Дипломдық ЖҰмыс 5В010200- бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығы Шымкент, 2021 ф-19-01/02


А.М. Прихожанның «Жеке бастың мазасыздану» шкаласы



бет20/37
Дата07.01.2022
өлшемі122,73 Kb.
#20336
түріДиплом
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   37
Байланысты:
Асубай Талшын

1.А.М. Прихожанның «Жеке бастың мазасыздану» шкаласы.

Бұл шкалалардың артықшылығы, біріншіден, олар мазасыздықты шақыратын шындықтарды бөліп қарауға мүмкіндік береді, екіншіден, оқушылардың өз уайым, сезімдерін байқай алу қабілетіне байланысты.

Әдістеме бланктік түрде, сондықтан оны ұжымдасып жүргізуге болады. Бланкта сыналып отырған әдістеме жайлы қажетті мағлұматтар, нұсқаулық және әдістеменің мазмұны бар.

Әдістеме екі түрде жасалған. А түрі 10-12 жас аралығындағы оқушыларға, Б түрі 13-16 жас аралығындағы оқушыларға арналған. Нұсқаулық екі түрге де ортақ.

Сұрақтар (№1 қосымшаны қараңыз) ішінде өмірде кездестіретін әр түрлі ахуалдар, жағдайлар аталған. Олардың кейбірі қобалжулық, мазасыздық, немесе қорқыныш шақыратындай жағымсыз болуы мүмкін.

Бұл жағдай қаншалықты жағымсыз, қаншалықты мазасыздық, үрей немесе қорқыныш тудыруы мүмкін екеніне байланысты оң жақтағы 0, 1, 2, 3 немесе 4 сандарының бірін дөңгелектеу қажет.

Егер ситуация мүлде жағымсыз емес көрінсе, 0 санын, егер сәл қорқыныш, мазасыздық тудырса, 1 санын, егер мазасыздық пен қорқыныш қатты болса және бұл жағдайға түспегеніңді қаласаң, 2 санын, егер ситуация өте жағымсыз және соған байланысты мазасыздық, қобалжулық, үрей күшті болса, 3 санын, мазасыздық, қорқыныш өте қатты болса, 4 санын белгілеу ұсынылады.

Сыналушының мақсаты әрбір ситуацияны елестету (осы ситуациядағы өзіңді елестету), ол қаншалықты мазасыздық, қобалжулық, қорқыныш, үрей шақыратынын анықтау, және бұл саған қаншалықты жағымсыз екенін білдіретін сандардың бірін белгілеу. Әр сан нені білдіретіні беттің жоғары жағында жазылған.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет