Дипломдық ЖҰмыс 5В010200- бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығы Шымкент, 2021 ф-19-01/02


Мазасыздық деңгейі жоғары балалармен жасалатын жұмыстар бойынша ұсыныстар



бет35/37
Дата07.01.2022
өлшемі122,73 Kb.
#20336
түріДиплом
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37
2.3 Мазасыздық деңгейі жоғары балалармен жасалатын жұмыстар бойынша ұсыныстар
Қазіргі жаңа психотерапевтік практикада мазасыздану күйін коррекциялайтын тәсілдер көптеп саналады. Нейролингвистикалық программалау, гештальтерапия және тағы басқа. Мазасыздану күйін төмендетудің өз тәсілдерін ұсынады, индивидуалды және топтық әсер ету әдістерін қолданады. Біреуі тұлғааралық өзара әрекетті зерттеуге және өзара қарым-қатынастың дамуына бағытталады, екіншісі жеке адамның ішкі жағында өтіп жатқандарды өзгертуге бағытталады және өзіндік сана сезімдерге әкеледі. Қазір олардың түрлері өте көп.

Оқушыға өзінің толқыған, мазасыздық әсершіл жағдайын бір музыкаға, гүлге, пейзажға, әлдебір қимылға – біреуге тыныш, біреуге сабырлы, үшінші біреулерге «жеңімпаз», сенімді қимылдарға байланыстыру ұсынылады. Күшті толқыған кезде біріншісін, сосын екіншісін, сосын үшіншісін еске салу қажет.

Мұндай балаларды өнімді жұмысқа, өзіне кедергі болатын үрейін өзі жеңуге, өз өмірінде табиғаттың түрлі жалған жағына кетпей, өз жолын таңдауға үйрету керек. Оқушыға өзін сондай тыныш, рахат сезінетін жағдайды көзіне айқынырақ елестетіп, есінде қалған жағдайдың әр сәтін сезіну ұсынылады.

Қиын кезде оқушыға өзі еліктейтін бір образ тауып алу, сол образға еніп, сол секілді әрекет ету ұсынылады (бұл әдіс жасөспірімдер үшін өте пайдалы).

Оқушыға адамның даусы мен қимылына қарап оның қандай әсерде тұрғанын қайтіп анықтауға болатыны түсіндіріледі. Сенімді дауыс пен сабырлы қимылдың тыныштандырып, сенімді ете түсетіндігі айтылады. Сабаққа дайындық барысында айна алдында не «көрермен» алдында жаттығу қажеттігін көрсетеді.

Әртүрлі жолмен оқушының өзіне берер бағасын көтеріп, оның себебін өзгертіп тұру қажет, бұл жұмыста психологтың мұғаліммен, не ата-анамен тығыз байланыста болуының маңызы зор.

Бет бұлшық еттерін мақсатты түрде басқаруды үйрету. Оқушыға бет бұлшық еттерін босату үшін жасалатын жаттығулар беріледі және жүйке бұлшық еттеріндегі жүкті азайту үшін жымиюдың маңыздылығы түсіндіріледі.

Ырғақты тыныс алудың маңыздылығы туралы әңгімеленеді, тыныс алуды денеге түсер күшті алып тастайтын құрал ретінде пайдалану әдістері ұсынылады, мысалы: демді сыртқа шығарғанда демді ішке тартқаннан екі есе уақыт ұзақ тұру, қатты күш түскенде ішке демді терең тартып, оны асықпай, ұзақ шығару; қатты шаршағанда ішке демді тартып, 20-30 секунд ұстап барып шығару.

Мазасызданғыш адамдардың қызмет нәтижелерінің бірі олардың тапсырмаларды орындауға жұмылдырылатыны ғана емес, сонымен қатар олардың сырттай қалай көрінетіндігіне де байланысты екендігі белгілі. Осыған байланысты олардың бойында өзінен босанып, кез келген жағдайда өз тәртібінің мақсатын қалыптастыруды үйрету керек. Сондай-ақ оқушыға жағдайдың салмағын төмендете білуді, «жеңіс» пен «жеңілістің» салыстырмалы мәнін түсінуді үйрету қажет. Алдағы бұдан да ауыр сынақта өзін жеңе білуі үшін кей жағдайды жаттығу ретінде қарастыру керек болады.

Мұндай балалармен баланың тәртібіндегі мазасыздық симптомдары түгел жойылғанша тұрақты түрде жұмыс істеу қажет. Мұндай баланы өз бойындағы мазасыздықтың себебін тауып, оны жөндеуге үйрету қажет.

Балалардағы «мазасыздық» проблемасы жөнінде көптеген психологтар жұмыс істейді. Мысалы, Рогов Евгений Иванович ашық мазасыздық деп аталатынды байқайтын, оқушылармен жасалатын коррекциялық жұмысты ойлап тапты.

Е.И. Рогов түрлі әдіс ұсынады, мысалы «тәтті еске алу» кезінде оқушы өзін толық жақсы сезінетін жағдайды еске алып, мүмкіндігінше басынан өткен шуақты сәтті қайтадан айқын сезініп, өзін бос ұстайды. Немесе «Жымиыс» әдісінде беттің бұлшық еттерін босатуға арналған жаттығулар ұсынады.

А.М. Прихожан мазасыздықпен психокоррекциялық жұмыс жасаудың әдіс, тәсілдерін ойлап тапты, ата-аналар мен оқытушыларды психологиялық ағарту еңбектерін жазды.

Е. Савина мен Н. Шанина балалардағы мазасыздықты азайту не болдырмау туралы балабақша тәрбиешілеріне арналған нұсқаулықтар жазып шығарды.

Психология докторы Мэри Аворд (АҚШ) та бұлшық еттердің шынығуы үшін жаттығулар кешенін ұсынды. Оның балалармен жұмыс істеу техникасында физикалық қуатпен қатар визуализация да бар.

Психологтар Р.Тэммла, М.Дорне, В.Аменалар баланың мазасыздығын зерттеу мақсатында мазасыздыққа арналған тестер жасап шығарды.

Сонымен қатар жеткіншектер үшін Гиль Ботвинаның «Өмірлік тәжірибелер тренингі» арналған. Бұл тренинг өзіндік бағалауға арналған жаттығу жұмыстарымен толықтырылған (қосымша 6).

Алынған нәтижелерді талдай келе мына жағдайларды нақтылауға болады. Жеткіншек жасындағы мазасыздану мен өзіндік бағалау арасында өзара байланыс орнаған (бірақ бұл байланыс кері функционалды байланыс). Психикалық дамудағы өзгерістер, жаңа құрылымдар, жаңа функциялар, жеткіншектерді ересектердің және басқалардың түсінбеуі, осы жасқа тән қиындықтар жеткіншектерде мазасыздану күйін жоғарлатады.

1. А.М. Прихожанның «Жеке бастың мазасыздану» шкаласы бойынша алынған нәтижелер мына жағдайды көрсетті. Жеткіншектердің, әсіресе үлкен жеткіншектердің басым көпшілігінде мазасыздану өте жоғары және соған тенденция басым. Жеке талдау барысында жеткіншектердегі мазасыздану тұлғааралық қатынасқа байланысты, екінші орында мектептегі жағдайлар, бұл институт - мазасыздықты күшейтіп отырады.

2. Екінші әдістеме (Ч.Д Спилбергердің «Реактивті және жеке бастық мазасыздану» шкаласы) бойынша алынған мәліметтерді қорытындыласақ: үлкен жеткіншектер мен кіші жеткіншектердің - көпшілігінде ситуативті мазасыздануы орташа деңгейде, үлкен жеткіншектердің 82%-нде жеке бастық мазасыздануы жоғары болып отыр, ал жеке бастық мазасыздануы төмен болатындай бұл зерттеуде ешбір сыналушыда кездеспеді. Жеткіншектерде ішкі конфликтілер өз көрінісін анық берген сайын онда мазасыздану сезімі қатты дамиды. Ең бастысы өзіндік бағалаудың көрінуі, ол өзін сыйлау сезімі мен өзіне деген сенімділікпен, тұлғааралық қатынаспен үздіксіз байланыста болады.

3. С.А. Будасси «Өзіндік бағалау әдістемесі» бойынша алынған мәліметтерге сүйене отырып, біз мынадай қорытынды жасаймыз, яғни үлкен жеткіншектердің өзіндік бағалауының жағымды жақтары кіші жеткіншектерге қарағанда төмендеу екенін көреміз, сонымен қатар, үлкен жеткіншектер өзіндік бағалауының жағымсыз жақтары көп екендігін мойындап отыр.

Жеткіншектер өздерінің жаңа ролдерін даму кезінде ұғынбай ішкі конфликтілерді, өзімен келіспеуді басынан өткізеді. Өзін кінәмшіл сезініп, ашуланшақ болады. Себебі өздерінің жаңа жетекші іс - әрекеттерін дұрыс басқара алмайды. Жеткіншектер өздерінің ішкі қажеттіліктерін, ішкі әлемін түсінбей соның негізінде психологиялық қанағаттану әкелмейтінін іс - әрекетке бәрі қосылады. Сондықтан да олардың мазасыздануы жоғарлап, өзіндік бағалауы төмендейді.

4. «Ата-аналар мен жеткіншек қарым-қатынасы» сауалнамасында жеткіншектердің көзқарасымен жауап берілген сұрақтардан, ата-аналар өз балаларын төмен бағалайтындығы басым көрініп тұрды. Үлкен жеткіншек жастағы балаларын әлі де кіші етіп, оларға сенімсіздікпен қарайды. Үлкен жеткіншек жастағы балалардың ата-анасымен қарым-қатынасы күрделі. Себебі 7-8 – сынып оқушылары ешкімге тәуелді болғысы келмейді, өз бетінше таңдау жасап, тек өзіне жағымды ғана іспен айналысқанды жаны қалайды. Ата-аналарымен бір түсіністікке келуі қиын.

Ал кіші жеткіншек жастағы балалардың берген жауаптары бойынша мынадай қорытындыға келуге болады, яғни ата-аналары оларды төмен санап, жаңа іс бастауға жігерлендіруге өз көмектерін, қолдауларын көрсетпей, олардың бұл іске икемсіз екендігін көрсетеді. Бұл жеткіншектердің өзіндік бағалауларын төмендетіп, мазасыздануының жоғарлауына әкелді. Яғни бұл сауалнама арқылы біз мазасыздану күйі өзіндік бағалауға әсерін тигізетінін дәлелдеп көрсеттік.

5. «Жаңбыр астындағы адам» суретін жеке талдау барысында кіші жеткіншектердің үлкендерден көп қамқорлық күтетінін көріп отырмыз. Дереу көмек болмағандықтан, бұл балаларда іштей түңілу, өздерін төмен санау, жақындарынан қолдау қажетсінетінін аңғардық. Қиындықтармен бірге күресіп, жағымды эмоция құруына ата-аналардың қолдауалары қажетті деп білеміз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет