Мұғалімдермен ара қатынастың мазасыздануға әсері
Үлгерім проблемасы оқушының педагогтармен ара қатынасының қалай қалыптасатынына тығыз байланысты. Қолайсыз қатынастар, ерегестер, дөрекілік, мұғалімдердің балаға деген үстірт тәртібі мазасыздықтың басты себептерінің бірі ретінде қарастырылады. Мұндай мазасыздану әдебиетте «дидактогония», «дидак-тоскаогения», «дидактикалық невроз» деген атаулармен сипатталады.
1.3 Жеткіншек жастағы балалардың өзін-өзі бағалауын анықтаудың үлгісі
Жеткіншектің жаңа құқықтарға ие болмақ тілегі ең алдымен ересектермен қарым-қатынастың бүкіл саласын қамтиды. Жеткіншек бұрын ынталана орындайтын талаптарға қарсыласа бастайды: өзінің дербестігін тежегенге және жалпы алғанда «кішкентай бала секілді » қамқорлық жасап, бағып — қаққанға, бақылағанға, тіл алуды талап етіп, жазалағанға т.б ренжіп қарсылық көрсетеді. Ересектермен қарым-қатынастың балалық кезде болған типі жеткіншек үшін енді қолайсыз, оның өзінің ересектік дәрежесі туралы түсінігііне сәйкес келмейтін болады. Ол ересектердің құқықтарын шектейді да өз құқықтарын ұлғайтады, өзінің жеке басымен адамдық қадыр-қасиетін құрметтейді, сенім білдіріп, дербестік берілуін, яғни ересектермен айқын тең құқықтылықты талап етіп, оларға мұны мойындаттыруға тырысады. Жеткіншектің ересектігі сезімнің және төңірегіндегілердің оны мойындауын қажетсінуінің пайда болуы ересек пен жеткіншектің бір бірімен қарым-қатынастарындағы құқықтарының мүлдем жаңа мәселесін туғызады.
Жеткіншектік кезеңнің маңыздылығы мен ерекше орнын айқындайтын жай сол, нақ осы уақытта ересек адам баланың қарым-қатынасының балалық шаққа тән типінен ересек адамдардың қарым-қатынасына тән, саналық тұрғыдан жаңа типіне өтуi жүзеге асады.
Ересектермен қарым-қатынастың жаңа нормалары жеткіншектің қалыптасып келе жатқан этикалық дүниетанамының маңызды мазмұны.
Егер ересектің өзі бастамашылдық білдірсе, немесе жеткіншектің талаптарын ескеріп, оған деген қарым-қатынасын қайта құрса, қарым-қатынастардың жаңа типіне өтудің сәтті формасы жеткіншекке әлі бала деп қарамау болмақ.
Жеткіншек кезеңнің басында егер ересек адамда жеткіншекке әлі бала деп қарайтын көзқарас сақталатын болса, қарама-қарсылықтар тууы мүмкін болатын жағдай қалыптасады. Әлгіндей көзқарас бір жағынан тәрбиелеу міндеттеріне қайшы келіп, жеткіншектің әлеуметтік есеюінің дамуына кедергі жасайды, ал екінші жағынан, жеткіншектің өзін ересекпін деп санайтын түсінігі мен оның жаңа құқықтарды талап етуіне қайшы келеді. Міне, нақ осы қайшылық ересек пен жеткіншектің қарым-қатынысындағы талас-тартыстар мен қайшылықтардың көзі болады. Талас тартыстар мен қиыншықтар жекіншектің құқықтары мен дербестігінің сипаты туралы олардың түсініктерінің үйлеспеушілігінен келіп шығады.
Ересектің қарсылығы жеткіншектің тіл алмау қарсыласудың алуан формалары түріндегі жауап қарсылыққа кезігеді. Бұл қарама-қарсы тенденциялардың болуы мен бір-біріне қарсылық қақтығыстар туғызады. Ересек адам өз көзқарасын өзгертпесе олар жиылып, жеткіншектің қарсыласуы барған сайын табанды бала түседі. Мұндай жағдай сақталатын болса, бұрынғы қарым-қатынастарды бұзу бүкіл жеткіншектік кезеңге созылып, әдетке айналған талас тартыс формасын алуы мүмкін. Бағынбау мен қарсыласудың әр түрлі формалары арқылы жеткіншек ересектермен бұрынғы «балалық» қарым-қатынастарды бұзады да, болашағы бар жаңа «ересек» қатынастарды орнатады. Талас тартыс ересек адам жеткіншекке деген көзқарасын өзгертпегенше жалғасуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |