Балаға көкөністер мен жемістердің дәмін көріп, олардың дәмі мен сыртқы түрі бойынша танып, атауларын атауға ұсыну. Бірге көкөністі және жемісті салаттар жасау.Көкөністер бау-бақшаның жиектерінде, ал жемістер бақшаның ағаштарында өсетіні туралы түсінік беру.
Баламен бірге түрлі пішінді және түрлі түсті квадраттар мен шеңберлерді қарау. Баламен бірге геометриялық пішін ойындарын ойнау. Түрлі түсті квадраттардың (немесе шеңбердердің) барлығын жинауға болады. Бір өлшемдегі түрлі пішіндерді бір қатарға алмастырып, орналастыруға болады.