Дипломдық ЖҰмыс 5В050800 «Есеп және аудит» мамандығы


«ExpertPromLTD» кәсіпорынды есепке алу



Pdf көрінісі
бет3/8
Дата09.05.2022
өлшемі461,8 Kb.
#33606
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8
2 «ExpertPromLTD» кәсіпорынды есепке алу 

2.1«Expert Prom LTD»  ЖШС-нің  жалпы экономикалық сипаттамасы 

 

«Expert  Prom  LTD»  серіктестік  қызметінің  мақсаты  қатысушылар  мен 



еңбек ұжымы мүддесіне орай таза табыс табу мақсатында кәсіпкерлік қызметті 

жүзеге асыру болып табылады. 

Серіктестіктің  құқықтық  мәртебесі  Қазақстан  Республикасының 

қолданыстағы  заңдарымен  және  серіктестіктің  жарғысымен  анықталады. 

Серіктестік  коммерциялық  ұйым  болып  табылады  және  толық  шаруашылық 

есептің,  өзін-өзі  қаржыландырудың  және  өзін-өзі  ақтаудың  негізінде  әрекет 

етеді.  

Серіктестіктің жоғары органы – құрылтайшысы. 

Серіктестіктің атқарушы органы – директор.  

Серіктестіктің меншік түрі – жеке меншік.  

Кәсіпкерлік субъектісі – активтерінің жылдық жалпы құны үш жүз жиырма 

бес  мың  еселік  айлық  көрсеткіштен  аспайтын,  жұмысшыларының  орташа 

жылдық саны 100 адамға дейін орташа кәсіпкерлік. Серіктестікте есепті жылы 

он бес қызметкер жұмыс жасайды. 

Құрылтайшының міндеттері мен құқықтары:  

-Серіктестік істерін басқаруға;  

-Серіктестік қызметі туралы ақпаратты алуға және оның бухгалтерлік және басқа 

да құжаттарымен танысуға;  

-Жалпы жиналысының шешіміне сәйкес серіктестік қызметінен табыс табуға;  

-Анықталған құқықтарды бұзатын серіктестік органдарының шешімдерін сотта 

даулауға;  

-Қазақстан Республикасының заңнамасымен және Жарғымен анықталған басқа 

да құқықтарға ие болады.  

Құрылтайшы міндеті:  

-Серіктестіктің Жарғылық капиталына құрылтай құжаттарымен қарастырылған 

тәртіпте, мөлшерде және мерзімде салымдар салуға;  

        -Құрылтай құжаттарының талаптарын қатаң сақтауға;  

        -Құрылтайшының аты, тұрғылықты жері және жеке басын куәландыратын 

құжаттардың деректері өзгергені туралы жазбаша хабарлауға;  



        -Басқа да міндеттемелер;  

Серіктестіктің атқарушы органы - Директордың өкілеттіктері:  

       -Серіктестік  қызметін  қамтамасыз  етумен  байланысты  барлық  мәселелерді 

шешеді, тек Қатысушының айрықша құзырына жататын мәселелерден басқа;  

        -Ағымдағы  және  болашақтағы  жұмыс  бағдарламаларының  орындалуын 

қамтамасыз етеді; 

-Азаматтық құқықтық келісім – шарттар жасайды.  

«Expert Prom LTD» ЖШС құрылтайшылар мен директорлар өкілеттілігі ҚР-ның 

заңдарына және серіктестігінің жарғысына сәйкес жүргізіледі.  

Директор  қарамағында:  жалға  беру  бойынша  қызметтерімен  айналысатын 

Менеджерлердің  қызметтері:  жалгерлермен  жал  бойынша  келісім  шарт  жасау 

және уақытына сай келгенде тоқтату, жал мерзімі кезінде мүліктердің жағдайын 

тексеру, жалгерлердің сұраныстары мен ұсыныстарын шешу және тағы да басқа 

жал бойынша барлық қызметтер.  

Бас  бухгалтердің  атқаратын  жұмыстары  мыналар:  барлық  бухгалтерлік 

есеп  қызметтері,  соның  ішінде  келіп  түскен  негізгі  құралдар  мен  тауарлы-

материалдық  қорлар  есебінің  дұрыс  жүргізілу;  жалгерлерге  келісім-шартта 

келісілген  мерзімге  шоттар  беру,  сол  шотта  көрсетілген  соманың  уақытында 

төленгендігін  тексеру,  жеткізушілер  мен мердігерлермен  есеп  айырысу,  салық 

саясаты  мен  салық  есебін  дайындау,  белгіленген  мерзімде  басшылықты 

шаруашылық туралы толық және дұрыс ақпаратпен қамтамасыз ету;  

Серіктестіктің  қызметінің  мақсаты  жарғыдағы  қызметтерін  орындау 

барысында  таза  табыс  алу.  Мақсатына  жету  барысында,  Серіктестіктік  келесі 

негізгі  қызмет  түрлерін  іске  асырады:  жылжымайтын  мүлікті  сатып  алу,  сату 

және  жалға  беруді  қоса  алғандағы  жылжымайтын  мүлік  саласындағы  қызмет; 

коммерциялық қызмет; делдалдық қызмет; көтерме, бөлшек құрылыс саудасын 

ұйымдастыру;  дүкендердің,  супермаркеттердің,  сауда  орындары  мен  сауда 

үйлерінің желісін ұйымдастыру; құрылыс материалдары мен құрастырмаларын 

өндіру және сату; тұрғын үй, өндірістік, әлеуметтік, әлеуметтік-тұрмыстық және 

өзге мақсаттағы объектілерді салу; мұнайды, мұнай өнімдерін, газды және газ 

өнімдерін  сатып  алу,  сақтау,  қайта  өңдеу  және  сату  саласындағы  қызмет; 

автокөлікке жанар май құю станцияларын ұйымдартыру; жылжымайтын мүлік 

нарығындағы  риэлтерлік  қызметтер,  кеңес  беру  қызметтері;  ғылыми  зерттеу 

қызметтері;  қоғамдық  тамақтандыру  кәсіпорындарын  ұйымдастыру,  қоғамдық 

тамақтандыру  кәсіпорындарына  қызмет  көрсету;  автоқызмет  көрсету, 

автосервистік  қызмет  көрсету,  соның  ішінде  арнайы  орындардың  торабы 

арқылы;  сыртқа  шығару,  сырттан  алып  келу  операциялары  мен  басқа 

қолданыстағы  заңдарға  сәйкес  сыртқы  экономикалық  қызмет  Қазақстан 

Республикасының әрекеттегі заңдарымен тыйым салынбаған өзге кәсіпкерлік.  

Осы  қызметтерді  орындау  барысында  серіктестік  жылмымайтын  мүліктерді 

сатып  алуына,  жеке  мүліктік  есеп  құқықтарға  ие  болуына  келісім-шартқа 

отыруына құқылы және сол бойынша өзінің міндетемелеріне жауап беруіне тиіс 

болады.  

Серіктестіктің қызметінің мерзімі - шектеусіз.  




Серіктестіктің бухгалтерлік есебін жүргізудің жауапкершілігі, есепті жүргізген 

кезде заңдардың қатаң сақталуы, бухгалтерлік есептіліктердің уақытылы салық 

органдары  мен  басқа да  мемлекеттік  органдарға тапсырылуы  және  серіктестік 

қызметінен  түскен  пайда  мен  шыққан  шығындарды  басшылыққа  ұсыну  бас 

бухгалтер мен бас бухгалтердің қарамағындағы бухгалтердің міндетіне жатады. 

Барлық 


серіктестіктің 

бухгалтерлік 

қызметі 

туралы 


міндеттемелері 

басшылықтың қарамағында болады.  

Серіктестік  бухгалтерлік  есепті  активтермен  және  сол  активтердің  қозғалысы, 

міндеттемелер, меншікті капитал, кіріс және шығыстарды бухгалтерлік есептің 

шоттар жоспарының екі жақты жазу әдісімен жүргізеді.  

        Бухгалтерлік есепті жүргізу барысында ұйым қамтамасыз етіледі:  

- қабылданған есеп саясатының өзгермеуі, әрбір операциялардың есепте көрініс 

табуы және есеп беру мерзімі ішінде активтер мен міндеттемелерді бағалау;  

- есеп беру мерзімі кезінде орындалған барлық операциялардың толық қамтылуы 

және активтер мен міндеттемелердің түгенделуі;  

- есеп беру мерзімінде пайда мен залал туралы есептіліктің дұрыстылығы;  

 

    Серіктестікте  бухгалтерлік  есебі  компьютерде  1С  Бухгалтер  8.1 



бағдарламасымен жүргізіледі. 

Операциялардың  жүргізілгендігін  нақтылайтын  құжаттар  –  ол  алғашқы 

құжаттар.  Алғашқы  құжаттардың  нысандары  мен  талаптары  Қазақстан 

Республикасының уәкілетті органдарымен анықталынады.  

Алғашқы  құжаттар  қағаз  жүзінде  немесе  электрондық  түрде  жүргізіледі, 

уәкілетті органдарымен анықталынбаған алғашқы құжаттардың нысандары мен 

талаптарын  серіктестік  өз  қызметтіне  сай  жасайды  және  ол  мынадай  міндетті 

реквизиттерді қамтуы тиіс:  

- құжаттың атауы (форма);  

- орындалған күні;  

- ұйымның аты немесе құжатты жүргізген кәсіпкердің аты-жөні;  

- операцияның мазмұны;  

-операцияның өлшем бірлігі (сандық немесе құндық түрде);  

- операцияның жүргізілуіне жауапты тұлғаның аты-жөні;  

Операциялардың  мазмұны  мен  маңызына  байланысты  алғашқы  құжаттарды 

құрастыру барысында оларға қосымша реквизиттер жазылуына болады.  

 

Алғашқы  құжаттарды  және  бухгалтерлік есеп  регистрлерін  электрондық 



түрде  жүргізгенде  ұйым  оларды  басқа  ұйымдарға  берген  кезде  қағаз  түрінде 

шығарып  береді  және  мемлекеттік  органдармен  талап  етулеріне  Қазақстан 

Республикасының заңдарымен рұқсат етілген. 

Алғашқы құжаттар операция болған уақытта толтырылады, егер ол мүмкін 

болмаған жағдайда операция аяқталған уақытта толтырылады. Құжаттарға, оның 

ішінде кассалық және банктік құжаттарға өзгерістер енгізілмейді. Басқа алғашқы 

құжаттарға  операцияны  жүргізген  тұлғалардың  келісімімен  және  өзгеріс 

енгізілген күні мен қолы қойылғаннан кейін ғана өзгерістер енгізілуі мүмкін.  

Есепке  алынған  алғашқы  құжаттардың  ақпараттары  бухгалтерлік  есеп 

регистрлерінде,  нысандары  мен  талаптары  Қазақстан  Республикасының 




уәкілетті  органдарымен  анықталынатын,  жинақталынып  жүйеленеді.  Осы 

бухгалтерлік  есеп  регистрлері  мәліметтері  топталған  түрінде  қаржылық 

есептілікті құрастыруға жатады. 

 

Серіктестік  алғашқы  құжаттарды,  бухгалтерлік  есеп  регистрлерін  қағаз 



түрінде және (немесе) электронды  түрде, қаржылық есептілігін, есеп саясатын 

Қазақстан  Республикасының  заңдарымен  көрсетілген  мерзімге  сақтауға 

міндетті. 

 

 



 

 

2.2 Еңбек ақының есептелуінің есебі 



 

«Expert  Prom  LTD»  мемлекеттік  кәсіпорнының  еңбек  ақыны  есептеу  

мерзімді және кесімді нысандарда іске асырылады. Мерзімді енбек ақы көбінесе 

басшы  аппараты,  қызметкерлер  және  ұйымның  штатық  кестесінде  келтірілген 

жұмыскерлер  үшін  қолданылады.  Ал  кесімді  еңбек  ақы  нысаны  жұмысшылар 

үшін қолданылады. 

 ҚР-да  2020жылға ең төменгі жалақы мөлшері 42500 теңге, айлық есептік 

көрсеткіш  мөлшері  2525  теңге,  жеке  табыс  салығы  мөлшері  10  %,  міндетті 

зейнетақы жарнасы 10 %, әлеуметтік салық мөлшері 9,5%, әлеуметтік аударым 

5%.  Бұл  қажетті  бекітілген  бухгалтерлік  мәліметтер  бойынша  серіктестік  өз 

қызметкерлеріне еңбекақы мен одан аударымдарды жасау үшін қолданады. 

«Expert  Prom  LTD»  мемлекеттік  кәсіпорнының  қызметкерлермен  еңбек 

ақысының  төлемі  бойынша  есеп  айырысу  есебі  3350  “Еңбекақы  бойынша 

қызметкерлерге  қысқа  мерзімді  берешек”  шотында  жүргізіледі.  Бұл  пассивтік 

шот. 

Еңбек  ақыны  есептегенде  3350  шоты  кредиттеледі  де,  мына  шоттар 



дебеттеледі:  

2930-шоты  “Аяқталмаған  құрылыс”  күрделі  құрылыспен  шұғылданатын 

және сонда жұмыс істейтін қызметкерлердің еңбек төлемінің сомаларына; 

7210-шоты  “Жалпы және әкімшілік шығындар” жалпы шаруашылық және 

әкімшілік  –  басқармашылық  қызметкерлеріне  есептелінген  еңбек  төлемінің 

сомаларына; 

Басшылықтағы тұлғалармен сеп айырысу үшін 7210 шоты арналған, онда 

мынадай  тұлғалармен  есептеседі  (басқарма  мүшесі  мен  төрағасы,  бақылау 

кеңесінің  мүшесі  және  ревизиондық  комиссияның  мүшесі  және  т.б.)  

Басшылықтағы  адамдарға  есептелген  еңбек  төлемінің  сомаларына  7210-шоты 

дебеттеледі  де,  3350  шоты  кредиттеледі,  ал  оны  төлеген  кезде  3350  шоты 

дебеттеліп, 1030 шоты кредиттеледі. [23] 

Еңбек ақы негізгі және қосымша болып бөлінеді.  Негізгі еңбек ақы, еңбек 

ақының  басты  бөлігі  есебінде,  лауазымдық  жалақылардан  (тарифтік 

ставкалардан)  тұрады.  Қосымша  еңбек  ақының  элементтеріне,  лауазымдық 



жалақыға  (тарифтік  ставкаларға)  қосымша  берілетін  сыйақылар  мен 

материалдық ынталандырулар, басқа да түрдегі төлем ақылар жатады. 

Негізгі  еңбекақы  –  бұл  қызметкерлерге  нақты  жұмыс  істеген  уақыты, 

орындаған  жұмысының  немесе  өндірген  өнімнің  саны  мен  сапасы  үшін 

белгіленген бағалау немесе қызметақы бойынша есептелетін еңбекақы. 

Негізгі еңбекақы құрамына мыналар кіреді: 

жұмыс  істелген  уақыт  үшін  тарифтік  мөлшерлеме,  қызметақы,  кесімді 

бағалау бойынша немесе орташа еңбекақы бойынша есептелетін еңбекақы

-  еңбек сіңірген жылдары үшін үстеме ақы; 

-  жұмыс  жағдайының  өзгеруіне  байланысты  кесімді  еңбекақыдағыларға 

қосымша ақы (материалдардың сәйкессіздігі, аспаптар мен жабдықтардың 

бейімсіздігі, жұмыспен өтеудің қиындықтары); 

-  үдемелі бағалау бойынша кесімді еңбекақыдағыларға қосымша ақы; 

-  кәсіпорын жүйесіндегі ұдайы қолданыс тәртібімен бекітілген ақшалай және 

заттай сыйлықтар, сыйлықақылы үстемелер; 

-  мезгілден тыс жұмыс үшін қосымша ақы; 

-  түнгі уақыттағы жұмыс үшін қосымша ақы; 

-  жұмысшының  кінәсінен  болмайтын  жұмыссыз  бос  тұрып  қалған  уақытқа 

төлемақы.  

Мерзімдік  еңбекақыда  жұмыс  істеуші  тұлғаға  бір  айдағы  барлық  жұмыс 

күндерін істегені үшін толық төленетін қызметақы тағайындалады; егер жұмыс 

күндерін  толық  істемесе,  оған  еңбекақы  нақты  істеген  уақыты  бойынша 

төленеді. Бұл жүйе негізінде қызметкерлердің еңбекақысында қолданылады. 

Егер  мезгілдік  еңбекақыдағы  жұмысшы  техникалық  процеске  қатыспаса 

немесе  жабдықты  жөндеумен  айналысса,  оның  еңбегі  кесімді  еңбекақыдағы 

жұмысшылардың тарифтік мөлшерлемесі бойынша төленуі мүмкін. 

Тарифтік мөлшерлемені көтеру осы мақсатқа арналған қолма-қол қаражат 

есебінен бір мезгілде барлық қызметкерлер үшін іс жүзіне асырыладыт [1]. 

Өнеркәсіптерде еңбектің саны мен сапасы ескерілетін мерзімдік сыйақылық 

еңбекақы жүйесі  кеңінен тараған. Бұл жүйені қолдану барысында жұмысшының 

жауапкершілігі  мен  жеке  материалдық  мүдделігі  артады.  Жұмысшыға 

сыйлықақы  уақытты  үнемдегені  үшін,  жұмысшылардың  және  жабдықтардың 

жұмыс  істемей  бос  тұрып  қалғанын  азайтқаны  және  жойғаны  үшін, 

машиналарды,  агрегаттарды,  цехтарды  апатқа  ұрындырмағаны  үшін, 

материалдарды  үнемдегені  үшін  беріледі.  Сыйлық  пен  сыйлықақы  көлемі 

кәсіпорындарда әзірленген сыйлықақы беру туралы Ережемен анықталады. 

Сондай-ақ  бұл  жүйеде  жұмысшыларға  нақты  істеген  уақыты  үшін  жай 

мерзімдік еңбекақы төленеді. Алайда, жұмысшыларға нақты істеген уақыттары 

үшін  есептелетін  еңбекақыларына  процентінде  белгіленетін  қосымша 

сыйлықақы беріледі. 

Сыйлықақы  көлемі  жұмыстың  маңыздылығы  мен  күрделілігіне  қарай 

жұмысшылардың сараланған мамандықтары мен топтары бойынша белгіленеді. 

Жұмыстың  негізгі  нәтижесі  үшін  жұмысшыларға  сыйлықақы  еңбекақы 

қорынан мына көрсеткіштер бойынша беріледі: 




−  өндірістік тапсырманы орындау және асыра орындау; 

−  өндірушіліктің,  өнімділіктің,  бұйымның  еңбек  сыйымдылығын 

төмендетудің,  өнімділіктің  жаңа  нормасын  игерудің  (уақыты  мен  қызмет 

етуінде) артуы; 

−  бөлім жұмысының түпкі нәтижесін жақсарту.  

«Сыйлықақы  туралы  ережені»  субъект  дербес  әзірлейді.  Егер 

материалдарды  үнемдеу  барлық  бөлімдер  бойынша  тұтас  анықталса,  онда 

сыйлықақының  жалпы  сомасы  мерзімдік  еңбекақыға  сәйкес  жұмысшыларға 

тартылады.  Мерзімдік  сыйлықақы  тұтас  кәсіпорын  мен  бөлімдердің  жалпы, 

сандық жұмыс көрсеткіштері үшін есептеледі. Сыйлықақы көлемі кәсіпорындар 

мен бөлімдер бойынша тұтас белгіленеді. Ал, сыйлық нақты мерзімдік еңбекақы 

бойынша есептеледі [6]. 

Қызметкерлер  еңбекақыны  есептік  кезендегі  жұмыс  істеген  күндерінің 

санына  байланысты  белгіленген  қызметақы  бойынша  алады.  Олардың 

сыйлықақысы филиалдың жұмысының жалпы өндірістік көрсеткіштеріне қарай 

белгіленеді. 

Келісімді еңбекақыда өнімділік есебін егер әрбір жұмысшының орындаған 

жұмыс  көлемін  санауға  және  өлшеуге  келетін  болса,  заттай  өлшеумен 

ұйымдастыруға  болады  және  жұмыстың  уақыт  бірлігінде  жоспарланған, 

нормаланған  тапсырмаларды  белгілеу  керек.  Сондықтан  өнімділік  есебінің 

құжаты қызметкерлерге мына деректердің есебін қамтамасыз етуі керек: 

−  дайындалған өнім мен орындалған жұмыстың саны мен сапасы туралы

−  орындалған  жұмыстың  көлемі  осы  жұмысқа  жұмсалған  материалдар, 

шикізаттар, жартылай өңделген өнімнің шығын санына сәйкестігі туралы; 

−  өнімділік нормасының орныдалу деңгейі мен еңбекақы көлемі туралы. 

Өнеркәсіптегі өнім сапасын бақылау тәсіліне, ұйымдастыру мен еңбекақы 

жүйесіне,  өндіріс  сипатына  қарай  мынадай  бастапқы  есеп  құжаттарының 

формалары  қолданылады:  кесімді  еңбекақылы  жұмысқа  жүктелім,  бағыттық 

құжат,  ауысым  үшін  жұмысқа  қабылдау  және  өнімділік  туралы  мәлімдеме, 

өнімділік  есебінің  тізімдемесі,  мерзімдік  еңбекақыдағылар  тапсырмасын 

қабылдау туралы акт. 

Тікелей  кесімді  еңбекақы  жүйесінде    жалақы  дайындалатын  өнімнің  кез 

келген  санына  белгіленген  кесімді  баға  бойынша  орындалған  жұмыс  үшін 

есептеледі.  Еңбекақыны  жұмысшының  дайындаған  өнім  санына  арналған 

белгіленген бағаларға көбейту жолымен анықталады. Сонымен бірге еңбекақы 

әрбір өндірілген бұйым бірлігі үшін бір ғана сол бағалау бойынша төленеді. 

Сыйлықақы  кесімді  еңбекақы  жүйесінде    жұмысшының  жалақысы  нақты 

өнімділік  үшін  есептелетін  негізгі  кесімді  бағалау  бойынша  еңбекақыдан 

құралды  және  белгіленген  сыйлықақы  көрсеткіштерін  өндірістік  жоспарды, 

нормаланған  тапсырманы  және  өнімділік  нормасын  орындау  және  асыра 

орындау, өнімнің сапасын көтеру; шикізатты, отынды, энергияны, материалды 

үнемдеу; жабдықтау жұмысының технологиялық тәртіптемесін сақтағаны үшін 

есептелетін сыйлықақы төленеді. 



Үдемелі-кесімді  еңбекақыда    жалақы  өнімдерін  жоспарлы  саны  үшін  – 

тікелей  кесімді  бағалау  бойынша  емес,  өнімді  нормадан  тыс  өндіргені  үшін  – 

үдемелі өсу бағасы бойынша есептеледі. 

Жанама-кесімді  еңбекақыда    қосалқы  және  басқа  өндірістегі 

жұмысшылардың  еңбекақы  көлемі  олардың  негізгі  өндіріс  жұмысшыларын 

қызмет етудегі жұмысқа жанама әсерін тигізетін еңбек нәтижесіне байланысты 

есептеледі. 

Көтеріңкі  еңбекақы  жүйесі    әр  түрлі  мамандықтағы  жұмысшылардан 

құралатын  бригаданың  жөндеу  және  басқа  жұмыстарды  орындау  барысында 

қолданылады. Бұл жүйеде жалақы алдын ала белгіленген нормаланған тапсырма 

(уақыт  нормасы,  өнімділік  нормасы)  бойынша  барлық  жұмыс  көлемінің 

орындалуымен  анықталады.  еңбекақы  жұмыстың  ең  жоғары  мерзімде 

орындалуы қоса көрсетілетін түпкілікті өнімнің өлшеу бірлігіндегі белгіленген 

бағалау  бойынша  барлық  жұмыс  көлемі  үшін  жүргізіледі.  бухгалтерия  нақты 

еңбекақыны  жұмыс  істелген  әрбір  уақыт  ішіндегі  сағат  санына  және 

жұмысшылардың  разрядына  сәйкес  бригада  мүшелеріне  бөледі.  Бұл  жағдайда 

сыйлықақы сапаны сақтау барысындағы жұмысты орындау уақытын қысқарту 

үшін  жүргізіледі.  Көтеріңкі  еңбекақы  жүйесі  материалдық  мүдделікті  тудыру 

және  жұмысты  орындау  мерзімін  қысқарту  мақсатында  жеке  жұмысшылар 

тобына  енгізілуі  керек.  Көтеріңкі  еңбекақы  жүктеліммен  рәсімделеді.  Бригада 

мүшелерінің өтініші бойынша көтеріңкі еңбекақы оларға тең бөлінуі мүмкін [22]. 

Түнгі уақыттағы жұмыс және оның еңбекақысы. 

«Қазақстан Республикасы Еңбек туралы» Заңының 48, 73-баптарына сәйкес 

сағат 22-ден сағат таңғы 6-ға дейінгі уақыт түнгі болып табылады. Аяғы ауыр 

әйелдер түнгі уақыттағы жұмысқа тек олардың келісімімен ғана жіберіледі [23]. 

Түнгі уақыттағы жұмысқа он сегіз жастан кіші тұлғалар және медициналық 

анықтамасында  түнгі  уақытта  жұмыс  істеуге  тиым  салынған  кейбір  тұлғалар 

жіберілмейді. 

Түнгі  жұмыс  уақытындағы  әр  сағат  үшін  бір  жарым  мөлшерден  кем 

төленбеуі керек. 

Жұмыс  уақытының  есеп  табелінде  түнгі  уақыт  бір  айдағы  қорытынды 

сандармен  тіркеледі.  Түнгі  уақыттағы  барлық  жұмыс  кәсіпорында  бекітілген 

бастапқы 

құжаттармен 

рәсімделеді 

және 


кәсіпорынның 

ұжымдық 


келісімшартында (Еңбек туралы ереже) бекітілген жоғары мөлшерде төленеді, 

ол заңды қарастырылған мөлшерден төмен болмауы керек [7]. 

Демалыс пен мереке күндеріндегі жұмыс және оның еңбекақысы. 

«Қазақстан Республикасы Еңбек туралы» Заңының 56, 57, 58, 59-баптарына 

сәйкес: 

−  қызметкерлерге демалыс күндері (апта сайын үзіліссіз демалыс уақыты) 

беріледі; 

−  бес күндік жұмыс аптасында қызметкерлерге аптасына демалуға екі күн 

беріледі , ал алты күндік жұмыс аптасына – бір күн; 



−  жексенбі  жалпы  демалыс  күні  болып  табылады.  Бес  күндік  жұмыс 

аптасының  екінші  демалыс  күні  жұмыс  берушінің  актісінде  немесе  жұмыс 

кестесінде бекітіледі. Екі демалыс күні, тәртіп бойынша, қатар беріледі; 

−  жұмыс күндері мереке күндерімен қатар келген жағдайда және жұмыс 

уақытын  ұтымды  пайдалану  мақсатында  Қазақстан  Республикасы  Үкімет 

демалыс күндерін басқа жұмыс күндеріне ауыстыра алады. 

−  жұмысшылар демелыс күндері жұмысқа мына жағдайларды қоспағанда 

ғана олардың келісімімен жіберіледі: 

−  төтенше жағдайларды болдырмау немесе дүлей апат, өндірістік апаттың 

алдын алу немесе олардың салдарын дереу залалсыздандыру үшін; 

−  қайғылы  оқиғалардың,  мүліктердің  опат  болуының  алдын  алу  және 

олардың себеп-салдарын тексеру үшін; 

−  тұтас ұйымның немесе оның жекелеген бөлімшелерінің қалыпты жұмыс 

істеуіне  ықпалын  тигізетін,  жылдам  орындалуды  талап  ететін,  бұрын 

байқалмағандықтан шұғыл істелетін жұмыс үшін. 

Ұйымдарда демалыс күндерінде өндірістік-техникалық жағдайларға немесе 

халықты ұдайы қамтамасыз ету қажеттілігіне, сондай-ақ кәсіпорындағы үзіліссіз 

өндіруге  қарай  жұмысты  тоқтату  мүмкін  болмауына  байланысты,  демалыс 

күндері  аптаның  әрбір  күндерінде  әр  жұмысшылар  тобына  жұмыс  беруші 

бекіткен ауысым кестесіне сәйкес кезекпен беріледі. 

Қазақстан  Республикасы  белгіленген  мереке  күндерінде  өндірістік-

техникалық себептерге байланысты жұмысты тоқтатпайтын ұйымдарды немесе 

халықты  ұдайы  қамтамасыз  ету  қажеттілігіне  орай  жұмысын  тоқтатпайтын 

ұйымдарды қоспағанда жұмыс істелінбейді. 

«Қазақстан  Республикасы  Еңбек  туралы»  Заңының  73-бабына  сәйкес 

мереке  және  демалыс  күндерінде  істелген  жұмыстың  еңбекақысы    әдеттегі 

жұмыс күнінің еңбекақысы мөлшерінен екі есе жоғары болуы керек [3]. 

Мереке  және  демалыс  күндерінде  жұмыс  істеген  жұмысшы  өтемақыны 

қосымша  демалыс  күнімен  ауыстыра  алады.  Яғни,  өтемақыны  алмай,  жұмыс 

уақытында сол өтемақы мөлшеріндегі еңбекақы есебінен демалыс алуы мүмкін. 

Мереке күндеріндегі еңбекақы  барлық қызметкерлерге мереке күндерінде 

ісеген сағаттарына қарай төленеді. Жұмысауысым сағаты мереке күндеріне дәл 

келсе, мереке күндрінде істелінген сағаттарға екі есе мөлшерде төленеді (0-ден 

24 сағатқа дейін). 

Бөлімше басшының еңбекақы мәселесін қарастырғанда демалыс күндерінде 

мыналарды  есте  ұстауы  аса  қажет:  бастық  өзінің  қызмет  міндетіне  сәйкес 

жұмыстың  ұйымдастырылуы  мен  оған  сеніп  тапсырылған  бөлімшенің  қызмет 

етуіне толық жауапты. Оған әдеттегіше нормадан тыс жұмыс күні белгіленеді 

(еңбек туралы жаңа заңда «нормадан тыс» деген термин қолданылмаса да) және 

оған  басқалардан  гөрі  көп  еңбектенгені  үшін  айлығы  жоғары  қызметақы 

төленеді. 

Қызметкердің  бекітілген  жеке  еңбек  келісімшартындағы  нормадан  тыс 

жұмыс  күнінің  мағынасы  мынадан  саяды:  бұл  ерекше  еңбек  жағдайы  нақты 



котегориядағы  қызметкерлерге  арналған  және  басқа  күндері  өндірістік 

қажеттілік  туған  жағдайда  олар  әкімшіліктің  ұсынысымен  немесе  өз 

бастамаларымен мезгілсіз уақытта жұмыс істейді. 

Түнгі  уақыттағы  жұмыс,  мезгілден  тыс  жұмыс,  демалыс  және  мереке 

күндеріндегі  жұмыс  үшін  өтемақы  төлеу  «Қазақстан  Республикасы  Еңбек 

туралы» Заңының 73-бабында рет ретімен баяндалған және қосымша ақы түрінде 

нақты істелген уақыт үшін мына мөлшерде төленеді: 

−  мезгілден  тыс,  түнгі  жұмыс  уақыты  (сағат  22-ден  таңғы  6-ға  дейін)  - 

әрбір жұмыс сағаты үшін бір жарым күндік еңбекақы мөлшерінен кем болмауы 

керек; 


−  демалыс және мерекелік жұмыс уақыты - әдеттегі еңбекақының екі есе 

мөлшерінен кем болмауы керек. 

Қолайсыз жұмыс жағдайы үшін өтемақы қолданыстағы заңдылық актілерге 

сәйкес белгленеді. 

Мезгілден тыс жұмыс және оның еңбекақысы. 

Осы  Заңның  45-бабына  сәйкес  жұмысуақытынан  тыс  жұмыстын  істелуі 

мезгілден тыс жұмыс болып табылады («Қазақстан Республикасы Еңбек туралы» 

Заңының  49-бабы,  1-тармағы).  Қызметкер  мезгілден  тыс  жұмысқа  тек  мына 

жағдайларды қоспағанда ғана оның келісімімен жіберіледі: 

−  елдің  қорғанысына  аса  қажетті  жұмыс  болғанда,  сондай-ақ  төтенше 

жағдайлар  мен  дүлей  апаттың,  өндірістік  апаттың  алдын  алунемесе  олардың 

салдарын дереу залалсыздандыру үшін: 

−  сонымен жабдықтау, газбен жабдықтау, жылу, жарық ,к оногһлизация, 

көлік (олардың дұрыс жұмыс істеуін бұзатын кездейсоқ және оқыс оқиғалардың 

болдырмау үшін) қоғамдық аса қажетті жұмыстар пайда болғанда

−  үзілісті  «көтермейтін»  жұмысқа  ауыстыратын  жұмысшы  келмей 

қалғанда  жұмысты  тоқтатпай  жалғастыру  үшін,  бірақ,  ол  екі  сағаттан  көп 

болмауы керек [3]. 

Мезгілден  тыс  жұмыс  уақыты  бір  тәулікте  «әр  жұмысшыға  екі  сағаттан 

артық болмауы керек (көп күш жұмсауды қажет ететін ауыр жұмыстарда және 

жұмыстың зиянды және қауіпті еңбек жағдайында  – бір сағаттан көп болмауы 

қажет). Аса зиянды және аса қауіпті еңбек жағдайында мезгілден тыс жұмысқа 

тыйым салыныды («Қазастан Республикасы Еңбек туралы» Заңының 50-бабы). 

Мезгілден  тыс  жұмыстың  еңбекақысы  бір  жарым  күндік  еңбекақы 

мөлшерінен  кем  болмауы  керек  («Қазақстан  Республикасы  Еңбек  туралы» 

Заңының 73-бабы). 

Мезгілден  тыс  жұмыс  тиісті  құжаттармен  рәсімделеді.  (жүктелім,  наряд 

және т.б)  

Мұндай  жұмыстың  есебі  жұмыс  уақытын  пайдалану  есеп  табелінде 

жүргізіледі. 

Мезгілден тыс жұмыс уақытында орындалған еңбек үшін қосымша ақыны 

есептеуде жұмыс уақытының есеп табелі негізгі алынады. 

Бос тұрып қалу уақытының төлемақысы. 



«Қазақстан  Республикасы  Еңбек  туралы»  Заңының  74-бабына  сәйкес  бос 

тұрып қалған жұмыс кақыты төлем ақысының тәртібі мен шарттары жеке еңбек 

немесе  ұжымдық  келісім  шарттарында  анықталады.  Жұмысшының  кінәсінен 

болған бос тұрып қалу уақытына төлем ақы берілмейді. 

Бос тұрып қалу – жұмысшы жұмыс орнынан табылса да, өндірістік процеске 

қатыспайтын, жұмыстағы еріксіз үзіліс уақыты. 

Бос  тұрып  қалу  өнімнің  өзіндік  құнын  көтереді,  табысты  кемітеді, 

кәсіпорынға    зиян  шектіреді,  бос  тұрып  қалуға  жұмысшыларда,  әкімшілікте, 

материалдармен жбдықтаушыларда және т.б. кінәлі болуы мүмкін. 

Жұмысшының кінәсінен болмайтын бос тұрып қалудың жоғары шегіндегі 

төлемақысы  жұмысшының  толық  тарифтік    мөлшерлемесі  болуы  мүмкін. 

Жұмысшының бригадирге, мастерге немесе басқа да лауазымды тұлғаларға бос 

тұрып  қалудың  қалай  басталғанын  және  оның  себебін  ескертуі  бос  тұрып 

қалудың төлемақысы болып табылады. 

Қызметтерді  қоса  атқарудың  еңбекақысы  (қызмет  ету  аймағын  кеңейту) 

және жұмыста уақытша жоқ жұмысшының міндеттерін орындау. 

 «Қазақстан Республикасы Еңбек туралы» Заңының 72-бабына сәйкес: 

−  жұмысшы өзі қызмет ететін ұйымда өзінің нгізгі жұмысына қоса жеке 

еңбек  келісімшартымен  жұмыста  уақытша  жоқ  жұмысшының  жұмысын 

қосымша атқаратын болса, оған қосымша ақы төленеді; 

−  қызметтерді  қоса  атқарудың  немесе  жұмыста  уақытша  жоқ 

жұмысшының  міндетін  орындаудың  қосымша  ақы  мөлшерін  жұмыс  беруші 

жұмысшымен келісе отырып белгілейді. 

Категориялар  бойынша  жұмысшылар  өз  кәсіптеріне  сәйкес  келетін 

жұмысты,  ал  мамандар  мен  қызметкерлер  –  сәйкес  келетін  қызметті  қоса 

атқаруға болады.  

Жұмысшы  жеке  еңбек  келісімшартына  сай  өз  кәсібі  бойынша  қосымша 

жұмыс көлемін орындаса немесе өзінің негізгі міндетіне қоса қосымша қызмет 

атқарса,    бұл  арада  сол  қызмет  ету  аймағын  кеңейту  немесе  орындайтын 

жұмыстың көлемін ұлғайту турасында болып отыр. 

Осы  тәртіп бойынша жұмысшыға  орындаған  жұмысының  көлеміне  қарай 

еңбекақы немесе қосымша еңбекақы төленеді. 

Жұмыс беруші мен жұмысшы арасындағы кәсіптерді дұрыс атқару қызмет 

ету аймағын кеңейту немесе орындайтын жұмыстың көлемін ұлғайту, сондай-ақ 

жұмыста  уақытша  жоқ  жұмысшының  міндеттерін  орындау  туралы  қол 

жеткізіген келісім жұмыс берушінің бұйрығымен рәсімделеді. 

Бұл  құжатта  мыналар  көрсетіледі:  қоса  атқарылатын  кәсіптердің  атауы, 

қосымша  орындалатын  жұмыстың  немесе  функцияның  көлемі,  оны  орындау 

мерзімі,  сонымен  қатар,  жұмысшының  тарифтік  мөлшерлемесіне  процентіне 

немесе абсалюттік бірліктерде бейнеленетін қосымша ақы көлемі. 

Егер  жұмыс  беруші  мен  жұмысшының  арасындағы  келісімде  қосымша 

орындалған  жұмыстың  мезгілі  (мысалы, жұмысшы  жыл  сайынғы  демалысына 

шықпай істеген кезеңіне) алдын ала айтылса, онда бұл мерзім біткенше үстеме 



ақы төлеу тоқтатылады және бұл туралы қызметкердің қосымша ескертуі талап 

етілмейді. 

Мынаны  айта  кету  керек,  айтылған  жағдайдың  құрылымдық  бөім 

басшылары мен олардың штаттағы орынбасарларына еш қатысы жоқ, яғни бұл 

жағдайдың  өкімі  оларға  жүрмейді.  Өйткені  басшы  (штаттық  орынбасар)  өз 

міндеттері  мен  оған  сеніп  тапсырылған  бөлімше  қызметкерлеріне  қарағанда 

жоғары тағайындалған қызметақыға лайықты дәрежеде бөлімшеге жүктелгшен 

барлық жұмыс көлемінің уақытылы әрі сапалы орындалуына жауап береді.  

Бөлімшеге қызметкерлерді (қол астындағыларды) басқара білуге (жұмысты, 

жұмыс  орындарын  және  кадрларды  орналастыруды  оңтайлы  ұйымдастыру; 

олардың  біліктілігін  арттыру;  жоғары  білікті  мамандарды  қызметпен  қамту; 

қызметтер  мен  міндеттерді  қол  астындағыларға  бөліп  беру,  жұмыста  жоқ 

қызметкерлердің  міндеттерін  басқаларға  уақытылы  бөліп  беру  және  т.б) 

байланысты барлық бөлімшенің жұмысы жақсарады. 

Мысалы,  кәсіпорынның  бас  бухгалтері  жұмысқа  келмей  қалған 

бухгалтердің орнына кәсіпорын  қызметкерлерінің еңбекақыларына  тізімдемені 

өзі жасауына болады. Алайда, мұндағы тізімдемені жасауы – қызметтерді қоса 

атқаруға,  қызмет  ету  аймағын  кеңейтуге,  жұмыста  уақытша  жоқ 

қызметкерлердің 

міндеттерін 

орындауға 

жатқызылмайды, 

өйткені 

қызметкерлердің еңбекақысын есептеу бухгалтерия жұмысының ажырамас бір 

бөлігі (функциясы) болып табылатындықтан бұл ең алдымен бас бухгалтердің 

тікелей жұмысына жатады [22]. 

Жауапкершілік туралы жазбаша келісім шартты жұмыс берушінің он сегіз 

жасқа толған, оған өндіріс процесінде тапсырылған құндылықтарды қолданумен, 

тасымалдаумен,  сатумен,  сақтаумен,  өңдеумен  тікелей  байланысты  жұмыс 

істейтін немес қызмет ететін жұмысшыларымен бекітуі мүмкін. 

Қосымша жалақы – бұл еңбек заңына сәйкес жұмыс істелмеген уақыт үшін 

қызметкерлерге есептелетін жалақы. 

Қосымша жалақы құрамына мыналар кіреді: 

−  негізгі және қосымша демалыс уақыттарының төлемақысы

−  пайдаланылмаған демалыс үшін өтемақылар; 

−  мемлекеттік  және  қоғамдық  міндеттерді  орындауға  кеткен  жұмыс 

уақытының төлемақысы; 

−  қызметтен босату жәрдемақысы; 

−  уақытша еңбекке қабілетсіздігі бойынша жәрдемақы. 

−  демалыс  төлемақысы  мен  пайдаланылмаған  демалыс  үшін  төленетін 

төлемақыға  арналған  қызметкерлердің  орташа  еңбекақысы  Қазақстан 

республикасы  Үкіметінің  2000  жылдың  29-шы  желтоқсаныдағы  №1942 

«Жұмысшылардың  орташа  еңбекақысын  есепету  тәртібі  туралы»  қаулысымен 

және  Қазақстан  Республикасы  еңбек  және  халықты  әлеуметтік  қорғау 

министрлігінің  22.06.2001  ж  №120-п.  бұйрығымен  бекітілген  нұсқауға  сәйкес 

есептеледі [23]. 




Орташа  жалақы  –  бұл  белгілі  бір  мезгілдегі  (сағат,  күн,  ай,  жыл) 

қызметкерлердің еңбекақысының орташа көлемі. 

Орташа  еңбекақыны  есептеудің  алған  тәртібі,  сонымен  қатар  уақытша 

еңбекке  қабілетсіз  бойынша,  жүктілік  және  туу  бойынша,  жарақат  алған 

жағдайда  немесе  жұмысқа  байланысты  қызметкердің  денсаулығына  зақым 

келген басқа жағдайларда және мүмкін болатын еңбекақыларда қолданылады. 

Ұйымдағы  қызметкерлердің  орташа  еңбекақысын  есептеудің  есептік 

кезеңіне тиісті төлемақылармен байланысты оқиғалар (жұмысшының демалысқа 

шығуы, жұмыстан босатуы және т.б) болып өтетін күнтізбедегі 12 ай жатады. 

Ұйымда  бір  жылдай  жұмыс  істеген  қызметкердің  орташа  еңбекақысы  нақты 

істеген уақытымен анықталады. 

Ұйымдағы жұмысшылардың орташа еңбекақысын анықтауда орташа күндік 

еңбекақысы пайдаланылады. 

Нақты жұмысшының орташа еңбекақысын есептеу үшін жұмыс уақытының 

жинақталған  есебінде  орташа  сағаттық  еңбекақы  пайдаланылады.  Орташа 

сағаттық  еңбекақы  есептік  кезеңде  есепт  елген  еңбекақы  сомасын  өндірістік 

күнтізбе  бойынша  жұмыс  уақытының  жыл  сайынғы  балансына  орай  бұл 

кезеңдегі  жұмыс  сағаттарының  санына  бөлу  арқылы  есептелінеді.  нақты 

жұмысшының  орташа  еңбекақы  көлемі  орташа  сағаттық  еңбекақыны 

төлемақыға  тиісті  кезеңдегі  жұмыс  сағаттарының  санына  көбейту  арқылы 

анықталады [23]. 

Еңбекақы  жүйесінде  қарастырлған  сыйлықақы  мен  ынталандыру 

сипатындағы басқа төлемақылар есептеу уақыты бойынша орташа еңбекақыны 

есептеген  кезде  қосылады,  ал  бір  жылдағы  еңбегі  үшін  берілетін  жылдық 

сыйлықақы  мен  сыйлық  есептік  кезеңнің  әрбір  айы  үшін  1/12  көлемінде 

ескеріледі. 

Орташа  еңбекақыны  есептеуде  еңбекақы  қорына  қосылған  төлемақылар 

ескеріледі. 

Орташа  еңбекақы  есептелгенде  демалысқа  бөлінетін  материалдық  көмек, 

мерекелік  күндермен  және  өтемақылық  төлемдермен  байланысты  бір  жолғы 

көтермелеу  төлемдері  ескерілмейді.  сондай-ақ  істелінбеген  уақыт  үшін  төлем 

түрлері де ескерілмейді. Атап айтқанда: 

−  жыл сайынғы демалыс төлемі; 

−  пайдаланылмаған демалыс өтемақысы; қызметкердің, оның ішінде бала 

тәрбиесімен айналысатын әйелдердің де заңда қарастырылған демалыстарға қоса 

ұжымдық келісім шарт бойынша қосымша ұсынылатын төлемақысы; 

−  мемлекеттік  және  қоғамдық  міндеттерді  орындаған  қызметкерлердің 

жұмыс  уақытысының  төлемақысы;  жұмысшының  кінәсінен  болмайтын 

жұмыссыз бос тұрып қалудың төлемақысы; 

−  кадрлардың  біліктілігін  арттыру  және  қайта  даярлау  жүйесіне 

байланысты  оқу  кезінде  жұмыстан  уақытша  ажырап  қалған  ұйым  басшылары 

мен мамандарына негізгі жұмыс орны бюойынша еңбекақысы; 




−  еріксіз  жұмысқа  келмеудің  төлемақысы;  қызметтен  босату 

жәрдемақысы  мен  істелін  беген  уақыт  үшін  төлемақыныңі  басқа  түрлері  (іс-

сапар уақытына төленетін саладан басқасы) . 

Демалыс уақыты үшін төлемақы. 

Жеке  еңбек  келісімшарты  юойынша  жұмыс  істеушіге  жұмыс  орны  мен 

орташа  еңбекақысын  сақтайтын  жыл  сайынғы  төленетін  еңбек  демлысына 

байланысты  кепілдік  беріледі.  Еңбек  демалысының  төлемақысы  оның 

басталуына  күнтізбе  бойынша  үш  күн  қалғанда  беріледі  («Қазақстан 

республикасының 

Еңбек 


туралы» 

Заңының 


60-бабы). 

«Қазақстан 

Республикасының Еңбек туралы» Заңының 60-бабы, 3-тармағына сәйкес: «Жыл 

сайынғы  төленетін  еңбек  демалысы,  егер  басқасы  жеке  категориядағы 

қызметкерлерге  арналған  нормативті  құқық  актілерінде,  жеке  еңбек 

келісімшартында  немесе  ұжымдық  келісімшартында  және  жұмыс  берушінің 

актілерінде  қарастырылмаған  болса,  қызметкерге  күнтізбедегі  18  күнінен  кем 

болмайтын уақытқа беріледі» . 

Жыл  сайынғы  төленбелі  қосымша  еңбек  демалысы  өндіріс,  жұмыс, 

мамандық, қызмет тізбелеріне сәйкес өкілетті мемлекеттік органдар анықтаған 

көп күш жұмсауды қажет ететін ауыр жұмыс жағдайында немесе зиянды, қауіпті 

жұмыс жағдйында жұмыс істейтін қызметкерлерге беріледі. 

Қатарынан екі жыл ішінде еңбек демалысы берілмеуге тиым салынады. 

Жыл  сайынғы  еңбек  демалысының  ұзақтығы  күнтізбе  күндерімен 

есептеледі.  Еңбек  демалысының  уақытында  болатын  жұмыс  ережесі  мен 

кестесінде белгіленген мерекелік күндер есепке кірмейді. 

Жыл  сайынғы  еңбек  демалысына  рұқсат  ететін  еңбек  стажына  мыналар 

кіреді: 


−  жыл ішіндегі істелінген нақты жұмыс уақыты; 

−  заңсыз жұмыстан босанудағы еріксіз жұмысқа келему уақыты

−  уақытша еңбекке қабілетсіздігі қағазда (анықтама) расталған, емделуге 

кеткен уақыт. 

Жұмыстың бірінші жылындағы еңбек демалысы  жеке еңбек келісімшарты 

бойынша  бір  жыл біткенше  беріледі.  Жыл  сайынғы  еңбек  демалысына  өтініш 

бойынша бөліп-бөліп беріледі. 

Жыл  сайынғы  еңбек  демалысы  ауыстырылуы  мүмкін,  толық  ұзартылуы 

мүмкін  немесе  қызметкердің  уақытша  еңбекке  қабілетсіздігіне  қарай  бөліп 

берілуі  мүмкін,  демалыс  уақытындағы  жүктілік  және  туу  бойынша  да  еңбек 

демалысы  ауыстырылуы,  ұзартылуы,  бөліп  берілуі  мүмкін,  алайда  еңбек 

демалысы  уақытындағы  уақытша  еңбекке  қабілетсіздікке  жәрдемақы 

берілмейді. 

Жыл  сайынғы  еңбек  демалысы  жұмысшының  келісімімен  немесе  оның 

өтінішімен ғана келесі жұмыс жылына ауыстырылуы немесе ұзартылуы мүмкін. 

Тараптардың  келісімі  бойынша  ауыстырылған  еңбек  демалысы  келесі  жылғы 

еңбек демалысына қосылуы мүмкін немес жұмысшының уақыты бойынша басқа 

уақытта жеке берілуі мүмкін. 




Демалыс төлеміне арналған орташа күндік еңбекақы мен пайдаланылмаған 

демалыс үшін төленетін өтемақы демалысқа кетер айдың алдындағы 12 күнтізбе 

айының еңбекақысымен анықталады. 

Демалыс төлеміне арналған орташа күндік еңбекақы мен пайдаланылмаған 

демалыс үшін төленетін өтемақы былай есептелінеді: 

−  егер  барлық  есептік  кезең  толық  істелінсе,  есептік  кезеңде  есептелген 

еңбекақы сомасын 12-ге және демалыс төлеміндегі күнтізбе күндерінің орташа 

айлық санға бөлу арқылы (352 күн : 12 ай = 29,33 – 2020 жылға арналған есептегі 

күнтізбелік күндердің орташа айлық саны); 

−  егер есептік кезеңдегі әрбір он екі ай толық істелінбесе, істелінген уақыт 

үшін есептелген еңбекақы сомасын істелген уақыттың күнтізбедегі күн санына 

бөлу арқылы (күнтізбе күніндегі демалыс уақыты да бұған қосылады) [10]. 

Мысалы,  3-кестеде    кассир  Маратов  Сабыр  Оразұлына  2020  жылдың  17 

қаңтардан  бастап  25  қаңтарға  дейін  9  күнтізбелік  күн  ақысы  төленетін  жыл 

сайынғы еңбек демалысы берілді. 

 

 



 

Кесте 3  

Кезекті демалыс еңбекақысы есептелінді 

Кезең 


Жұмыс істеген 

Сомасы 


Күн 

Сағат 


Қыркүйек 2020ж 

19 


60110,13 

Қазан 2020ж 

22 


71752,50 

Қараша 2020ж 

15 


53814,38 

Желтоқсан 2020ж 

20 


71752,50 

 

76 


257429,51 

Ескерту: Кәсіпорынның еңбекақы есептеу ведомосты көзінен алынған 

Уақытша  еңбекке  жарамсыздық  бойынша  әлеуметтік  жәрдемақы  жалпы 

ауруларға  (сынық,  жүктілікті  жасанды  жолмен  тоқтату,  туберкулез  ауруына 

немесе  кәсіби  сырқатқа  байланысты  басқа  жұмысқа  уақытша  ауыстырудағы 

карантин) байланысты уақытша еңбекке жарамсыздық жағдайында және заңда 

қарастырылған басқа жағдайларда тағайындалады және төленеді. 

Уақытша еңбекке жарамсыздық бойынша жәрдемақыны есептеу және төлеу  

Жүктілік және босану бойынша әлеуметтік жәрдемақы, сондай-ақ нәрестені 

перзентханадан  тікелей  асырап  алған  әйелге  әлеуметтік  жәрдемақы  жүктілік 

және  босану  бойынша  барлық  демалыс  уақытына  тағайындалады.  Сонымен 

қатар  нәрестені  асырап  алған  күннен  басталатын  демалысқа  да  әлеуметтік 

жәрдемақы тағайындалады және бала туған күннен 56 күн өткенше орташа бір 

айлық еңбекақы есебінен (бір айлық есеп көрсеткішінің он есе шамасынан көп 

болмауы керек) жәрдемақы беріледі. 

Егер  уақытша  еңбекке  жарамсыздық  еңбек  жарақатымен  немесе  кәсіби 

аурумен  байланысты  болса,  онда  әлеуметтік  жәрдемақыны  жұмыс  беруші 




еңбекке жарамсыз боп қалған бірінші күннен бастап жұмысқа шыққанша немесе 

мүгедектігі белгіленген 100% орташа еңбекақы көлемінде төлейді. 

Жұмыс  істеуші  азаматқа  уақытша  еңбекке  жарамсыздық  бойынша 

жәрдемақы  орташа  еңбекақы  есебінен  төленеді.  Мұнда  уақытша  еңбекке 

жарамсыздық бойынша бір  айлық  жәрдем  ақы  көлемі  он  еселік  шамадағы  бір 

айлық есеп көрсеткішінен аспауы тиіс. 

Мысалы,  4-кестеде  жұмысшы  Аманов  Арман  Елемесұлына  уақытша 

еңбекке  жарамсыз  бойынша  жәрдемақы  есептелінді.  Ауырған  уақыты  2020 

жылдың 6 қаңтарынан бастап,осы айдың 28 дейін. Ауырған күндері – 17. 

Кесте 4  

Еңбекке жарамсыз бойынша жәрдемақы есептелінді 

Айлар 


Жұмыс істеген 

Сомасы 


Күні 

Сағаты 


Тамыз 2020ж 

21 


66437,50 

Қыркүйек 2020ж 

21 


66437,50 

Қазан 2020ж 

22 


66437,50 

Қараша 2020ж 

20 


66437,50 

Желтоқсан 2020ж 

104 


332187,50 

Ескерту: Кәсіпорынның еңбекақы есептеу ведомосты көзінен алынған 

Сонымен    ұйымның  жұмысшыларының  еңбек  ақыны  есептелуін  және 

шоттарда жинақталуын көрсетуге болады.[Қосымша А] 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет