. Үлкенді құрметпен өнеге тұту, одан үлгі алу, біріккен шығармашылық еңбек етуді, белсенді іс-әрекетке баулуды дәстүрлі мерекелер, ұлттық өнер, ойын сайыстары арқылы жүзеге асыру. Осы жұмыстарды мектепке дейінгі мекемемен бірлескен жұмыстар арқылы іске асырса нұр үстіне нұр болмақшы.

Республика көлемінде мектепке дейінгі тәрбие жұмысын ұйымдастыру мәселесіне А.К.Меңжанова, М.С.Сәтімбекова, Ә.С.Әмірова, Ф.Н.Жұмабекова, ал балалардың даму ерекшеліктеріне Қ.Т.Шериязданова, Г.М.Қасымова, Ұ.И.Ауталипова т.б. ғылыми жұмыстар арналды [7, 8, 9, 10, 11].

Дегенмен де, қазіргі кезде ата-аналар мен мектепке дейінгі ұйым арасындағы бірлескен жұмыстың өзіндік ерекшеліктерін қарастырған еңбектер жоқтың қасы. Ата-анамен балабақша арасындағы тығыз қарым-қатынас, бірлік, ынтымақ жарасым тапқан жағдайда оның бала тәрбиесіне тигізетін ықпалы да нәтижелі болмақ. Сондықтан біз, зерттеу жұмысымыздың тақырыбын «Мектепке дейінгі ұйымдардағы ата-аналармен жұмысты ұйымдастыру ерекшеліктері» деп белгіледік.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет