ҒЫЛЫМИ ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ
Б. э. д. IХ-Х ғ.Аса ойшыл ғұлама ғалым, дәрігер Гиппократ пен Аристотель өздерінің бірнеше құнды да дәйекті еңбектерінде организмде түссіз тамырлардың кездесетіндігі жөнінде жазып қалдырды, бірақ өкінішке орай бұл мәліметтерді көптеген жылдар, ғасырлар бойы ғалымдар және дәрігерлер ескермеді.
Шығыс оқымыстыларының ішінде ерекше орын алатын, атақты ғалым Авиценна да салыстыру әдістерін пайдалана отырып жануарлардың дене құрылысын зерттеп лимфа тамырларының басқа тамырлардан айырмашылығы бар екендігін атап өтті [1,2]. Осымен бірге зерттеу жұмыстарын жалғастыру барысында осы лимфа тамырларының адам организміндеде бар екені анықталды.
Бұл Европадағы ғылым саласының қарқынды даму кезеңінің қарама-қайшылықтар туып жатқан мерзіміне сәйкес келді, соған байланысты лимфа тамырлары жайындағы келтірілген мәліметтер ұмытыла бастады.
Кейіннен лимфа жүйесін зерттеу жұмыстары «Қайта өрлеу»дәуірінде қайтадан жаңғырды бүйректің лимфа тамырларына көңіл аударып, бірнеше түпнұсқалы ғылыми болжамдарды жазып қалдырды. Зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында иттің кеуде қабырғасы аумағынан табылған лимфа тамырын «Vena alba toracis» деп атады [3,4]. Осы аталған лимфа тамырының құрылысы және таралу бағыты да анықталып, сипатталып жазылды. Осы деректер кейінгі ғалымдар жұмыстарында кеңінен қолданылды.
Иттерді сойып зерттеу барысында анықталған мезентериалды лимфа тамырларын сипаттап жазды, осы деректер медицинаның дамуына зор әсерін тигізді. Кейіннен осы жұмыс жалғастырылып мысықтардың, қойлардың, жылқылардың өзіндік ерекшеліктері анықталып, кейіннен осы деректер лимфа тамырлары жөнінде оқулықтың қызметін атқарған ауқымды кітап болып басылып шығарылды.
Дегенмен де, жалпы лимфа тамырларының қызметі көп уақытқа дейін анықталмай келді.Оның екі себебі бар: біріншіден лимфа жүйесін зерттеу әдістерінің болмауы және екінші себебі сол кездегі ғылым деңгейіне сәйкес лимфа жүйесінің қызметінің толығымен анықталмауы, соның салдарынан ғалымдар және дәрігерлер тарапынан қызығушылықтың тумауы.
Лимфологияның қазіргі кезеңнен үш ғасыр бұрын, ХVΙΙ ғасырда зерттеуші ғалымдар адам мен жануарлар организмінде лимфа жүйесінің ерекшеліктері бар екенін анықтауынан басталды.
Қазіргі кезде жануар мен адам организміндегі лимфа жүйесін зерттеу жалпы организмдегі физиологиялық және иммунологиялық үрдістермен сипатталады. Сондықтан да, лимфа жүйесі өзінің күрделірек биологиялық қызметімен адам мен жануарлардың жоғары органикалық жүйесінің қан тамырлық және ретикулоэндотелилік жүйесінің ең маңызды бөлігі болып табылады.
Лимфа жүйесін зерттеуге үлесін қосқан ғалымдар өз алдына үлкен бір ғылыми тұрғыдан, теңдесі жоқ қазына қалдырған ұлы тұлғалар деп атап өтсекартық айтқандық емес.
Лимфа айналым жүйесі лимфа өзектерінен, лимфа саңылауларынан, лимфа кеңістіктерінен, лимфа қойнауларынан, лимфа қуыстарынан, сұйық ұлпа-лимфадан, лимфа тамырларынан, лимфа түйіндерінен, тимус, көк бауыр, лимфа капиллярларынан және көптеген ұсақ лимфоидты қоспалардың үлкен желісінен тұрады.
Лимфа айналым жүйесі қызметі мен құрылысы жағынан қан айналым жүйесі мүшелерімен тығыз байланыста болады. Себебі, бұл жүйе ұлпалар мен мүшелерде, олардағы зат алмасу үрдісі кезінде қаннан,оны қоршаған ұлпаға сүзіліп шыққан ұлпа сұйығынан басталып,соңында организмнен лимфаны жинайтын ірі лимфа өзектерінің (оң лимфа бағаны, көкірек өзегі) алдыңғы қуыс венаға құйылуымен аяқталады. Лимфа айналым жүйесінің жануарлар организміндегі атқаратын қызметі алуан түрлі. Атап айтқанда:
- ұлпааралық кеңістіктегі артық ұлпа сұйықтығын өзіне сорып алып, дренаждық қызмет атқарады;
- лимфа түйіндерінде лимфоциттер мен антиденелер (иммуноглобулин-дер) түзіледі;
- лимфаны биологиялық және механикалық тазалаудан өткізеді;
- қан капиллярларының қабырғасы арқылы өте алмайтын ірі молекулалы белоктық зат пен ішекте қорытылған майдың мономерлері (май қышқылдары, глицерин) тікелей лимфаға сорылады;
Лимфа капиллярлары бір-бірімен қосылып, лимфа түйіндеріне қарай бағытталған әкелгіш лимфа тамырларын құрайды. Лимфа капиллярлары мен әкелгіш лимфа тамырларында ағып, үздіксіз қозғалыста болатын ұлпа сұйығын шеткі лимфа деп атайды. Лимфа түйірдеріне дейінгі шеткі лимфада торшалар болмайды. Лимфа түйіндерінен әкеткіш лимфа тамырларымен ағып шығып, бір-бірімен қосылады да, алдыңғы қуыс венаға барып ашылатын оң лимфа өзегі мен көкірек өзегін құрайды. Әкеткіш лимфа тамырларындағы лимфаны аралық лимфа,ал оң лимфа өзегі мен көкірек өзегіндегі лимфаны орталық лимфа деп атайды.
Лимфа капиллярлары тым жұқа қабырғалы лимфа тамырларының бастамасы. Лимфа капиллярлары бір-бірімен қосылып, көптеген лимфа торларын құрайды. Лимфа капиллярларының жиі торлары, әсіресе терінің шел қабатында, ішкі мүшелер кілегейлі қабатында және буын қапшықтарында кездеседі. Осы лимфа капиллярларының қосылуынан, лимфа тамырлары түзіледі, лимфа тамырларына тән құрылыс ерекшелігі - оның қабырғасында лимфаның тек жүрекке қарай бір бағытта қозғалуына ықпал жасайтын көптеген қақпақшалардың болуы. Мұнда лимфа төменгі қысыммен ағады. Сондықтан қақпақшалардың қабырғасы өте жұқа болып келеді.
В.В.Куприяновтың (1983) айтуы бойынша, орналасу орнына қарай лимфа тамырлары беткей және терең лимфа тамырлары болып екіге бөлінеді. Беткейлік лимфа тамырлары терінің астында орналасады, ал тереңдік лимфа тамырлары тамыр-жүйке будаларының құрамына кіреді. Лимфа тамырлары дененің белгілі бір аймақтарының орталығында орналасқан лимфа түйіндеріне, сол аймақтың шеткі жағынан орталығына қарай радиальды бағытталады. Сондықтан,бұндай лимфа түйінін аймақтық немесе регионарлық лимфа түйіні деп атайды. Бір регионды лимфа түйініне, осы аймақтың жан-жағынан лимфаны алып келетін лимфа тамырларының сыртқы көрінісі бір ағаш діңгегінен тараған ағаш тамырларына ұқсас болып келеді.
Бірқатар ғалымдардың пікірлерінше, лимфа капиллярларына өткен ұлпа сұйығын немесе лимфаны лимфа түйіндеріне алып келетін лимфа тамырларын әкелгіш лимфатамырлары, ал лимфаны лимфа түйінінен алып шығатын лимфа тамырларын әкеткіш лимфа тамырлары деп атайды [1,2,3]. Жануарлар денесіндегі әкеткіш лимфа тамырлары бір-бірімен қосылып, ең соңында екі ірі лимфа өзегін құрайды. Оларға: оң лимфа бағаны және көкірек өзегі жатады. Оң лимфа бағаны лимфаны дененің бас, мойын, көкірек керегесі аумақтарының оң жағынан және оң алдыңғы аяқтан, ал көкірек өзегі организмнің қалған бөліктерінен жинайды. Оң лимфа бағаны мен көкірек өзегі алдыңғы қуыс венаға ашылады.
Майда лимфа тамырларының қабырғасын қоректендіретін қан капиллярлары торынан құралған тамыры, ал ірі лимфа тамырлары мен лимфа өзектері қабырғасында артериялар мен веналар болады.
Лимфа түйіні-жануарлар денелерінің белгілі бір аймағында, әкелгіш лимфа тамырларының бойында орналасып,сол аймақтан немесе мүшелерден лимфаны алып шығатын құрылысы паренхималы мүше. Лимфа түйінінің атқаратын қызметтері:
- ұлпа сұйығына түскен, организмге жат әр түрлі бөгде заттар,істен шыққан торшалар қалдықтары,микроорганизмдер мен олардың токсиндері, лимфа түйінінің негізін құрайтын ретикулалы ұлпа арқылы механикалық және биологилық сүзілуден өтеді;
- лимфоциттер мен макрофагтардың қатысуымен бөгде заттар, істен шыққан торшалар қалдықтары,токсиндер жойылып залалсыздандырылып отырады;
- қан жасау қызметін атқарады; лимфоциттер түзіледі;
- қорғаныс қызметін атқарады; антиденелер түзіледі.
Лимфа түйіні пішіні негізінен лобия тәріздес, сұр немесе сары-сұр түсті болып келеді. Жануарлардың түрлеріне байланысты лимфа түйінінің мөлшері 0,2см-ден-20см-ге дейін болады.
Нақтырақ айтқанда, көптеген авторлар лимфа тамырларын ішкімүшелік және сыртқымүшелік деп ажыратады. Ішкімүшелік лимфа тамырларында жас айырмашылықтарымен функционалдық ерекшеліктеріне қарай, лимфааралық желістер мен анастомоздар түзіледі. Д. А. Ждановтың айтуы бойынша лимфа тамырлары лимфаны капиллярлы лимфалық өзектерден қабылдайды. Лимфаны теріден, бұлшықеттен, сіңір, буын, жүйке бағандарынан, қан тамырларының қабырғаларынан, сүйектен және бас, мойын, көкірек, құрсақ аумағы бөлімінің мүшелеріне алады. Лимфаның веналық желіге жеткізілуіне басты лимфалық коллектор болып табылатын көкіректік лимфа өзек, өз кезегінде ішкімүшелік лимфа тамырлары регионарлы лимфа түйіндерінен бастау алады. Лимфа түйіндері гемо-және имунопоэтикалық, қорғаныстық, алмасу қызметтерін атқарады [14,16].
Кез-келген лимфа түйіні көптеген мүшелердің лимфа тамырлары үшін регионарлы болып табылатындықтан, олардың синустарына бөлінетін лимфаның әртүрлі биохимиялық, ферментативті, гормональдік құрамы бар.Бірнеше ғалымдардың мәліметтері бойынша эфферентті тамырлардың түйіндерінен басқа құраммен келетін лимфа, лимфа түйіндерінде функционалдық интеграцияға ұшырайды [8,9,10,11]. Ал, Зербиноның (1973) айтуы бойынша, лимфа түйін синустарына өтуі кезінде, лимфациттермен толықтырылады.
Лимфа түйіндері гуморальды және клеткалық иммунитеттің түзілуіне қатысады. Регионарлы түйіндер организмде бірінші болып қабынуды реттеп, ісік үрдістерінде метастаздық объектілер болып табылады [18, 19, 20, 21].
Көптеген зерттеушілер лимфа түйіндерінде плазмалық клеткалар мен антиденелердің түзіліп отыратындығын өз еңбектерінде көрсетті.Көптеген зерттеушілер регионарлы лимфа түйіндерінде иммунологиялық комплекс дамып, алғашқы антиденелер қанға қарағанда, ертерек пайда болады [20, 22].
Лимфоциттерден бөлінетін Т-және В-лимфоциттері лимфа түйіндерінің милы және қабықты заттарында түзіледі делінген [23, 24, 25, 26]. Сонымен қатар, глобулиндердің синтезі, атап айтқанда, IgG, IgM-дер (Т-, В- лимфоциттерімен бірге, иммунологиялық қызметті атқарады[28, 29, 30, 31].
Жоғарыдағы көрсетілген мәліметтерге кеңінен тоқталатын болсақ, лимфа түйініндегі макрофагтардың және ретикулалы ұлпаның қатысуымен ұлпа сұйығы биологиялық және механикалық сүзілуден өтіп, микроорганизмдер мен олардың улы заттары фагоцитоз арқылы залалсыздандырылып тазартылады. Лимфа түйіндерінің лимфоидты ұлпасында әсерлі Т-және В-лимфоциттері түзіледі. Организмдегі гуморальды иммунитетті қамтамасыз ететін В-лимфоциттер туындысы-иммуноциттер әртүрлі антигендерге қарсы иммундық денелерді түзіп,оларды биологиялық тазаланудан өткен ұлпа сұйықтығына шығарады. Сөйтіп, лимфа түйіндерінде бөгде заттардан, микроорганизмдерден, олардың уытты заттары мен басқа да зиянды өнімдерден тазаланып,толық арылған ұлпа сұйығы, эффекторлы Т-және В-лимфоциттермен, әр түрлі иммунды глобулиндермен (антиденелермен) қанығып, лимфа түйіндерінің ойыс жағасындағы қақпасынан әкеткіш лимфа тамырлары арқылы ағып шығады[32, 33, 34].
Лимфа түйіншелері мен бозғылтша бауларда В-лимфоциттері көбейіп жетіліп, эффекторлы торшаларға айналады. Сондықтан, лимфа түйінінің қыртысты және бозғылт заттарын В-аймақ деп атайды. Ал қыртыс маңы аймағында Т-лимфоциттері жетіледі. Бұл аймақты Т-аймақ деп атайды.Түйіншенің шеткі жағында жетылген эффекторлы кіші лимфоциттер түйіншені сыртынан тәж тәрізді қаптап жатады. Бұлар антигендік қасиеттерді еске сақтау В-эффекторлы лимфоциттері. В-лимфоциттер лимфа түйіншелерінен бозғылтша бауларға өтіп, антиденелер түзетін плазмоциттерге айналады. Тимустан келіп қоныстанған Т-лимфоциттердің көбейіп,жетіліп мамандануына қолайлы микроортаны бұл аймақта ретикулалы ұлпамен қатар, фагоцитоз үрдісіне қатыспайтын саусақша өсінділі макрофагтар жасайды. Макрофагтар өздерінен антигендерді плазмолемма маңында жинақтап сақтап, Т-лимфоциттердің осы антигендерге сәйкес дамып жетілуін қамтамасыз ететін гликопротеидтерді бөледі. Т-лимфоциттер қыртысмаңы аймағында толық жетіліп, маманданып эффекторлы торшаларға айналады да, Т-киллерлерге (торшалық иммунитетке жауапты цитотоксикалық Т-лимфоциттер), Т-хелперлерге (В-лимфоциттердің жұмысын күшейткіш) және Т-супрессорларға (В-лимфоциттер жұмысын баяулатқыш) бөлінеді. В-лимфоциттерден иммуноциттер пайда болады. Плазмоциттер G–иммуноглобулиндерді түзіп, қанға шығарады. Ұлпа сұйығы сүзіле ағып, құрамындағы бөгде заттардан тазаланғаннан соң, лимфа түйіншелерінен, лимфоидты баулардан дамып жетілген эффекторлы Т-және В-лимфоциттер мен иммуноглобулиндер ретикулоэндотелиоциттер аралықтарындағы саңылаулар арқылы өтіп, сұйық ұлпа-лимфаға айналады.
В-лимфоциттерден туындаған плазмоциттерден А-иммуноглобулиндер түзіледі. Қазіргі уақытта, лимфа жүйесін арнайы жүйе ретінде тереңдете, жан-жақты қарастырып, оның қаншалықты қан тамырлар жүйесімен байланыста екендігін, организмдегі барлық атқаратын қызметтерін талдауда.
Қан тамырлық және ретикулярлы-эндотелиалдық жүйенің құрамдық бөлімі ретінде, лимфа жүйесі өте маңызды биологиялық қызметтерді атқарады: соның ішінде тоқтала кететін болсақ, иммунологиялық, сіңірушілік, тосқауыл-қорғаушылық, транспорттық, гемопоэтикалық, алмасу және резервті [35].
Лимфа тамырлары ішек майларынан және коллоидты ерітінділер түрінде ірі ақуыз молекулаларынан, сондай-ақ, жалпы барлық мүшелер мен ұлпалардан, сірлі қуыстардан, қан тамырларынан, еттен, сіңір қынаптарынан, сүйек кемігінен, теріден сорылады. Сорылған лимфаның құрамында зат алмасу өнімдері, токсиндер, бактериялар, вирустар, лимфоцит өнімдері, антиденелер, глобулиндер т.б кездеседі[14, 36, 37, 38].
Лимфа жүйесі организмді лимфамен қамтамасыз етіп, қан мен лимфа арасындағы сұйықтықты қалыпты жағдайда да, патологиялық жағдайда да орналастырып тұруға қатысады.
Осылайша, лимфа тамырлары лимфа түйіндерімен бірге, өзіндік толық лимфа жүйесін құрса, негізгі лимфа магистралі болып табылатын қөқіректік лимфа өзегі лимфаны қантамырлар жолдарына құяды. Қан тамырлар жолынан шыққан лимфа зат алмасуда, қан айналымына белсене қатысады.
Патологиялық жағдайдағы лимфа жүйесі жеңіл қорғаныш тосқауылы ретінде саналып, бүкіл организмдегі гомеостаз тұрақтылығын анықтайды. Бұл лимфа жүйесінің қорғаныштық қызметі инфекциялық және іріңді-қабыну үрдістерін шектеумен, ісік клеткаларын жоюмен, сулы-электролиттік алмасу мен иммунитетті бір қалыпта ұстап тұрумен, сондай-ақ, лимфаайналысы қызметінің бұзылуын сақтаумен сипатталады.
Мүшелік және регионарлы лимфа жүйесінің желісі патологиялық жағдайда бірінші кезекте күйзеліске ұшырайды [38, 19, 40].
Гомеостаз бен гуморальдық транспорттың негізі бола тұрса да, лимфа жүйесі барлық патологиялық үрдістерде, олардың этиологиясы мен патогенезіне тәуелсіз, маңызды қызмет атқарады [41].
Қабыну мен қатерлі ісіктердің өсуінде лимфа капиллярларының патологиялық өзгерістері лимфа жүйесі морфогенезінің жалпы функционалдық-анатомиялық заңдылықтарына бағынады. Мұндай жағдайда, көбінесе, жіті қабынуда капиллярлар кеңейіп, соңынан деформацияға ұшырайды.
Қабыну ошағында лимфостаз түзілу барысында патологиялық үрдістердің дамуының механизмін зерттей келе, қабыну үрдісі мен ұлпалардың қоректенуінің бұзылуынан патологиялық реакциялар өршіп, тереңдей түсетінін айтты. Бұл мәліметті зерттеушілер лимфа жүйесінің компенсаторлық қызметінің шектеушілігімен байланыстырады. Ұлпалық метоболиттер мен токсиндер лимфалық капиллярлардың фибриллярлы аппараттарының құрылысына үлкен зақымдаулар тигізіп, ұлпа интерстициясынан бөлінетін сұйықтықтардың алмасуын қиындатады [1].
Перитонитпен ауырған жануарларда капилляр тамырлары кеңейіп, ұлпаның қабынуына апарады. Зат алмасудың бұзылуы салдарынан, протеолитикалық ферменттер мен клеткаралық сұйықтық лимфа капиллярларына барып, жиналады [42].
Бауырдың, бүйректің, ұйқы безінің, іріңді перитониттің және тағы басқа патологияларда метоболизмнің резорбция өнімдерінің экзо- және эндотоксиндері лимфа жүйесіне сорылып жойылады [43, 44].
