Дипломдық ЖҰмыс 5В010200- бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығы Шымкент, 2021 ф-19-01/02


Зерттеудің жүру барысы және зерттеу нәтижелерін талдау



бет34/37
Дата07.01.2022
өлшемі122,73 Kb.
#20336
түріДиплом
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37
Байланысты:
Асубай Талшын

2.2 Зерттеудің жүру барысы және зерттеу нәтижелерін талдау
Зерттеу болжамын тексеру мақсатымен экспериментке сыналушылар ретінде Ақтау қаласының № 13 орта мектеп гимназиясының 4 және 8 сынып оқушылары қатысты.

1. А) А.М. Прихожан бойынша жеке бастық мазасыздық шкаласы бойынша жүргізген эксперименттің нәтижелерін талдасақ, келесі жағдайларды аламыз. Біріншіден үлкен жеткіншектерге А.М. Прихожан бойынша жеке бастық мазасыздық шкаласы бойынша «Б» үлгісі алынды. Зерттеуге қатысқан сыналушылардың көрсеткіштері төмендегі №3 және №4 кестелерде берілген.

Сонымен жеке талдауларға тоқталсақ, 4 субшкала бойынша кіші жеткіншектердің басым көпшілігінде мазасыздану деңгейі орташа. Мектептегі мазасыздық бойынша өте жоғары деңгей тек бір ғана сыналушыда (Оңдағанова Гауһар) болды. Сонымен қатар өзіндік бағалаудағы жоғары мазасыздық күйі де бір сыналушыда (Әуелбаева Әсем) кездесті және тұлғааралық мазасыздану күйінің жоғары және өте жоғары деңгейлері 16 сыналушыда және де магиялық жоғары мазасыздану 2 сыналушыда бар екені анықталды.



4. «Ата-ана мен жеткіншек қарым-қатынасы» деген сауалнама жоғарыда Прихожан әдістемесі бойынша алынған тұлғаарлық қарым қатынаста мазасыздануы жоғары және өте жоғары деңгейді көрсеткен жеткіншектермен жүргізілді. Үлкен жеткіншектерден 8 оқушы, кіші жеткіншектерден 16 оқушы қатысты (n=24).

Біз сауалнамадан тыс қосымша сұрақ беріп, бұл әдістемеге қатысты толық анықтама алдық. Үлкен жеткіншектердің берген жауаптары бойынша мына жағдайды көруге болады:

Тұлғааралық қарым –қатынаста, соның ішінде ата-аналар тарапынан болатын жағымсыз эмоциялар жеткіншектердің мазасыздық тудыруына көп әсерін тигізеді. Ата-аналар өз балаларын төмен бағалайтындығы басым көрініп тұрды. Үлкен жеткіншек жастағы балаларын әлі де кіші етіп, оларға сенімсіздікпен қарайды. Үлкен жеткіншек жастағы балалардың ата-анасымен қарым-қатынасы күрделі. Себебі 7-8 – сынып оқушылары ешкімге тәуелді болғысы келмейді, өз бетінше таңдау жасап, тек өзіне жағымды ғана іспен айналысқанды жаны қалайды. Ата-аналарымен бір түсіністікке келуі қиын.

Ал кіші жеткіншек жастағы балалардың тек аз ғана бөлігі: Кімге тартқан екенсің? Қандай ұқыпсыз едің? Тым ұялшақсың, қалай ғана сені таңдады? Бәріндегі балалар бала сияқты, ал сен...? Сенің ештеңеге икемің жоқ! осы секілді сұрақтарды белгілеп көрсетті.

Сонымен кіші жеткіншек жастағы балалардың берген жауаптары бойынша мынадай қорытындыға келуге болады, яғни ата-аналары оларды төмен санап, жаңа іс бастауға жігерлендіруге өз көмектерін, қолдауларын көрсетпей, олардың бұл іске икемсіз екендігін көрсетеді. Бұл жеткіншектердің өзіндік бағалауларын төмендетіп, мазасыздануының жоғарлауына әкелді. Яғни бұл сауалнама арқылы біз мазасыздану күйі өзіндік бағалауға әсерін тигізетінін дәлелдеп көрсеттік.

5. «Жаңбыр астындағы адам бейнесі» атты суретті әдістеме кіші жеткіншектердегі мазасыздануы өте жоғары (жоғары) және мазасыздануы тым төмен деңгейдегі сыналушыларға жүргізілді (n=6).

Әрбір суретті жеке талдадық, яғни Әуелбаева Әсемнің суретінен оның депрессия күйінде жүргені, өзін қорғансыз сезінуі байқалды, шешесіне тым тәуелді, қиындық кездессе әке-шешесінен ешқандай көмек болмайтыны, бұл қиындықтар уақытша деп өзін жұбататыны суреттер арқылы сызылып, бейнеленіп көрсетілген.

Оңдағанова Гаухар – өте көңілді жүреді, бірақ қиындыққа тап болса оның мінезінде мұң байқалып, өзіне жақын үлкендерден көмек күтеді (әжесінен, шешесінен), өткенді көп ойланады, шешесіне тәуелді, қосымша қорғанысты қажетсінеді.

Игсатов Исламбек - өзін жоғары бағалайды, қауіп төнген жағдайда, жауапкершілікті басқаға ығыстырып тастайды.

Тарғынбаев Ерлан – қиындықтан қашпайды, керісінше қиындықты жеңуде өзінде күш пен сенім орнайды.

Қайболдиев Азаматтың салған суреті үлгі ретінде төменде көрсетілген.

Сыртқы киімнің болуы-бұл қосымша қорғанысты қажетсінуі

Жаңбырдан кейінгі лай су - басынан өткен қиындықты ұмыта алмай, әлі де мазасыздану күйін кешіп жүргендігін көруге болады.

Лай судың адамды қоршап жатқаны – бұл өте жаман.

Қолшатыр – жағымсыз сыртқы әрекеттерден психикалық қорғаныс.

Сонымен суреттерді жеке талдау барысында кіші жеткіншектердің үлкендерден көп қамқорлық күтетінін көріп отырмыз. Дереу көмек болмағандықтан, бұл балаларда іштей түңілу, өздерін төмен санау, жақындарынан қолдау қажетсінетінін аңғардық. Қиындықтармен бірге күресіп, жағымды эмоция құруына ата-аналардың қолдаулары қажетті деп білеміз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет