Дипломдық ЖҰмыс 5В050800 «Есеп және аудит» мамандығы



Pdf көрінісі
бет4/8
Дата09.05.2022
өлшемі461,8 Kb.
#33606
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Айжан диплои

 

 

2.3 Еңбек ақыдан төлемдер мен ұсталымдар есебі 

 

Кәсіпорын бухгалтериясы тек еңбекақыны, жәрдемақыны және басқа да әр 



түрлі төлемдерді есептеп қана қоймайды, сондай-ақ еңбекақыдан ұстауды және 

шегеруді жүзеге асырады. 

Заңға сәйкес қызметкерлердің еңбекақысынан төмендегі ұстауларды жүзеге 

асырады: 

−  жеке  табыс  салығы  –  еңбекақының  салық  объектісін  иемденген 

мемлекеттік салық; 

−  жинақтаушы зейнетақы қорына аударады; 

−  бұрын берілген аванс бойынша берешекті жабу, сондай-ақ дұрыс есеп 

айырыспаудың  салдарынан  болатын  қызметкерге  артық  төленген  соманы 

қайтару; 

−  субъектінің  қызметкерге  келтірген  материалдық  залалдың  орнын 

толтыру; 

−  бірқатар айыппұл түрлерін өндіріп алу; 

−  атқару  құжаты  бойынша  –  кәмелет  жасына  толмаған  балалар  немесе 

еңбекке жарамсыз ата-аналар үшін алимент өндіріп алу; 

−  кредитке сатылған тауар үшін; 

−  өнім ақауы үшін. 



Жеке табыс салығы ұстау 

Табыс  салығы  есептелген  және  ең  аз  мөлшердегі  еңбекақы  көлемінің 

арақатынасына  байланысты  мөлшерлеме  бойынша  еңбекақының  салық 

салынатын минимумынан асатын сомадан ұсталады. 

Қазақстан  Республикасы  «Салықтар  және  бюджетке  міндетті  басқа 

төлемдер  туралы»  кодексінде  табыс  салығының  салық  объектісіне  жылдық 

жиынтық  табыс  пен  қарастырылған  шегерулер  арасындағы  айырмашылықтар 

ретінде есептелген салық табысы жатады. 

Еңбекті  төлеу  түрінде  алынған  табысқа  жеке  тұлғаны  жалдау  бойынша 

жұмыстан түсетін табыс жатады. 

Еңбекті төлеу түрінде алынған табысқа мыналар жатады: 

−  қызметкер өткізген тауарлар мен қызмет құны және бұл тауарлар мен 

қызметті  сатып  алу  бағасы  немесе  өзіндік  құны  арасындағы  жағымсыз 

айырмашылық; 

−  жұмыс берушінің оның қызметімен қатысы жоқ қызметкердің шығынын 

жабуы; 


−  жұмыс  берушінің  шешімі  бойынша  өзіне  борышқор  қызметкерлерінің 

қарыз немесе міндеттеме сомасын есептеп шығару; 

−  жұмыс  берушінің  өз  қызметкерлерінің  ерікті  түрде  өмірін  немес 

денсаулығын сақтандыру бойынша жарнасын төлеуге жұмсайтын шығыны; 

−  жеке  тұлғадан  ұсталатын  табыс  салығы  шотына  жұмыс  берушінің 

төлейтін сомасы; 

−  қызметкердің тікелей және жанама табысына жататын жұмыс берушінің 

басқа шығындары. 

Жұмыс  берушінің  таза  табыс  есебіне  алынған,  кәсіпорын  қызметімен 

қатысы жоқ кәсіпорын қызметкерлерінің тікелей және жанама табысына Салық 

кодексінің  145-бабында  бекітілген  мөлшерлеме  бойынша  жеке  табыс  салығы 

салынады [12]. 

Жинақтаушы зейнетақы қорына аударым 

Азаматтарды  зейнетақымен  қамтамасыз  ету  «Қазақстан  Республикасында 

азаматтрады  зейнетақымен  қамтамасыз  ету  туралы»  заңға  сәйкес  жүзеге 

асырылады.  Кәсіпорын  зейнетақы  төлем  көзі  болып  табылатын  еңбекақыдан 

белгіленген  көлемде  аударуды  жүзеге  асырады.  ҚР  Үкіметінің  29.12.1999  ж. 

бекіткен(өзгерулер мен толықтырулар 2007,2019) №1671 «Есептеу, ұстау және 

міндетті  зейнетақы  қорына  аудару  тәртібі»  Қаулысына  сәйкес  міндетті 

зейнетақы жарнасын ұстау және төлеу қызметкердің ай сайынғы табысының он 

процент мөлшерінде жүргізіледі. Мұнда қызметкерлердің ай сайынғы табысы ең 

аз деңгейдегі бір айлық еңбекақының жетпіс бес еселенген мөлшерінен аспауы 

керек.  Ұсталынған  міндетті  зейнетақы  жарнасы  жинақтаушы  қорына  келесі 

айдың табысын төлеу үшін айдың 15-ші күніне дейін аударылады. 

Жарнаны  аударуды  агент  қолма-қол  ақшасыз  төлем  жолымен  жүргізеді. 

Жарнаны аудару барысында банкте әрбір жинақтаушы зейнетақы қоры бойынша 

жеке  тұлғалар  тізімі  жазылған  екі  немесе    үш  данадан  төлем  тапсырмасы 



беріледі. Онда қызметкерлердің жеке арнайы коды, аты-жөні, әкесінің аты, туған 

күні, аударуға жататын жарна сомасы мен кезең (ай, жыл) жазылған [13]. 

Әлеуметтік салық 

Салық  салу  объектілеріне  жұмыс  берушіге  материалдық  әлеуметтік 

игіліктер  түрінде  және  басқа  материалдық  пайдалар  түрінде  (1,3,6,8,10,11,14-

17,23,25-29,31-34 реті бойынша 144-бапта және 1-7 реті бойынша 316-баптың 1-

ші тармақта белгіленген төлемдерді қосапғанда) берілген табыстарды қосқанда 

жұмыс  берушінің  қызметкерге  ақшалай  және  заттай  түрінде  төлейтін 

шығындары жатады [22]. 

Әлеуметтік салық қаржыландыру көзіне қатысы жоқ тиісті салық ұстауға 

дейін есептеледі. 

Салық  төлеушілер  төлемінің  мына  түрлері  бойынша  әлеуметтік  салықты 

есептемейді: 

−  кәсіпкерлік қызметпен айналысатын білімі жоқ заңды тұлғалар мен жеке 

тұлғалардан  ұсталатын,  жинақтаушы  зейнетақы  қорындағы  жеке  тұлғалардың 

міндетті зейнетақы жарнасы; 

−  пайдаланылмаған демалыс өтемақысы; 

−  жұмыстан босатудағы қызметтен босату жәрдемақысы; 

−  заңға сәйкес белгіленген өтемақының төлемдері; 

−  қызмет  ету  аймағы  ішінде  қызмет  сапарымен  байланысты  болуы  да 

мүмкін  аралау  сипатындағы  немесе  ұдайы  жол  үстінде  істелетін  тәуліктік 

жұмыстың орнына еңбекақыдағы қосымша ақы мен үстеме ақы және т.б. 

Әлеуметтік салықты төлеу ай сайын айдың екінші жартысы үшін еңбекақы 

төлемімен  белгіленген  мерзімде  жүргізіледі,  алайда  ол  еңбекақы  төлеміне 

қатыссыз келесі айдың 15-ші күнінен кешіктірмей төленуі керек.Бірыңғай жер 

салығын  төлеушілер  әлеуметтік  салық  декларациясын  бірыңғай  жер  салығы 

бойынша  декларацияны  беруге  арналған  «Салықтар  және  бюджетке  міндетті 

басқа  төлемдер  туралы»  Қазақстан  Республикасы  Кодексімен  белгіленген 

мерзімде ұсынады [13]. 

Әлеуметтік  салық  бойынша  бюджетпен  нақты  есеп  айырысу  есеп  беру 

кезеңі күнтізбедегі бір ай болып табылады. 

2020 жылғы әлеуметтiк салық 9,5% ставка бойынша есептеледі. 

Қызмеркерге  сауда  ұйымдарынан  кредитке  алынған  тауар  үшін  берілетін 

тапсырма-міндеттеме негізінде еңбекақыдан шегеру айына бір рет атқарылатын 

жұмыс үшін еңбекақысы төленген мерзімнен үш күн ішінде жүргізіледі. 

2020  жылдың  1  қаңтарынан  бастап  -  әлеуметтік  аударымдарды  есептеу 

объектісінен 3,5 пайыз құрайды. 

Еңбек ақыдан басқа да ұсталымдар түрлерін қарастырамыз. 

Алименттер  есепті  айдағы  негізгі  және  қосышадан  табыс  салығы 

ұсталғаннан  кейін  қалған  сомадан  ұсталады.  Кәмелетке  толмаған  балаларды 

күтуге  арналған  алимент бір бала  үшін жалақының  25%  мөлшерінде,  екі бала 

үшін – жалақының 33% - і, үш және одан көп балалар үшін 50% - ін құрайды. 

Белгіленген төлем күнінен кейінгі үш күн ішінде ұсталған алименттердің сомасы 

алушыға төленуге немесе өтем алушының шотына аударылу керек. Борышкер 




кәсіпорыннан  кететін  болса,  шаруашылық  субъектісінің  бухгалтериясы 

атқарушы қағазға барлық ұсталған алименттер туралы белгі қойып, оны мөрмен 

растайды,  егер  белгілі  болса,  оның  жаңа  жұмыс  орнын  немесе  тұратын  жерін 

көрсетеді.  





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет