Дипломдық ЖҰмыс 5В120100 «Ветеринариялық медицина»


БЕЛГІЛЕУ ЖӘНЕ ҚЫСҚАРТУЛАР



бет4/14
Дата06.01.2022
өлшемі3,36 Mb.
#11539
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
диплом. Мариям doc

БЕЛГІЛЕУ ЖӘНЕ ҚЫСҚАРТУЛАР
Ғылыми зерттеу жұмыстар есебінде келесі белгілер және қысқартулар қолданылды:

МБИ – Биологиялық зерттеу микроскопы

ТЭС-1 – Құрғақ ауалы электрикалық термостат

мл – миллилитр

см- сантиметр

кв – квадрат

т.б. – тағы басқалары

кг – килограмм

мм – миллиметр

млн - миллион

млрд – миллиард

 - процент

С – градус

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі мен практикалық маңыздылығы. Республикадағы халықты сапалы және құнды ауылшаруашылығы өнімдерімен, соның ішінде мал шаруашылығының өнімдерімен қамтамассыз ету ауылшаруашылығы кәсіпорнының алдында тұрған негізгі мәселе. Қазіргі экономикалық, әлеуметтік және саяси жағдайларға сәйкес ауылшаруашылығында жаңа бағытта жұмыстар жүргізілуде.

Ауылшаруашылық кәсіпорындарының негізінде шаруа қожалықтары мен фермерлік шаруашылықтар құрылуда. Осы өзгерістерге байланысты жеке меншік иелері мал шығынын төмендету, малдан сапалы және құнды өнімді көп мөлшерде алу жолдарын іздестіруде. Бұл жұмыстар нәтижесі тікелей ветеринария ғылымына байланысты.

Статистикалық ғылыми деректер бойынша шаруашылықта кездесетін барлық аурулардың 94-97 % жұқпайтын ауруларға жатса, соның ішінде 40 % -тан астамы хирургиялық ауруларға жатады [1].

Хирургиялық аурулардың негізін жарақаттар құрайды, осы аурулардың тигізетін экономикалық зияны өте зор. Осымен бірге жарақаттардың әсерінен екінші реттік асқынулар, атап айтсақ иммунотапшылықтар тіркеледі, соның салдарынан малдардың жазылу процессі нашарлайды.

Мал шығынын азайту, өнімділігін арттыру және табиғи резистенттілігін көтеру мақсаттарында және шаруашылықта жиі кездесетін ауруларды жою үшін әрі тиімді, әрі әсерлі хирургиялық ем жүргізу тәсілдерін қолдану керек [1].

Түрлі ауруларды емдеуге қолданылатын антибиотиктерге микроорганизмдердің төзімділігінің артуы және жаңа дәрілік заттар мен емдеу тәсілдерін іздестіру медицина мен ветеринарияның маңызды мәселесі болып табылады.

Соңғы он жылдың ішінде бүкіл әлемде, соның ішінде Орталық Азия елдерінде аралас жұқпалы аурулар біршама өсті. Қазақстан аумағы мен оның маңындағы өлкелерде анаэробты инфекция тудыратын сәтсіз ошақтар тіркелуде [1].

Шаруашылықтарда өткізілетін алдын-алу шараларына қарамастан, елімізде қазіргі уақытқа дейін мал шаруашылықтарында жұқпалы аурулар туындауда, солардың алдынғы орындарын алатын анаэробты инфекциялар.

Соңғы жылдарда жануарлардың көбейіп келе жатқан жұқпалы аурулары қатарына және мал шаруашылығы өндірісінің негізгі мәселелеріне, сонымен қатар анаэробты жұқпалы аурулар арасында мал­дың сарып (некробактериоз) және тұяқ шірімесі 2-3 орынды алады.

Соңғы жылдары этиопатогенезді белсенді оқу, сондай-ақ тұяқ ауруларын алдын алу және емдеу шараларын өңдеу инфекциялық агенттерді, патохимия, иммунология және иммунопатологияны оқып зерттеу, сондай ақ иммуностимуляторларды қолдану аспектінде жүреді.

Жануарларда тұяқ ауруларының кеңінен таралуы және емдеу мерзімінің ұзақтылығына байланысты осы талапты шешудің жаңа заттарымен іздеуді қажет етеді. Сондықтанда организмнің иммунологиялық реактивтілігінің жоғарлауы, оның қорғаныш күштерінің мобилизациясы, сауығу мерзімінің қысқаруы, емдеу уақытының азаюы үлкен маңызды болып келеді.

Қазіргі уақытта елімізде айтылған тұяқ және аяқ ауру - жарақаттарын клиникалық белгілеріне және рентген суретіне қарап анықтайды.

Соңғы кездерде ұсақ және ірі жануарлардың ауруларын анықтау барысында рентген тәсілін қолданылады. Бұл әдістің ерекшелігі ол ұлпадағы патогендік өзгерістерді ертерек анықтауға жағдай тудырады және уақытында сапалы дәрігерлік көмек жасауды талап етеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет