Жеткіншектердің достығы. Жеткіншектің жеке басының әлеуметтік-моральдық ересектігінің дамуында қарым-қатынастың ерекше түрі жақын жолдастарымен және досымен қарым-қатынас маңызды роль атқарады. Жыл өткен сайын олар неғұрлым қажет бола түседі. Жеткіншектер сыйлы, беделді, қайсыбір салада озық сыныптастарымен қарым-қатынас жасауға ұмтылады. Жақын жолдастардың қарым-қатынасында әңгімелесу үлкен орын алады. Әр түрлі істе де, серуен кезінде де әңгіме үзілмейді, шфндап келгенде оларды осы әңгімелесу ғана байланыстырады. Маңызды әрi жеке адамға қытысты деп ұғынылатын мазмұнның ұлғайып тереңдеуі ақылдасуға, қолдау мен көмек алуға болатын досқа зерулік туғызады.
Жеткіншектік жаста ер балалар мен қыз балалар арасындағы қарым-қатынаста айтарлықтай өзгерістер болады. Бір-біріне ден қою ұнатуға тырысу ал осыған байланысты өзінің сырт пішініне зер салып ұнамды көрінуге ұмтылу байқалады. Дене және жыныстық жетілуде қыздар балалардан озып кетеді. 5-6 сыныптарда кейбір қыздар балалардан биік әрі ірі болады. Бастапқыда басқа жынысқа көңіл аудару көптеген ер балаларда кіші жастағы жеткіншектерге тән қыз балаларға «тиісуден» көрініп, дамиды. Кейін қарым-қатынас өзгереді, ашықтық қалады, жасқану ұялу, ыңғайсыздану келіп шығады. Басқа жынысты құрадстарына ден қоюдың жеткіншектің жеке басының дамуы үшін маңызы зор. Ұнатқан обьектісіне барынша көңіл аудару саралай ағғарғыштықтан көрінеді. Өзіне ұнаған құрдасының қылығындағы, көңіл-күйіндегі, толғаныстарындағы нәзік өзгерістерді аңғаруға бейіімділік пайда болады. Романтикалық ұнату жеке бастың барлық мүмкіндіктерін ширықтырады, жақсы болуға, жақсылық жасауға, көмектесуге, қорғауға ұмтылдырады. Бұл ден қою өзін-өзі жетілдірудің себептерінің біріне айналады.
Адамның тірілік-тұрмысында көрсетілген қажеттіліктерден басқа, қоғамдық қажеттіліктер де: еңбекке, адамдармен қарым-қатнасқа қоғамдық іс-әрекетке деген қажеттіліктер маңызды орын алады. Бұларды материалдық та, рухани да қажеттіліктерге жатқызуға болмайды, өйткені бұл екеуінде де осы қажеттіліктердің қайсысының болсын белгілі бір нышаны байқалмай қоймайды.
Еңбекке деген қажеттілік барған совет адамдарының негізгі қажеттілігіне айналып отыр. Еңбекке деген қажеттілк өмірге керекті әрі ләззат әперер іс-әрекетпен айналысуға құлшыныс түрінде көрініс табуда. Мұндай жағдайда адам еңбек етпей отыра алмайды: егер ол уақытша бұл мүнкіншілікпен айырылып қалса, мысалы, қарны ашып, тамақ ішкісі келетін сәтте басынан қандай күй кешсе нақ сондай күй кешетін болады.
Өмірдің бірінші қажеттілігіне айналған еңбек адамға үлкен қуаныш пен бақыт әкеледі.
Кеңестiк қоғамда еңбек адамның арының ісіне, адамгершілік мәртебесінің өлшеміне айналады. Ол жеке адам дамуының қайнар көзі болып табылады.
Еңбекке деген қажеттілік таяу болашақта әр адамның қажеттілігіне айналатын болады. Техниканың дамуы еңбек күнін қысқартуға, еңбекті мейлінше жеңіл әрі интеллектуалды етуге мүмкіндік туғызады. Адамдар қабілеттеріне қарай өз еңбегін, күшін қоғам мүддесіне ақысыз-пұлсыз беретін болады және өмірінің мәнін еңбектен іздейтін болады.
Қарым-қатынас жасауды қажетсіну адамның әлеуметтік табиғатын танытады. Бұл қажеттілік еңбекте қалыптасты, өйткені қарым-қатынас – қоғамдық өндірісті ұйымдастырудың қажетті шарты.
Қарым-қатынас жасауды қажетсіну жеке адам дамуына игі әсерін тигізеді. Қарым-қатынас нәтижесінде адам басқаларды ғана емес, сонымен бірге өзін де танып біледі, әлеуметтік өмірдің тәжірбиесін жинақтайды. Адамдармен қарым-қатынас жасау жеке адамды интеллектуалдық және эмоциялық жағынан байыта түседі; білім, тәжірибе және пікір алмасуына өз ықпалын тигізеді. Қарым-қатынас жасауды қажетсіну достықты туғызады.
Жан-жақты дамыған адамның бойында жоғары әлеуметтік қажеттер басты роль атқара отырып, қажеттіліктердің бәрі де болуға тиісті. Жеткiншектердiң қарым-қатынастарының сипаты оның қызығушылығымен тiкелей байланысты.
Қызығу дегеніміз-жеке адамның объектіге, оның өмірлік мәні мен эмоциялық тартымдылық күшіне қарай таңдамалы қатынасы. Қызығулар қажеттіліктер негізінде пайда болады, бірақ олрдың өзі емес. Қажеттілік міндетті түрде керек нәрсені белгілейді, ал қызығу белгілі бір іс-әрекетке адмның жеке қатынасын көрсетеді. Терең тамыр жайған және орнықты болған қызығу қажеттілікке айналуы мүмкін. Мәселен , театрға деген қызығу –спектакльді құр жібермеуді әдетке айналдыру тіпті сахна ісімен өзінің де айналысатын болуына жеткізуі мүмкін.
Қызығудың қалыптасуын әрқашан қажеттіліктерді , талантты немесе қоғамдық борышты сезінуден бастала бермейді. Қызығу объектінің эмоциялық тартымдылығы өз-өзіне және бет алды көрінуі мүмкін ал кейін : қажеттіліктер, қоғамдық талаптар, қабілеттілік сияқты көптеген себептер арқылы анықталып әлгі объектінің өмірлік мәні танылуы мүмкін.
Объектінің эмоциялық тартымдылығың, алғашқы кезде, бәлкім, аңғарыла қоймағанымен, терең тамыры болуы мүмкін, ол тамыр объектінің қасиетінен де, сондай-ақ субъектінің қасиеттерінен де көрінбекші. Неліктен объект назар аударып, қуаныш, рақаттану сезімін туғызады? Себебі, ол өзінің қасиеттерімен белгілі бір дәрежеде адамның психикалық көңіл күйіне немесе қажеттілігіне жауап береді. Сол бір объектінің барлық адамдардың бойында біркелкі сезім туғызбайтыны да содан. Рас, кейбір объектілер адамдардың жалпы адамзаттық табиғатына жауап берсе, басқалары-жас мөлшерінің ерекшеліктеріне, үшіншілері әлеуметтік – топтық және төртіншілері – жеке адамның биімділігі мен икеміне, көзқарасы мен талғамына сай келеді. Мәселен, жалт-жұлт еткен объекті, дыбыстық ырғақ, әуен барлық балаларды да ләззаттандырады.
Объектіге деген көзқарастың бір-біріне ұқсамауы жеке адамның өмір тәжірбиесінің көп немесе аз болуына, білімділігі мен тәрбиесіне, оның өмірі мен қызметінің тарихын бейнелейтін рухани дүниесінің өзіндік ерекшеліктеріне байланысты болады.
Субъектінің көзқарасын басқа адамдар бағыттап қана қоймайды, сонымен бірге ол тәрбиеленеді де. Мәселен, объектінің сапасы және оның өмірлік мәні туралы коллективтік пікір, оған беделді адамдардың көзқарасы-осының барлығы жеке адамның сол объектіге деген көзқарасына ықпал етеді. Авиацияның айрықша дамыған кезінде жастар авиацияға құштар болды, ал космонавтика дәуірінде космосқа ұшуға құштарлық жалпылама сипат алды.
Сөйтіп, индивиттің қызығуы объектінің еркшеліктері мен индивиттің өзінің психикалық сапасына (оның мәдениетіне, тәрбиелілігіне, қабілетіне және мінез-құлқына) байланысты бола тұрса да, оны түптеп келгенде басқа адамдар, коллектив, қоғам, қоғамдық психология қалыптастырады. Демек адамдар қызығуының қоғамдық-тарихи тегі бір деу керек. Қызығу өндіріс пен қоғамның рухани мәдениетінің деңгейіне, әлеуметтік қатнастарының дамуына тағы сол сияқтыларға байланысты.
Қоғам дамуының әрбір тарихи кезеніңде жалпы адамзаттық мүдделерімен қатар таңтық мүдделер де бой көрсетіп отырады. Буржуазиялық қоғам өмірінің бүкіл құрылысының ықпалымен, мысалы, «жайсаң» жастар ақшалы болуды және ойнап күлуді ең бірінші мақсат тұтады.
Социалистік қоғамда алдыңғы қатарлы жастар жасампаз еңбекке, ғылым, практика (техникалық творчество) саласындағы творчествоға деген қызығуды жоғары ұстайды. Қызығу еңбекке деген құлшыныс және қанағаттанушылық, объектіге тез бауыр басу, ең соныңда адамның еңбекке қажеттілігінің арта түсуі сияқты қанағаттану сезімдері түрінде көрініс табады.
Қызығу адам өмірі мен іс-әрекетінде елеулі орын алады. Адам өмірдің бақыты мен бар болмысын өз бойында қызығу бар кезде ғана сезінеді. Қызығу әрекетке талпындырады, адамды ширатады. И.П.Павлов қызығуды адам жанын жадыратушы, ми қыртысында іс-әрекет жағдайын туғызушы фактор деп қарастырған. Қызығып істелінетін жұмыс жеңіл және жемісті болады.
Жеке адамның дамуы мен білімінің қалыптасыу үшін қызығудың мәнін ескеру педагогикалық практикада ерекше маңызға ие болады. Қ. Д. Ушинский ешбір қызығусыз, тек қана зорлық күшімен жүргізілетін оқу оқушы бойындағы білім алуға деген құштарлықты жойып жібереді деп өте әділ жазған болатын. Сонымен бірге ол, барлық оқудың мәнін тек қана қызығуға құруға болмайды деп атап көрсеткен. Білім беру қара жұмысты да, едәуір ерік күшін де қажет етеді.
Жасөспірімдерге психологиялық қызмет көрсету барысында оларды терең толғандырып және алаңдатып отырған кез–келген мәселені анықтауда келесі екі факторды ескеру қажет. Бірнешеден, жас кезеңіндегі тұлғалық даму ерекшеліктерін толық суреттеу, екіншіден, тұлғаралық қарым-қатынас процесін оңтайландыруға әсер ету. Бұл екі фактордың бір-біріне сай келуі кеңес беру және коррекция жүргізу стратегиясын адекватты құруға мүмкіндік береді
Жасөспірімдер үлкендік өмірге жақындағандықтан олар өздерінің келбетін сәнді үлгілерге ұқсас етіп шығаруға тырысу әсіресе қыз балаларда өте көп уақыт алуы мүмкін. Балалар үшін сыртқы көріністері «балалық» түрде болмай, «ересектерге» ұқсас болғаны, кездесулер, дәстүрлі би, шарап болатын кештер өткізілгені маңызды бола бастайды. Мұндай жағдайларда жасөспірімднер алғашқы кезде өздерін көбінесе ыңғайсыз сезінеді: айтатын сөздері де болмайды, өздерін қалай ұстауды да білмейді, дегенмен мінез-құлықтың, қарым-қатынастың, көңіл көтерудің белгілі бір формасын сақтауға тырысады. Көптеген балалар студенттерге қарап бағдарланады, кинодан, теледидардан, көшеден көргендеріне еліктейді.
Жасөспірімдерге психологиялық қызмет көрсету барысында бұл жас кезеңінде орын алатын мінез ауытқуларының түбірі кіші мектеп және жеткіншек жас кезеңдерінде жатқанын ескере отырып, ең алдымен олардың психологиялық сферасының дамуында қарама – қайшы келетін себептер анықталады. Ол себептерді ортақ көрсеткіштері бойынша топтастырып талдауға болады.
Жасөспірімдердің барлық психофизиологиялық көрсеткіштер бойынша дамуының аяқталмағандығы;
өзінің сыртқы көрінісін менсінбеуі, сұлу емеспін деп сезінуі;
эмоционалды сфераның тұрақсыздығы;
жүйке жүйесі функциялары әлі қалыптасу үстінде болуы;
ситуативті мазасыздану дәрежесінің тұрақсыздығынан дискомфортты сезінуі.
Жасөспірімдердің таным процестерімен байланысты жеке дәрежесінде олардың қалыптасуына кедергі келтіретін саналы және санасыз себептердің ішінен мыналардың әсері терең:
териялық ойлау дамуынцың кедергіге ұшырауы;
мағыналы ес дағдыларының жетімсіздігі;
оперативті ес көлемінің тапшылығы;
зейіннің негізгі компонентттерінің дамымағандығы;
қиялдың шындыққа сай келмеуі;
жекелік мазасызданудың жоғарылылығы;
бірінші немесе екінші сигналды жүйені шектен тыс меңгеруі;
ерік сферасының қалыптаспағандығы т.с.с. себептерді айтуға болады.
3. Жоғары сынып оқушыларының жеке тұлғалық қасиеттерінің объективті және субъективті дәрежелері келесі жағдайларға байланысты көрініс береді:
өзін - өзі басқара алмайтындығы;
өзін бағалау мен талпыну деңгейінің бейадекватилығы;
дүниетанымының жағымды эталондары мен идеалдарының қалыптаспағандығы.
4. Жасөспірімдердің микротоптық деңгейдегі бір-бірімен қарым-қатынастарынан туатын қиындықтары:
- отбасы мүшелерімен қарым–қатынасының қалыптаспағандығы;
- мұғалімдерімен қарым–қатынасына көңлі толмауы;
қарым–қатынас дағдысының қалыптаспағандығы (үндеместік, ұялшақтық, мылжыңдық);
жоғары адами сезімнің, достық және махабаттық қатынастың нақтылығын бейадекватты түсінуі;
эгоистік тенденциянының анық байқалуы;
ақиқаттағы шындықты теріс түсінуі;
ашық сыншылдық скептицизмнің орын алуы;
ересектердің талаптарымен позицияларын қабылдамауы;
өзін басқаларға көрсету тенденциясының анық байқалуы;
айналадағылармен қатынас кезінде жасөспірімдік максимализмнің орын алуы;
5. Жасөспірімдердің әлеуметтік ортаға адаптациядан тез өтіп барлық жағдайға тез бейімделуге қиыналатындығына алып келетін себептер:
өмірдің мағанасын түсінуінің төмендігі және өмірлік жоспарының болмағандығы;
мемлекеттік және қоғамдық өмірге қатынасуының төмендігі мен саяси белсенділігінің болмауы;
түрлі еңбектерге деген көзқарасы және мамандықты меңгерудегі шынайы мүмкіндіктері;
кәсіби қызығушылығы және мамандық таңдау мотивінің қалыптаспағандығы;
оқуы мен кәсіби қызығушылығының сай келмеуі;
міндеттілікті сезінбеуі және әлеуметтенуге тырысуының төмендігі.
Бұл жағдайларды анықтауға бақылау, әңгімелесу, социометрия, референтометрия, «аяқталмаған сөйлем», топтық дискуссия сияқты, таным процестерінің ерекшеліктерін бағалау және дамыту әдістемелері, коммуникативтік және ұйымдастырушылық қабілетін, қарым-қатынас мәдениетін бағалау әдістемелері пайдаланылады. Сонымен қатар факторлық талдау, интеллектуалдық қабілетті анықтау, мамандық таңдау мотивациясын Е.Климов, М.Краун шкалалары бойынша талдау т.с.с. әдістемелер қолданылады.
Ал, жас өспірімдік шақта достықты қажетсіну күрт өседі және бұл сезім өте тұрақты да терең бола бастайды. Достық туралы жас өспірімдік ұғым мен оның нақты дәрежесі әр балада әр түрлі болады. Қыз балаларда олардың ертерек толысатындығымен байланысты интимдік достықты қажетсіну ер балалардан ерте басталады. Егер жастары бір шамалас ер балалар мен қыз балалардың достық мұраттарын салыстырса, қыз балалар ер балаларға қарағанда достыққа неғұрлым жоғары талаптар қоятындығы көрінеді. Есейген сайын бұл айырмашылықтар жоғалады.
Достыққа деген көзқарастың жекелей айырмашылықтары да өте үлкен. Біреулер жұп достықты ғана мойындап, нағыз дос біреу ғана болу керек деп санайлы. Ал екіншілерінде екі, үш және одан да көп достар болады. Тіптен барлықтаныстарымен достасатындар да кездеседі. Бұл мәселе тәлім-тәрбие барысында көңіл аударатын проблемалардың бірі болғандықтан психологиялық қызмет көрсету барысында оны талап, шын достықтың мән-мағанасын балаларға көрсету психолог міндеттерінің бірі болып саналады.
Жас өспірімдердің біреулері оңашалықты ұнатса, екіншілері жалғыздықтан үрейлене қорқады, аз уақытқа да жалғыз қала алмайды. Кейде мазасыздану,фобия белгілері де орын алуы мүмкін. Психолог осы шақтағы баланың психологиялық дамуындағы ерекшеліктерін анықтап, оның нормадан ауытқуларына ерекше көңіл бөліп, әрқайсысына жеке-дара қажетті көмек көрсетуі керек. Бұл жас өспірімдерге психологиялық қызмет көрсетудің келесі міндеті.
Адамның күрделі интеллектілік оперецияларды меңгеруі және ұғымдық аппаратының баюы, теориалық интеллектінің қалыптасуы және көрініс беруі жас өспірімдік кезеңде жетіледі. әсіресе арнайы қабілеттер шапшаң дамиды. Мүдделердің бағытталуының барған сайын саралана түсумен қосылып, мұның өзі жастардың ақыл-ой қызметінің құрылымын кіші жастардағыға қарағанда күрделі де дара сипат береді.
Қазіргі кезде жаңа тестік жүйені қолдану арқылы жоғары сынып оқушыларын мамандық таңдауға даярлануы қажеттілігін ескере отырып, олардың шығармашылық қабілетін, білім меңгерудегі дербестік дәрежесін арттыруға аса маңыз беру қажет болып отыр. Арнайы қабілеттердең қалыптасуы оқытудың сипаты мен қатар психологиялық түзету-дамыту жұмыстарымен де тығыз байланысты. Сондықтан психологтің келесі міндеті –жоғары сынып оқушыларының интеллектуалдық дамуына ықпал жасау.
Осы аталған, тағыда баланың жас ерекшеліктеріне, өмір талабына байланысты туып отырған міндеттерді басшылыққа ала отырып, әр психолог жас өспірімдермен жүргізетін қызметінің мақмұнын анықтайды.
1. Зерттеу тақырыбына байланысты жасалған теориялық талдаулар негізінде мынадай екі негізгі ой тұжырымдарды аламыз. Өзіндік бағалау мәселесі екі негізгі аспектіні қамтиды – аффективті және бағалаушы, соған сәйкес сезімдер – симпатия, меншікті өз абыройың, әлеуметтік позицияны бекіту мәселесімен тығыз байланысты. Өзіндік бағалау - өзіндік сана сезімдердің бірлігі, тұлғаның қасиеттеріне, сапасына деген қатынасы. Өзіндік бағалауға икемділік, орнықтылық, адекваттылық (жағымды, теріс) сияқты сипаттамалар тән болады. Өзіндік сана сезімдердің қалыптасуы жайлы шет елдік зерттеулерде К. Роджерстің жұмыстары мәнді. Өмірлік тәжірибелерде қалыптасқан «Мен» бейнесі әлемді, басқа адамдарды қабылдауға, оларды бағалауға әсер етіп, соның негізінде адам өзінің мінез-құлқын өзіндік бағалайды. «Мен» концепциясы оң, амбивалентті және теріс болуы мүмкін. «Мен» концепциясы оң болатын индивид басқаларына қарағанда әлемді, адамдарды бағалауы өзгеше болады. Оған келісімге келмейтіндер адам санасынан ығыстырылады.
2. Қазіргі кездегі психологияда жеткіншектердің өзіндік бағалау мазмұнын 2 бағытты көрсетеді. Оның бірінші өзіндік бағалаудың жалпы сипаттамасы, оның қалыптасу жағдайларын іздестіру мен байланысты болса, екіншісі микроанализбен байланысты, яғни өзіндік бағалауының құрылымдық элементтерін бөлшектеу және олардың өзара байланысын қарастырады. Біздің ойымызша өзіндік бағалаудың микроанализі және оның құрылымының болашағы зор, өзіндік бағалауды зерттеуде негізгі міндетіне құрылымдық динамикалық элементтерді санайды.
3. Мазасыздық теріс, жағымсыз әсерлерді бастан кешіру, келе жатқан қатерді сезіну, адамның мәнді сұранысының қанағаттанбағанын білдіретін әсер деп қарауға болады, ол үнемі қобалжушылық жағдайында бүкіл тәнге әсер етер қажетті құбылыс. Мазасыздық – бұл адамның бір ерекшелігі, қауіпке дайындалуы. Бұл тууы мүмкін қауіптілік жағдайындағы сенсорлық және
моторлық қуаттың бір бағытқа жұмылдырылған, үрейге деген реакцияны шақыратын тұтас бір жағдай.
4. Қорқыныш қашанда адамның қара көлеңкесі сияқтанып, өне бойы оның серігі болып келді. З. Фрейд өзіне тән үлкен сеніммен: «Қорқынышты адамның туылу актісі кезінде басталады,»-дейді, яғни туылу процесінде жағымсыз сезімдер бірігіп, соматикалық түйсіктерден бастауын алған өлім қаупі мен қорқыныш біздің өмірімізде өне бойы қайталанып отырады екен. Психологияда қорқыныш пен үрей психикалық қысым, адамды қолайсыз жағдайға қалдырады.
Адамның қорқынышы мен мазасыздық күйі қазіргі кезде жас ерекшелігіне байланысты түрлі деңгейде орын алады. Жалпы қорқыныш пен мазасыздық күйін болдырмау үшін адам ішкі психикалық күйін ретке келтіру керек. Бос уақытында табиғат аясында тыныстап, өзіне жағымды істермен, спортпен шұғылданып, психологиялық сауықтыру қажет.
5. Жеткіншектік жаста мазасыздық өзіне деген қатынаста тұрақты, қанағатына сұранысы көбейген жеке құбылыс есебінде қалыптасады. «Мен – концепция» тұжырымына, өзіне деген қатынасқа қайшылық ретінде ішкі ерегіс пайда болып, мазасыздықтың әрі қарай пайда болып бекуінде үлкен роль атқарады және бұл әр кезеңде «Мен» деген аспект күшейе түседі. Барлық қарастырылған жастарда мазасыздықтың тұрғылықты құбылыс ретінде пайда болуы мен бекуі гипертрофирлі кескінде тоймайтын сипат алатын сол жастың қажетті сұранысына қанағаттанбауына байланысты.
6. Жеткіншектер жасы – бұл өтпелі жас, балалықтан ересектікке өтетін өтпелі кезең, бұл кезде эмоционалды когнитивті саланың қалыптасуына теріс әсер ететін әртүрлі егес, дау көбейеді. Үлгі алынуы тиіс ата-анамен арадағы ажырасуға бейімдейтін референттік топтың ролі күшейеді. Ата-ана тарапынан шек қоюшылық пен тиым салушылық көбейеді, жаңа өзгерістерге қатысты отбасында дау-дамай көбейеді.
Экономикалық жағдай да мазасызданудың себебіне айналуы мүмкін, өйткені жеткіншек үнемі өзін біреуге тәуелді, өз бетінше ештеңе біліп істей алмайтын адам ретінде сезінеді. Мектепте оқу кезеңінің ұзақтығына байланысты астар қаржы мәселесіне келгенде ата-анаға көп уақыт тәуелді болады. Мектептегі оқу үлгерімінің төмендігі де дау-дамайға әкеп соғуы мүмкін. Мектептегі дау-дамайлар негізінен сабақ үлгеріміне, қалыптасуға, бедел мен оқшаулыққа байланысты. Сабақ үлгеріміне қатысты қойылған талаптарға орай мұғалімдермен де, құрдастармен де арада егес пайда болады.
7. Мазасызданғыш балалар мазасыздық пен қобалжуды бастарынан жиі өткеру арқылы, сондай-ақ көбіне үрейге берілу арқылы ерекшеленеді, оның үстіне қорқыныш пен үрей балаларға қауіп төніп тұрмаған жағдайда да пайда болады. Мазасызданғыш балалар өздерінің тым сезімталдығымен ерекшеленеді.
8. Мазасыздық өзіне, адамдарға, ақиқатқа деген қарым-қатынастарды әлсіретеді. Жеткіншек тек өзіне ғана емес, барлық адамдарға сенімсіз болады. Мазасызданған бала өзі үшін ешқандай жақсы нәтиже болмайды. Енді бәрін ол мазасыздық сатысынан өткізеді.
Мазасыздануы бар жеткіншектерде әлсіз, шорқақ қарым-қатынас қалыптасады. Бұл өз кезегіне өзіне деген сенімсіздікті туғызады. Жеткіншек қателік жіберуден қорқып, біртұтас сенімді адам болып қалыптаспайды. Өзіне деген сенімсіздік - өзіндік бағалауды төмендету белгілерінің бірі.
Өзіндік бағалау мен мазасыздану мәселесі жеке адамның дамуы үшін маңызды сұрақтардың бірі, әсіресе үлкендер сатысына өтетін үлкен жеткіншектер жасындағы өзіне деген қатынас пен соған байланысты мазасыздану күйі бүгінгі күннің күттірмес, тиянақты зерттеуді талап ететін негізгі мәселелердің бірі. Себебі жеткіншек жасы онтогенездегі дамудың негізгі сатысы, жеке адамның орнықты мінез қырлары, потенциалды дамуы, жан жақты гармониялы дамуының алғы шарты.
Достарыңызбен бөлісу: |