1.2 Баланың тұлғалық дамуына басшылық жасауда ата-ананың рөлі
Мектеп жасына дейінгі бес-алты жас аралығы-баланың жеке тұлға болып қалыптаса бастайтын, оның барлық таным үрдістерінің қарқынды дамып, мінез-құлық нормаларын игеретін кезең болғандықтан, отбасының жалпы жағдайы бала психологиясына міндетті түрде өзінің әсерін тигізбей қоймайды. Отбасы — адам баласы үшін ең жақын әлеуметтік орта. Онда бала алғаш рет өмір жолымен танысады, моральдық нормаларды игереді. Сондықтан отбасылық өмір — жеке тұлғаның азамат болып өсуінің негізі. Адам өмірінде балабақша, мектеп сияқты қоғамдық орталар қалыптасқан. Дегенмен, отбасы ғасырлар бойы қоғамдық өмірдің, тәрбиенің ең басты әлеуметтік ортасы болып табылады. Отбасы тәрбиесі — бұл қоғамдық тәрбиенің бір бөлігі, мемлекет алдындағы ата-аналар борышы.
Мәселен: Р.Н.Нұрғалиевтің 1996 жылы жарық көрген философиялық сөздігінде; «Отбасы-әлеуметтік қауымдастықтың түрі, ерлі-зайыпты одаққа және туысқандық байланыстарға, яғни ері мен әйелінің, ата-аналарымен балаларының, аға-інілерімен апа-қарындастарының бірге туып, ортақ шаруашылық жүргізуі, туысқандарының арасындағы сан алуан қарым-қатынастарға негізделген жанұя тұрмысы» деп айтылса [14], Ж.Қоянбаевтың педагогикалық еңбегінде: «Отбасы – ол бірге тұратын некеге негізделген немесе қандас туыстар (әке, ана, бала...) тобы» деп анықтама берілген[19].
Отбасы - адамзат қоғамының ең шағын бейнесі. Қоғамда отбасы екі қызмет атқарады, оның бірі — дүниеге ұрпақ әкелу, екіншісі — дүниеге келген сәбиді тәндік жағынан дамытуды қамтамасыз етіп, өмір бойы рухани жағынан жетілдіріп, оны тұлға ретінде қалыптастыру. «Баланың құқығы жөніндегі конвенцияда» отбасында баланың құқығын қорғау, оған қамқорлық жасау қажеттігі көрсетілген[12].
Отбасы тәрбиесі коғамдағы өзгерістермен тығыз байланысты, сондықтан ол коғам мүддесіне қызмет етуі тиіс. Отбасы - ең алғашкы тұлғаны дамытатын әлеуметтік орта. М.С. Макаренко ата-анаға арналған кітабында: «Бала тәрбиесінде сіздің іс-қимылыңыздың өзі шешуші рөл атқарады» деген[13].
Қоғамдық өмірдің негізін екі бағыттан қарауға болады.
Ол қоғамдық өмірдің алғашқы тәжірибесі ата-ана, туысқандар арқылы қалыптасады. Ал, екінші бағыт басқа отбасыларды бағдарлау арқылы қарым-қатынас барысында қалыптасады.
Әрине, бұл мәселе жауапкершілікті талап етеді. Ол баланың мінез-құлқы, білім алу қабілеті, ересектермен және замандастарының карым-қатынасына тығыз байланысты. Сондықтан мектепке дейінгі мекеме және отбасы ынтымақтастығын құру алдағы басты міндет болуы тиіс.
Алайда, әртүрлі сұрақтар туындайды. Мәселен, алға қойған айқын мақсат қандай болу керек? Кандай әдіс-тәсілдер тиімді болмақ? Алға қойған мақсатымызды ата-аналармен, балалармен қандай мүмкіндікте іске асыра аламыз?
Соңғы кездерде баланы отбасында тәрбиелеудегі үлкен қиыншылықтар өмір шындығынан алынған нақты дәлелдер негізінде жазылып жүр. Кейбір отбасында тосыннан ата-анасының сорына, жалқау, өтірікші, қомағай балалар, ұятсыз қылықтарға, бұзақылыққа бейім, адамшылық қасиетке жат басқа да қылықтар істейтін балалар өсіп жүр. Баланы отбасында тәрбиелеу үрдісінде ата-аналарға кездесетін толып жатқан сан алуан қиындықтармен байланысты мәселелердің бәріне бір ғана баспа мақаласымен жауап беру оңай емес. Кездесетін қиындықтарды жеңу жолдарымен құралдарын көрсету үшін солардың кейбіреуін алуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |