Дипломдық ЖҰмыс 5В120100 «Ветеринариялық медицина»


ЕҢБЕКТІ ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯ МӘСЕЛЕЛЕРІ



бет11/14
Дата06.01.2022
өлшемі3,36 Mb.
#11539
түріДиплом
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
4 ЕҢБЕКТІ ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Қазақстан Республикасының еңбек қорғау заңы, ҚР-ның призидентінің 1993 жылғы 22 қаңтардағы жарлығымен бекітілді.

Еңбекті қорғау құқығына әрбір жұмыс істеуші адам ие болады.

Жұқпалы ауру малдарды күтуші адамдардың денсаулығына байланысты еңбек қорғау шаралары;



  • жұқпалы аурулар кезінде олармен жұмыс істеуге жасы он сегізге толмағандар жіберілмейді.

  • жұқпалы аурулармен ауырған малдар тұрған жерге бөтен адам кіруге болмайды

  • адамға жұққан әр бір аурулар жайында төрт дана акт жасалынады

  • шаруашылық басшылары жылына кем дегенде бір рет өз қарамағындағы жұмысшыларын медициналық бақылаудан өтіп тұруын қадағалау тиіс

  • жұмысшыларға арнайы киімдерден бөлек, санитарлық киімдер де бөлінуі тиіс арнайы және санитарлық киімдерден басқа киім киюге тиым салынады. Санитарлық киімдерді басқа жерлерге киюге болмайды. Барлық санитарлық және арнайы киімдер дезинфекцияланып тұруы тиіс.

Дезинфекция және дератизация жасау кезіндегі техника қауіпсіздігі: Дезинфекция және дератизация шараларын жүргізген кезде әр жұмысшы өзінің жеке қауіпсіздік ережелерін білу қажет. Жұмысты орындаушылар арнайы норма бойынша санитар лық киім киюі шарт. Кілегей қабықтарды тітіркендіретін препараттарды қолданып жүргізілетін тек қана противагаз киіп жұмыс істеуге болады. Қышқыл, сілті тағы басқа да уытты күшті заттармен жұмыс істеген кезде қорғағыш көзәйнек киіп жұмыс істеу қажет. Химиялық улы заттар, бактериялы препараттар және химилық улармен жұмыс істеу кезінде тамақ ішуге, темекі тартуға болмайды. Жұмыс жүргізіп болған соң қолды, бетті жылы сумен жуып отыру керек. Ыдыстармен басқа құрал саймандарды екі процент суда хлор ертіндісімен жуу керек. Қазақстан Республикасын еңбек қорғау – құқықтық, санитарлық, техникалық, экономикалық және ұйымдық шараларды еңбектен қауіпсіздендіруге бағытталған үлкен бағдарлама. Әлеуметтік өндірістің кез-келген аумағында адам ең маңызды және бағалы болып саналады. Сондықтан өндірісте адамның өмірін және денсаулығын қорғау кәсіби орынның ең маңызды міндеті болып саналады. “Қазақстан Республикасы еңбек қорғау” бойынша жұмыстар ұйымдастыру тәртібіне сәйкес шаурашылықтарда жыл сайын өндірістік және аумақтық көлемдер бойынша еңбек қорғауға жауапты мамандар мен мүдделі тұлғаларға жауапкершілігі туралы бұйрық шығады. Шаурашылықта әйелдер мен жас өспірімдер еңбегін қорғау бойынша еңбек заңдылықтары қатаң сақталады. Өндірістік процестерге байланысты бақытсыз жағдайларда болдырмау мақсатында 0004-79 120млн. Стандартқа сәйкес жиі-жиі жұмысты қауіпсіздендіру әдістерін оқытады. Инструктаж жүргізгені туралы арнайы тіркеу журналдарында жазады.

Жұмыс істеуге арнайы дайындалған жұмыс орнында қауіпсіздік техникасы инструктажынан өткен тұлғалар жіберіледі. Мұндай жұмысқа 18-ге толмағандар жіберілмейді.

Бақытсыз жағдайларды тексеру есепке алу және сараптау Қазақстан Республикасының бекітілген нұсқауы бойынша жүргізіледі. Жарақаттану салдарынан есептік уақыттан 80 еңбекке мүмкіншілік күн жоғалтады.

Жұмыс орындары қауіпсіздік техникасы бойынша инструкция мен қамтамасыз етілген.

Сыртқы ортаны қорғау

Табиғи процестердің негізінде өзіндік заңдар біздің басты назарымызда болуға тиіс.

Батыс ғалымдары әдетте Экология ғылымы мен қоршаған орта туралы ғылымдарды дербес салалар ретінде қарастырады.

Мемлекеттік халықаралық және қоғамдық шаралар кешенін ескере отырып, табиғат қорғауды әдетте адамзат қоғамының игілігі үшін табиғатты оңтайлы пайдалануға, табиғи ресурстарды қалпына келтіруге, қорғауға және молайтуға бағытталған. Тәжірбиенің бір саласы ретінде қарастырады. Қоғамның дамуы, ауылшаруашылығы саласында өнімдерді өндіру, жетілдіру табиғатпен тығыз байланысты.

Негізгі қағида-сыртқы ортаны қорғау, әр мемлекеттің конституциясы негізінде қалыптасқан.

Сол тұрғыда жерді, суды, байлықты қорғау «Сыртқы ортаны қорғау», табиғатты, жан-жануарларды қорғап халық шаруашылығына пайдалы жағын ойластырып қолдану туралы 1980 жылы ТМД аймағында заң қабылданды.

Шаруашылықта табиғатты қорғау

Адам өмірі қоршаған ортаның оның өсімдік әлемімен тығыз байланысты және біз осы байланыстылықты әр қашан есте сақтай бермейміз. Өсімдік және су асты әлемі бізге көріністен жұмбақ әрі күрделі.

Табиғатты қорғау мемлекеттік халықаралық және қоғамдық шаралардың қоршаған ортаны тиімді пайдалануға және оны ластанумен бұзылудан қорғауға жоспарлы жүйе.

Қазіргі кезде ғылыми даму кезінде және табиғи ресурстарды пайдалану барысында табиғатты қорғау бойынша үлкен тапсырма тұр.

Табиғатты қорғау бойынша заңдылықтар мен нұсқаулар

Қазақстан Республикасымен басқа да ТМД елдерінің маңызды мемлекеттік тапсырмасының бірі ол табиғатты қорғау болып табылады, ол адамның өмір сүру барысында табиғатты ресурстарды жер, су, өсімдік, ауа, жан-жануарларды пайдалануға байланысты.

Осы барлық ресурстар оны тиімді пайдаланбаған жағдайда азаяды және қайтымсыз процестерге ұласады- топырақ-эрозияланады, су пайдалануға жарамай қалады, ауа ластанады, ал жаунарлар, өсімдіктер және су жәндіктері (балық, шаян т.б.) толығымен жойылады. Осыған байланысты табиғатты қорғау бойынша бірнеше заңдылықтар мен нұсқаулар шығарылған.

Жерді қорғау. Шаруашылықта мал қиларын арнайы белгіленген орынға жинайды. Одан кейін қиларды биотермиялық әдіспен өңдейді.Өңделген қиларды егістік жерге құнарлы күшейткіш ретінде қолданылады.Жаз айларында мал өлекселерін арнайы машинамен жинап өртеуге немесе шағын ет комбинаттарында ет-сүйек ұнтағына айналдырады.Қыс айында өлекселерді өртеп жояды.

Ұжымдық шаруашылықтарда жазда жайылым, қысқа қарай шөп маяларын жинастырып дайындайды. Азық-түлік, жем сақталатын орындар бөлінеді. Онда қатаң тәртіп орнатылған. Көктем-егістік кезінде кейбір жер аумақтарында жанармайлармен ластанғаны байқалады.

Су ресурстарын қорғау. Барлық ауыл шаруашылық мал түліктерін жаз айларында ағынды судан суарылады.

Қыс айларында әр ұжымдық шаруашылықта арнайы дайындалған су құдықтары орнатылған. Судың тазалығына арнайы гидромелиоративтік қызметкерлер жауапты. Таммақ қолданылатын судың сапасына өте қатаң бақылау орнатылған. Инструкцияға сай ереже бойынша барлық талаптар сақталады. Ауылшаруашылық техникаларын жуу үшін белгіленген, арнайы орындар бар.

Ауа және қоршаған ортаны қорғау. Атмосферадағы ауаны қорғау үшін шаруашылықтың барлық талаптары орындалуда. Мал – қоралары ережеге сай, желдің келетін жақтарын ойластырып, ауаның алматыруы қарастырылып салынған. Мал базарларында вентиляция керек жағдайда қолданылады. Ұжымдық шаруашылықтың төңірегіде көк-шөп жеміс ағаштары егілген, бірақ аталпқа сай емес (аз ғана). Ауыл шаруашылық техникалар жылына екі рет улылық газ заттарын бөліп шығаруына тексеріледі.

Өсімдіктерді қорғау. Жем-шөп дайындау маусымында, егін орағын жинастыру кезінде, өртті болдырмау сақтандыру шараларының деректері сақталып, қатаң жүргізіледі. Осы жағдайларды іске асыру үшін мамандар, жұмысшылар жүргізіледі, оған қоса көрнекті оқу құралдарын насихаттау алға қойылған міндеттер(плакаттар, таблицалар, журналдар, газеттер).

Хайуанаттарды қорғау. Ұжымдық шаруашылықтарда барлық малдарды сақтандыру үшін нормативті шаралар қатаң жүргізіледі. Атқарылатын жұмыстардың барлығы жоспрға сай орындалады.Зиянды кеміргіштерді, тышқандарды жою негізгі міндет болып саналады.Ұжымдық шаруашылықта жабайы аңдар болмайды, тек жабайы құстар кездеседі.

Өрттің алдын алу жағдайы. Шаруашылықта өртке қарсы шаралардың орындалуына жауапкершілікке әкімшілік шауруашылықтың директорының орынбасары тағайындалған, өртке қарсы ерікті ұйым құрылған. Азық қоймалары өрттен қорғау есебімен салынған.

Ұжымдық шаруашылыққа ұсыныстар. Айтылған деректерді қорыта келе ұжымдық шаруашылықта табиғатты қорғау үшін көп көңіл бөлінуде. Сондықтанда осы жұмыстарды жақсарту үшін мынадай талаптар ұсынуға болады:

1) Табиғатты, еңбекті қорғау үшін түсініктеме ақпарат шараларды жүргізу.

2) Жерді ластамау, мал өлекселерін, қоқыстарды суға тастамау негізгі шара.

3) Қысқы кезде қар тоқтату жұмыстарын жүргізу.

4) Ұжымдық шаруашылық төңірегіне, аулаларға көгалдардыру жұмысын жүргізу негізгі міндет.

5) Ветеринариялық-санитарлық талаптарды дер кезінде орындау алдын-алу шараларды жүргізу, алға қойылған мақсаттың бірі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет