Дипломдық ЖҰмыс 5В070300 «Ақпараттық жүйелер»



бет16/17
Дата20.03.2022
өлшемі1,63 Mb.
#28477
түріДиплом
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

ҚОРЫТЫНДЫ

Диплом жұмысын қорытындыласақ, «Жүйелік бағдарламалау» курсының компьютерлiк оқыту құралын оқу процесiнде пайдалану, оны басқару мен бақылауды жеңiлдетуге, студенттiң курсты игегрудегi ебдейлiгi мен дағыдысының жылдам қалыптасуына және студенттiң компьютермен үздіксіз байланыста болуын қамтамасыз етедi. Компьютерлiк оқыту құралының құрамындағы теориялық материалдар, тапсырмалар, олардың арасындағы интерактивтiлiк пен тақырыптық-логикалық байла­ныстар, қайталанбайтын көпнұсқалы тапсырмалар жоғарыда аталған мақсаттарға жетудiң тиiмдi де қысқа жолы деп санаймыз.

Сонымен «Жүйелік бағдарламалау» курсын компьютерлiк оқыту құралдары:


  • курсты оқудың мақсатымен таныстыру, оның мазмұны мен құрылымын түсiну;

  • курсты игеру мақсатында берiлетiн түрлі деңгейдегi лаборато­рия­лық жұмыстарды орындау;

  • студенттiң түрлі есептердi шешудегi дағды мен ебдейлiгiн қадлыптастыру;

  • эксперименттiк жұмыстар жасау даярлығын қалыптас­тыру;

  • шығармашылық деңгейдегi есептердi шешу қабiлетiн қалып­тас­тыру;

  • iскерлiктi, дағды мен ебдейлiктi бекiту, орнықтыру;

  • курсты игерудегi студенттiң бiлiм деңгейiн объективтi бағалау,

т.с.с. педагогикалық мәселелердi шеше алады.

Сонымен қатар компьютерлiк оқыту құралдары дәстүрлі оқыту жүйелерiне қарағанда келесi артықшылықтарға ие: студентке өзiне ыңғайлы уақытта оқу жылдамдығын өз қалауынша таңдауға және оқу материалын өз бетiнше игеруге мүмкіндiк бередi; курс мазмұнындағы зерттелетiн объектiлер мен процестердi көр­некi мульти­медиялық формада бейнелеуге мүмкіндiк бередi; тапсырмалар мен оқу материалдарын оқушының бiлiм деңгейiне сай беру оқыту процесiндегi дараландыру әдiсiн жоғары деңгейде жұзеге асырады; бiлiктiлiк пен дағдыны автоматы түрде бақылау жүйесi оқушының бiлiмiн объективтi түрде бағалауға мүмкіндiк бередi; қайталанбайтын көпнұсқалы және ерекше жағдайларға арналған тапсырмалар жүйесi оқушының шығармашылық қабiлетiн артты­рады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет