ҚОРЫТЫНДЫ
Өзіндік бағалау адамдармен өзара әрекеттесу мен өзара қатынас сферасында жетістікке жету факторымен анықталады. Адамдармен қатынас сферасы тұлғаның әлеуметтік мәнінің көрінуі және адам үшін құнды нәрселер болып табылады.
Адам онтогенезіндегі ең күрделі кезеңнің бірі – жеткіншек жасы. Бұл кезеңде бұрын қалыптасқан психологиялық құрылымдардың қайта құрылуы ғана жүріп қоймай, сонымен бірге жаңа білімдер қалыптасып, саналық көзқарастар мен әлеуметтік ішкі ыңғайланудың қалыптасуының жалпы бағыттылығы өседі. Жеткіншек жасының өзіне тән ерекшелігі оқу үлгерімінің төмендеуі, жұмыс қабілетінің түсуі тұлғалық ішкі құрылымындағы дисгормония, мініз-құлықтың қарсыласқан негативті сипаты бұл жас сатысын ішкі және сыртқы қатынастардағы бағдарлануды жоғалтқан, «Мен» және әлемнің бөліну сатысы деп айтуға болады.
Жеткіншек өзін жоғары бағаласа, онда аса жоғары емес төменгі мазасыздану деңгейін байқауға болады. Ал өзін төмен бағаласа, мазасыздану деңгейі жоғарлайды.
Негізінен біз жасаған зерттеулер барлық зерттелген жастар тобында мазасызданушы балалар мен жеткіншектерге өз әрекетін бағалай білмеудің, өзі үшін тасырма қиындығының қолайлы аймағын табудың, сондай-ақ оқиғаның ойдағыдай болуының мүмкіндігін анықтай алмаулық тән екенін көрсетеді. Бұған қоса мұндай балалар мен жеткіншектер өздерінің сәтті әсердегі құрдастарына қарағанда тап болған сыртқы өлшемдер жоқ кезінде көбіне сәтсіздіктерге тап болады.
Дегенмен мұндай жағдай көбіне ата-аналар мен педагогтардың ықпалынан тыс қалады, мектепте де негізінен назар сыртқы берілген межелер жағдайларына аударылады, бұл мазасызданғыш балалардың белгілі жақсылыққа қол жеткізулеріне мүмкіндік береді. Сыртқы өлшемдерге бұлайша байлану және ішкі өлшемнің жоқтығы, өз әрекеттеріне баға беру мен оларды таңдаудағы қиыншылық ол үшін негіз жоқ болса да жекелеген сәтсіздік уайымына жағдай туғызады.
Мектеп оқушыларының отбасындағы жағдай, ересек туыстарына деген қатынас баланы үнемі психологиялық микротравм алуға ұрындырады және реактивті сипаты бар аффектілік қызуқандылық пен мазасыздық туғызады. Бала үнемі дәрменсіздік, өз айналасында тірегі жоқтай көрінгесін қорғансыздық сезінетін болады. Мұндай балалар жараланғыш, өкпешіл боп келеді, айналасындағылардың өзіне деген қатынасына кінәмшілдікпен қарайтын болады. Мұның бәрі, сондай-ақ олардың жағымсыз жағдайларды еске ұстағыштығы жағымсыз эмоциялық тәжірибенің жинақталуына әкеп соғады, бұл тәжірибе «тұйық психологиялық шеңбердің» заңымен ұлғайып, мазасыздықтың тұрғылықты болуына қатысты өз орнын табады.
Белгілі пікірлерді балалардағы үрей мен қобалжушылыққа сараптама жасауға қолданудың күрделілігі, бұрын да талай айтылғанындай, құрығанда екі жағдайға байланысты. Біріншіден, ішкі және сыртқы, анықталған және анықталмаған қорқынышты ажырату онтогенезде өте кеш пайда болады. Екіншіден, «витальды» және «әлеуметтік» қауіпті шектеу, әсіресе балалар үшін шектеу тіпті жасанды.
Жеткіншектердегі мазасыздану деңгейін төмендетіп түсіруге және өзін бағалаудағы қатынасты өзгертуге көмектесетін пихокоррекциялық жұмыс бағдарламасын ұсынамыз.
Достарыңызбен бөлісу: |