* тәуелсіз түрде қорытынды беру. Осы айтылғандарға қарай тәуелсіздік
принципінің аудиторлық жұмыста ақпаратын ролі мен маңызының маңызының
анықтайды.
Жоғарыда айтылған принциптерден басқа төмендегідей принциптерді
пайдалануға болады:
1. ғылымилық ;
2. нақтылық ;
3. құндылық ;
4. жылдамдық ;
5. толықтылық, комплектілік және жүйелік ;
6. пікірлік т.б.
Осы айтылғандарға сәйкес аудит пәні мен объектілерінің алдында
төмендегідей мақсат пен міндеттемелер қойылады:
1. Субъектінің (ЖШС, акционерлік қоғамның, фирманың, бірлескен ЖШС
т.б.) қаржы нәтижесі жөніндегі отчеттың (есептіліктің) дұрыстығын
қамтамасыз ету;
2. Дұрыс шешім қабылдау үшін керекті мөлшерде қажетті мағлұматтарды
жинастыру және оларды бағалау;
3. Тұрақты түрде субъектілердің экономикалық көрсеткіштерін талдау;
4. Бухгалтерлік есепті жүргізу және отчет жөніндегі: заңдардың,
қаулылардың, нұскаулардың дұрыс қолданылуын және іске асырылуын
бақылау;
5. Бастапқы
құжаттардың белгіленген нормаға және нормативке
сәйкестігін тексеру;
6. Клиенттерге бухгалтерлік есепті дұрыс жүргіз, салық салу, құқық т.б.
жөнінде кеңес беру;
7. Өз клиенттерінің санының көбеюіне және олардың нығаюына ат салысу;
8. Аудиторлық тексеруді жоғары сапада жүргізу.
Жұмыс құжаттарының болуы аудитордың кәсіптік дайындық деңгейін
көрсетеді. Жұмыс қағаздарындағы жазулар нақты, әрі анық болуы тиіс.
Натуралдық нормативтер – бұл құнды емес сипаттағы критерийлер
(өлшемдер). Олар материалдарды қолданудың нәтижелілігіне, еңбек шығынына
баға беруде қолданылады.
Шығын нормалары – бұл нәтижелілікке баға берудің ақшалай критерийі.
Операциялардың өзіндік құны ақшамен көрсетіледі. Бұған жататындар: өнім
бірлігіне кеткен материалдық шығындар, машина жұмысының бір сағаттағы
шығыны.
Капиталдық нормативтер – бұл шығын нормаларының әртүрлілігі.
Бағдарламалық норматив – бұл қандайда бір бағдарламаның орындалуының
мерзімі.Мысалы: Өнім шығару және т.б.
Мақсат нормативтері – мұндай мақсаттар, күрделі бағдарламаны жүзеге
асырғанда немесе басқару функцияларын орындағанда қалыптасады. Бұлар
материалдық және материалдық емес сипатта болуы мүмкін[29].
Тексеріліп жатқан кәсіпорынның мамандарымен берілген куәлік аудиторр
үшін маңызды. Осындай жағдайда аудитор маманының іскерлігінің тәжірибесін
ескереді.
Егер аудитор құжаттарда күдікті мәліметті байқаса, онда ол маманмен
немесе клиентпен ақылдасады.
Тексеру процесінде аудитор банкілерден куәлік ала алады. Клиентке қызмет
көрсететін банкілерге арыз – хат жіберіледі. Банкілер керекті қаржы
мәліметтермен қамтамасыз етеді.
Сонымен қорытындылай келе, аудитор әртүрлі мәліметтерді иемденеді.
Мәліметтер келесі жағдайларды қамтиды: Эксперттік, бақылау, аналитикалық
бақылаудың нәтижелерінің көрсеткіштері.
«Expert Prom LTD» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны табысы мен
шығынын, активі мен міндеттемесін басшылыққы ала отырып, аудитор
қорытынды жазады.Бухгалтерлік есептілік және есептік регистр аудиттің
ақпараттық базасының негізі болып табылады.
Нақты тексерудегеніміз – натуралдық түрде тексеретін объектінің
көрсеткіштерінің нақты жағдайын зерттеп оларды анықтау. Нақты тексерудің
көмегімен бастапқы құжаттар мен есеп жазуларының толықтығын, дұрыстығын
анықтайды. Осыған орай нақты тексерудің методикалық тәсілдері бойынша
тексеретің объектінің нақты жағдайын анықтау, орындалған жұмыстар мен оның
көлемін анықтау, орындалған операциялардың құжаттарда дұрыс көрсетілуін
анықтау және т.с.с.
Нақты тексерудің тәсілдері төмендегідей үш топқа бөлінеді:
1. Түгендеу
2. Эксперттік бағалау
3. Көзбен шолу байқау.
Түгендеу- негізгі құралдардың, тауарлы-материалдық құндылықтардың, ақша
қаражаттарының нақты қалдығын анықтау тәсілі және олардың бухгалтерлік
есеп көрсеткіштеріне белгілі бір мезгілге сәйкестігі.
Эксперттік бағалау – кәсиби мамандар мен орындалған жұмыстардың, олардың
сапалары, өндірілген өнімдердің көлемін эксперттік түрде анықтау тәсілі.
Көзбен шолу байқау – цехтардағы, бөлімшелердегі жұмыстардың
ұйымдастырылуын зерттеу, қоймадағы тауарлы-материалдық запастардың
сақталуын тексеру, метериалдардың сыртқа шығарылуын және ішке кіргізілуін
тексеру [30].
Негізінде аудит есебінің мазмұнымен түрі арнайы принциптерге сәйкес
болуы қажет.Олар:
- есебінің тақырыбы болуы қажет, себебі әр бір есеп басқа есептерден өзінше
бөлектеніп байқалатын болуы қажет;
- аудит есебінде аудит көлемі, мақсаты, ондағы мәліметтің шектелуі анықталуы
қажет;
- аудит есебі басылымға шығатын болса, онда оған қоса сол есепте негіз болған
қаржылықты анықтаушы құжаттар да басылымға бірге шығуы қажет;
- аудит есебінде барлық тексерілген қаржылықты анықтайтын құжаттар
түгелдей көрсетілуі тиіс;
- есебінде аудитті құқылық негіз болатын құжаттары, нормативті құжаттар
көрсетілуі қажет;
- есебінің мазмұнында тұтынушылар үшін қажетті мәліметтер бухгалтерлік
жәгне аудиторлық стандарттар талабына сай, тексеру әдістемесін дұрыс
қолданғаны анықталған болуы қажет;
- есептің мазмұнында келтірілген анықтамалар, түсініктер өте тиянақты
түсінікті, күдіксіз, анық болуы қажет.
Осы принциптерге негізделе отырып, Қазақстанның 5-ші стандартында аудит
қортындысының негізгі элементтері келтіріліп, оның мазмұны мен жүйесі
анықталады.
Аудитор қортындысының негізгі бөлімінде аудитор тексеруін жалпы
көлемі, мазмұны келтіріліп, оның құқықтық жағы Қазақстан стандарттарына
сүйенен отырып жүргізілетіндігі көрсетіледі. Осы аудит материалы
қолданушылар, тұтынушылар үшін сенімді мәлімет болады[32].
Аудит қортындысының негізгі бөлімінде келтірілген мәлімет қаржы
есебінде жіберілген қате немесе кемшіліктер болуы мүмкіндігін, аудит күдігі
қандай мөлдшерде зияныды болатынын қарастырады. Яғни ол көрсеткіштерді
мәлімет тұтынушылардың есіне салады. Одан кейін, аудит технологиясының
барысы көрсетіледі:
- тест арқылы талдау жасау. Қаржы есептерін құжаттар арқылы дәлелдеу,
анықтау;
- бухгалтерлік есеп принциптерін, оның қаржы есебін жасаудағы тиімділігін
нақты, дәлелді түрде көрсету;
- жалпы қаржы есебіне баға беру;
Аудит есебінің қортындлау бөлімінде аудит қортындысын жасау қажет. Оның
негізгі мақсаты субьектінің қаржы есебінің дұрыстығын, оныңғ мемлекет
заңына, нормативтік құжаттар талабына, бухгалтерлік және аудиторлық
стандарт талабына сайкес жасалғандығын көрсету. Қаржы есебі туралы басқадай
нақты мәлімет қажет болған жағдайда аудитор оны жеке анывқтамалар, сараптау
қортындылары арөқыл көрсетіледі.Қазақстандағы аудит стандартының
талабына сәйкес аудит қортындысының түрі мен мазмұны бір жүйеге
келтіріледі.
|