Қажетті көрнекіліктер: 1 .Командаларға белгілер
2.Карточкалар
З.Үлкен және кішкентай түймелер
Балалар бір-бірінің артынан қатарласып тұрады да келіп арнайы қойылған отырғыштардың қасына тұрады да, қол ұстасып жылы сөздер айтып күлімдейді. Ата-аналар бір қатармен келіп балаларының артына екінші қатар болып түрады.
І.Еңбек туралы әңгіме.
1. Еңбекті не үшін істеу керек?
2. Еңбектің қандай түрлерін білесіңдер?
З.Еңбек калай бағаланады?
4.Балалар үйде қалай көмектесесіңдер?
Жауаптары саналып, ұпай беріледі.
II. Еңбек туралы мақал-мәтелдер айту.
1 . Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей.
2. Еңбек түбі-береке, көптің түбі-мереке.
3 . Еңбектің наны тәтті, жалқаудың жаны тәтті.
4.Еңбексіз іс бітпейді, Еңбек ерлікке жеткізер.
Жауаптары саналып, ұпай беріледі.
III. Әр бала өзінің отбасы туралы айтып береді. Схемасын сызып мамандықтарын бала айту бойынша ата-ана жазып тұрады.
Музыкалық номер.
IV.Eкi командаға тапсырма.
Балалар айтып тұрады, ата-аналар жазып тұрады.
I командаға: Еңбек істеу үшін не істеу қажет?
(Қандай болу керек?)
II командаға: Еңбек етпеу үшін не істеу қажет?
(Қандай болу керек?)
Осы схемаларды үлкен нұсқалы орынға жинайды. Кім көп және дұрыс қажетті сөздер косады, сол команда көп ұпай алады.
Достарыңызбен бөлісу: |