Кейбір токсиндер лимфаға тікелей ұлпалардан сорылады, сонымен бірге кейбір лимфа түйіндерінде ұсталған микроорганизмдер де токсиндер бөледі.
Сіреспенің молекулярлық токсинінің таралуы жайындағы тәжірибе жүргізген. Осы жұмыс нәтижесінде келесі қорытындыға келген, лимфа жүйесіне токсиндер пайда болған орнынан бастап сіңетіні анықталды[19].
Молекулярлы салмағы 20000-ға тең жоғарымолекулярлы заттар толығымен лимфа жүйесіне сорылып кетеді.
Жергілікті және жалпы эндотоксиндік жағдайда, организмнің қорғаныс реакциясындағы басты рөлі лимфа түйіндеріне бағынышты. Эндотоксиндердің, микроб токсиндері мен метоболиттерінің тасымалдануы патологиялық ошақтан лимфа тамырлары арқылы өтіп аумақтық немесе коллекторлы лимфа түйіндеріне тоқталады.
Лимфа түйініне түскен токсиндермен қоректенген лимфа түйіні, токсинді лимфамен қан тамырлар жолдарына әкеп, оның қатты улануына себепші болады. П.Малектің айтуынша, лимфа түйінінде пайда болған деструктивті үрдістер лимфавенозды аностомоздарға, көк тамыр жүйесіне токсиндердің таралуына әкеледі, сонымен бірге осы түйіндерде лимфаның тазалануы іске асырылады.
Зерттеушілердің байқауынша, лимфа түйіндері фолликуларындағы морфофункционалдық зақымданулардың тереңдеуі лимфаның құрамындағы токсинді метоболиттердің концентрациясын арттырады [45, 46, 47].
Аумақтық лимфа түйіндері биологиялық фильтр ретінде,патологиялық агрессияда гематомакрофагальды жүйеге қарағанда,организмнің жалпы қорғаныс реакциясына бірінші барып қосылады.
Лимфа түйіндерінің морфофункционалдық бұзылулары бірден, қорғаныстық, иммундік және т.б қызметтеріне кері әсерін тигізеді.Лимфа түйіндерінің қабынған, әсіресе, іріңді инфильтрациясы кезінде, қорғаныш-тосқауыл қызметі қарсы тұра алмай, лимфоидты ұлпа организмге үлкен қауіпті ошақ туғызып, микробтардың осы аумақтық лимфа түйіндерінде жиналуына, көбеюіне лимфа түйіндері жауап береді, ары қарай инфекцияны таратудың бірден бір көзі болып табылады [45].
Жүргізілген әдеби мәліметтерге қарағанда, лимфа жүйесінің адам мен жануар организміндегі алатын орны ерекше екені анықталды. Бірақ, тоқтала кететін жәйт, бертінге дейін лимфа жүйесі қызметтерін анықтайтын әдістер мен оларға қолданылып келген дәрілік заттар қалыпты жағдай да, патологиялық жағдайында да, эффектілігін дәлелдеп көрсетіп бере алмады [48].
Сонымен, лимфа жүйесі қызметінің бұзылуының негізгі патофизиологиялық механизмдерінің қысқаша анализі организмдегі патологиялық үрдістер кезінде эндолимфатикалық жолмен енгізілген дәрілердің әсер ету механизмі толығымен анықталған жоқ, соған сәйкес дәрілік заттарды енгізу жолдары да анықталған жоқ.
Кейінгі жылдары түрлі патологияларда лимфа жүйесінің рөлі туралы көптеген мәліметтер жинақталуда. Бірақ, лимфа жүйесіне бағытталған дәрілердің әсер етуі және тек кейбір жеке аурулардың түрлерінде ғана қолданылды. Ал, жалпы патологияда лимфа жүйесінің қызметінің қалыптасу және реттеу тапсырмасы орындалмады [49].
Дәрілік препараттарды эндолимфатикалық жолмен енгізу басқа да лимфа жолдарындағы мөлшеріне әсерін анықтамаған. Лимфа түйіндері мен тамырларының патологиялық ошақтарында мөлшері артып, концентрациясы лимфа түйіндеріне анықталып, нақты жоғары нәтиже береді[50]. Төменгі молекулярлы антибиотиктерді бұлшықеттен гөрі, лимфа жүйесіне бағыттау керек. Лимфа жүйесінен қанға түскен антибиотик, мөлшерін ұзақ уақыт сақтай алады, әрі лимфаға қарағанда ағыс жылдамдығы жиірек [51, 53]. Белгілі әдістерден, инфекция ошағына дәрілік препараттарды енгізудің жолдарына ішкі артериялық және ішкі аортальдық әдістерінен маңызды болып табылады. Әйтсе де, антибиотиктің қабыну ошағындағы мөлшері қысқа уақытқа созылғанымен, артерия жолдарына енгізгендегі қандағы айналысының уақыты бұлшықеттік, тамырішілік, құрсақішілік енгізуге қарағанда ерекшеліктеі анықталған. Лимфа жүйесіне дәрілік заттардың сіңірілуінің жылдамдығын анықтау үшін, тілерсек буынының аумағына тетрациклин тобына жататын антибиотикті қан сары суымен бірге қан тамырына егіп көрді.Тәжірибе нәтижесінде, тетрациклин тілерсек аумағынан лимфа жүйесіне 24 сағатта, оны флюоросценттік әдісі арқылы көкірек өзегінің лимфасынан, ал қан тамырында 4 сағатта сіңірілгендігі анықталынды.
Ю.В.Машковцев зерттеуі бойынша, желіннен ағып тұрған лимфадағы антибиотиктің мөлшері енгізу жолдарына тікелей байланысты. Яғни, аққан лимфадағы препараттың көп мөлшері дәріні теріішілік жолмен еккеннен, аз мөлшерде бұлшықетке еккенде болатыны анықталды[54].
Кейбір дәрілік препараттардың әсері лимфа жүйесі арқылы енгізгенде біртіндеп күшейеді[55,49]. Ең алғашқы рет иттерге лимфа тамырына контрастық заттарды енгізіп, эндолимфалық инфузия деп аталатын тәжірибесін жасады[56,57].
Эндолимфалық инфузия әдісін клиникалық қолдану онкологиялық ауруларды емдеуден басталды.Қатерлі ісіктер лимфогенді метастаздарын балау үшін тікелей төменгі лимфография әдісін ұсынды. Сол жылдары, жоғарыда айтып өткен эндолимфалық инфузия әдісін онкологиялық ауруларды емдеуде қолдана бастады[4,7,58].
Қазіргі уақытта, эндолимфалық және лимфатропты терапия ауру организм мен лимфа жүйесіне әсер ететін әдістердің ішіндегі ең қажетті әдістемелік қабылдаулар болып табылады. Бұл терапияның түрлерін іріңді-қабынуларды, инфекциялық және иммундық ауруларды емдеуде қоданылуда[15,16,17].
Ұлпалардың айналасындағы іріңді-қабынған ошақтарға антибиотиктерді эндолимфалық жолмен ұзақ уақыт немесе жоғары мөлшерде пайдалану ағзаның иммунды жауабын күшейтеді[58].
Ампициллинді, гентамицинді, цефотоксинді эндолимфалық енгізген кезде, 30минуттан соң аталған препараттардың мөлшерінің жоғарылағаны көрсетілген. Тіпті 1 тәуліктен соң да, қан сары суындағы антибиотиктің жоғары мөлшері жақсы сақталған. Жоғары мөлшердегі цитотоксиктерді, кортикостероидтарды және сәулелік терапияны қолданғанда, іріңді-қабынған үрдістерді емдеу қиынға түскен [52, 60, 61, 62]. Зертханалық жануарларға жасаған тәжірибелерінде, организмнің иммундық реактивтілігінің төмендеуі тетрациклин препараттарын ұзақ уақыт пайдаланғанда байқалған. Антибиотиктерге патогенді микрофлораның төзімділігінің жоғарылауы туралы жазды [58, 59, 60].
Т-активин имуностимуляторын антибиотик пен қосып, құрсақ аумағы ауыр қабынған ауру жануарлардың эндолимфасына енгізіп, емдеу барысында олардың клиникалық жағдайының көтеріліп, қандағы Т-лимфоциттер санының ұлғайғанын байқаған [63, 64].
Жоғарыда көрсетілген әдеби тұжырымдарды жинақтай келе, алдағы уақытта лимфатропты әсері бар жаңа антибактериалдық препараттарды іздестіріп, олардың енгізу әдістерінің жаңа жолдарын қарастырған артық болмас еді деген ұғымға келеміз.
Ғылыми деректер бойынша тұяқ аурулары еліміздің мал шаруашылығына айтарлықтай экономикалық шығын әкеледі. Ауыл шаруашылық малдарының тұяқтарының, буындарының, бұлшық еттерінің, байламдарының қабынуларының себептерінің бірі - жіті жарақаттар (соғылған, ұрылған, құлаған кезде), сонымен бірге микроорганизмдер мен вирустар және тағы да басқа механикалық жарақаттар да ауру пайда балуына септігін тигізеді [3, 4].
Ветеринарияның негізгі және маңызды талаптарының бірі шаруашылықтағы ветеринарлық қызметті тиімді биологиялық және химиотерапевтік препараттармен, малдарды жаппай емдеу және алдын алу шараларын жүргізуге арналған аспаптармен және ауру малдарды қазіргі заманға сай әдістер мен дәрілік заттармен қамтамасыз ету.
Ауыл шаруашылық малдарының тұяқ аурулары соңғы 30 жылда мал шаруашылығының аса маңызды мәселесі болып отыр, себебі ауру малдардың санының артуы, әсіресе жоғары өнімді малдардың ауруы салдарынан жарамсыздыққа шығарылуы, шаруашылықтарға айтарлықтай экономикалық зиян келтіреді.
Тұяқ ауруларының негізгі себептері: жануарларды күтіп бағудың технологиялық қағидаларының бұзылуы, макро- және микроэлементтер бойынша теңгерілмеген жем-шөппен азықтандыру; механикалық жарақаттар, хирургиялық және тәнді инфекция қоздырғыштарының енуі және жеткіліксіз моцион болып табылады [5, 6].
Ауыл шаруашылық малдарының хирургиялық аурулары арасында тіркелу жиілігі бойынша мал аяқтарының дистальді бөлігінің аурулары бірінші орынды алып, соған байланысты мал шаруашылықтарында маңызды мәселе болып табылады.
Ветеринарлық статистика мәліметтері бойынша ауыл шаруашылық малдарының ауруларының негізі жұқпалы емес ауруларға жатады, ал соның 50 пайызынан астамы хирургиялық патологияға жатады [5].
Тұяқ ауруларына шалдыққан мал санының көбеюіне қарамастан, осы ауруларды емдеу және алдын алу шараларына көңіл бөлініп жатқан жоқ.
Тұяқ ауруларының себептері алуан түрлі, атап айтқанда малды күтіп бағу технологиясының қолайсыздығы, азықтандырудың бұзылуы және организм резистенттілігінің төмендеуі.
Көптеген ғалымдардың айтуынша ауыл шаруашылық малдардың аяқтарының дистальді бөлігінің аурулары кеңінен таралған, әсіресе климаты жылы және ылғалды елдерде көп тіркеледі.
Шаруашылықтарға заманауи технологияларды енгізу салдарынан тұяқ ауруларына мал басы жаппай шалдығуда. Осы аурулар отанымызда да және шет елдерінде де кеңінен таралып, экономикалық зиян келтіруде [8].
Әдеби деректерге сүйенсек тұяқ ауруларына негізінен өнімділігі жоғары және салмақты тез қосатын жануарлар шалдығады.
Қазіргі кезде тұяқ ауруларына малдың шалдығуының негізгі себептері шаруашылықта қоралар дұрыс болмауы, төсеніштердің қатты болуы немесе мүлдем болмауы, моционның жеткіліксіздігі және жануар иммунитетің әлсіздігі болып табылады.
Осымен бірге жыл мезгілі де аурулардың таралу жиілігіне әсерін тигізеді, күзгі-қысқы кезеңдік диспансеризация жүргізу кезінде мал шаруашылық кешендедерін малдың жалпы санының 35%-ына жуығы тұяқ ауруларына шалдыққаны анықталған.
Резенкелі еденге қарағанда бетон едендерінде тұяқ мүйізінің сырылуы белсендірек келеді, яғни мүйізді тұяқтың қалыптасуы физиологиялық нормаға сәйкес келмейді, тұяқтың пішіні өзгереді, ал ол өз кезегінде мүйізді тұқятың сырылуына, жарылуына, соның салдарынан малдың ақсауына әкеліп соғады.
Ауыл шаруашылығы малдарының, атап айтқанда ірі қара мал мен қойлардың аяқтарының дистальді бөлігінің ауруларының таралу жиілігі төмендегідей болды: бақай терісінің жаралары - 0,4%; ойылымдар - 9,0%, тұяқ ұлтанының Рустергольц ойылымы - 10,7; асептикалық пододерматиттер - 9,7%; жұлық, көбе, тері негізінің іріңді-өліеттену үрдістері - 14,5; жұлықтың созылмалы қабынуы, тұяқаралық күмбездің жаралары – 6,8; ламиниттер - 6,8; тұяқ аралық без қабынуы (тилома) - 2,4; бақай буындарының, тұяқ шеміршегінің, байламдардың аурулары - 12,7% -ын құрады.
Механизациялану деңгейі жоғары кешендер, тар қоралар, малды дайындықсыз топтастырып ұстау (залалсыздандыру, құйрықтарын кесу, тұяқтарын тазарту, витаминдер мен минералдарды қолдану, егу жұмыстарын атқару) жалпы малдарпда жарақаттану деңгеінің, сонымен бірге тұяқ ауруларының жиі таралуының себепкері болады.
Организмнің ұлпа қызметін бұзатын механикалық күш қысылу, созылу, жыртылу және соққы ретінде әсерін тигізеді. Зәрмен немесе нәжіспен ластанған жаралар аса қауіпті болады. Зақымдалған ұлпаларға іріңді-некроздық үрдістердің дамуына әкеліп соғатын аэробты және анаэробты микрофлора енуіңне қолайлы жағдай туада. Іріңді-некрозды үрдістің дамуының негізгі себептеріне мүйізді тұяқтың бұзылуы (жарақаттар, мацерация, жарылулар, деформациялар), зәрмен және нәжіспен ластануы салдарынан микрофлораның енуі, тұяқ сүйегімен тері негізінде қан және лимфа айналымының бұзылуы жатады. Осымен бірге едендегі саңылаулар да тұяқ ауруларының пайда болуының себепші болып саналады [5, 8, 17, 18, 19, 20, 21].
Тұяқ ауруына шалдығатын себептердің негізі зоогигиеналық талаптардың орындалмауы, ауаның ылғалдылығы өте жоғары болуы, аммияк мөлшерден тыс көп болуы, төсеніштердің ылғалдылығы және дезинфекция шаралары уақытылы жүргізілмеуі, осымен бірге тұяқтардың күтімнің жоқтығы, ағзадағы зат алмасу процесінің бұзылуы және малдардың ағзасында макро-микро элементтерінің жетіспеуі де болады [22, 23, 24,].
Азықпен бірге мал ағзасына күкірт, кальций, фосфор, магний, цинк, кобальт, маргенец, мыс, йод, темір түсуі қажет. Осы элементтерінің жетіспеуінен мал аяғының дисталді бөлігі ауруына көп мал шалдығады [13, 24, 25, 26].
Тұяқ ауруларына шалдыққан жануарларда күйлеу кезеңі дұрыс анықталмайды, көп жағдайда мүлдем байқалмайды, сондықтанда осы малдарды көп қайтара ұрықтандыруға мәжбүрлі болады [31].
Сүттілігі және салмақ қосу жылдамдығы жоғарлаған сайын тәнді-ошақты пододерматиттер мен тұяқтың жарақаттарының тіркелу жиілігі жоғарылайды.
Диспансеризация жүргізу натижесінде тұяқ аралық дерматиттерге, тиломаларға және пододерматиттерге шалдыққан малдардың саны дені сау мал санынан жоғары болғаны анықталды.
Осымен бірге биотехнологиялық көрсеткіштерді қорытындылап, жануарлардың клинико-гематологиялық көрсеткіштерін талдау арқылы тұяқтардың хирургиялық ауруларының кеңінен таралу себебінің негізгілері анықталды, [18] тұяқ ауруына шалдықтыратын себептерінің бірі болып көк шөппен азықтануда көрсетілген.
Келесі тұяқ ауруларының себебінің бірі малдардың күтімінінің нашарлауы. Мысалға голштейн тұқымды сиырлардың тұрақталған орны жайсыз және шағын болуы тұяқ потологияларының пайда болуына әсерін тигізеді [23, 37].
Сыртқы эндогендік факторлардың әсерінен қан құрамында қабыну медиаторларының (гистамин тағы басқалар) мөлшері артып, ағзалардағы қан айналу процессі нашарлай түседі, ол соған орай мүйізделу процесі бұзылады, іріңді- өліеттену процесі басталады [39].
Тұяқтыларда көп кездесетін потологияларға тұяқ жұлығы мен көбесінің қабынулары жатады. Бұлар өте көп таралған аурулардың бірі болып саналады.
Қазіргі жадайда тұяқ жарақаттары барлық тұяқ ауруларының 55-60%-ыннемесе хирургиялық патологияның 14-17 %-ын құрайды.
Тұяқ зақымдану түрлері малды күтіп бағу әдісіне тікелей байланысты. Ылғалдылық пен аммияк қосындысының әсерінен, витамин, минералды заттардың жетіспеуінен және басқада эндогенді факторлардың әсерінен теріде мацерация процесі басталады, терінің эпидермис қабатының қорғаныс қабілеті төмендейді, некробактериоз қоздырғышы еніп, мал некробактериозға шалдығады.
Аяқ ауруларынан тұяқ деформациясы, пододерматиттер, қолайсыз жағдайда пайда болатын ұлпа, жұлық, табан жаралары жиі тіркелген [42]. Уақытында тұяқты кесіп тазартып отырмау салдарынан тұяқ жарығы, сынығы мал басынының жалпы санының 11,6% -ын құрады. Ұлтанның ойық жарасы өзектің пайда болуымен сипатталады, осы аурудың пайда болуның негізгі себептеріне сарып қоздырушысының жұғуын жәнесапасыз едендерді күтіп бағу болатыны анықталған.
Сонымен қатар 39,5% зерттелген малдарда тұяқ аномалиялары анықталған, соның ішінде 14,6% тек бір малда бірнеше зақымдану анықталған; 53,3% жағдайда алдынғы тұяқтары, 23,7%> артқы және 23% барлық 4 тұяқтары зақымданған [43]. Тұяқ аномалияларының көбісі тұяқ мүйізінің шамадан тыс өсуі, ақ сызық аурулары, саусақ ұлпасының соғылулары, сирек тұяқ мүйіз жарылулары, ойық жаралар, эрозиялар, бақай буынының септикалық артриті байқалған [44].
М.Т Байкенов (2000) бактериологиялық зерттеулер нәтижесінде, зақымдалған ошақтарда табылған стафилококк микробының екі түрін анықталған, ішек таяқшасының-65 %, стрептококктардың таралуы - 35.7%, зең саңырауқұлақтар - 21,4%, анаэробты бациллар, атап айтқанда - В. perfringens-28,5% құраған. Осы микроорганизмдердің әсерінен іріңді – өліеттену процессі пайда болғанын байқауға болады.
Малдардың тұяқтарының аурулары салдарынан қалыпты қимылдары бұзылып, олар тез шаршап, жиі шалынып, жайылуы нашарлайды, сол себепті өнімділігі мен салмағы төмендейді. Тұяқ деформациясы анықталған көптеген малдарда аяқ буын байламдарының созылуы байқалады. Сондай ақ тұяқтың дұрыс өспеуі салдарынан ұзын және қисық айыр тұяқтары сынып, одан әрі жарақатталады және тұяқ қабырғасымен табан тері негізі инфекцияға ұшырайды.
Кейбір авторлардың мәліметінше (Колушов Н.П.) тұяқтың іріңді-некротикалық зақымдануында анықталған бактериялық фонда қабыну процесстерінің пайда болуы терімен тері беткейінде тұрақты тіршілік ететін микробтармен байланысты спецификалық емес бактериалды аутоинфекция болып табылады.
Ортопедиялық деспенсеризацияны өткізу мен ұйымдастыру, малдардың ауруларын заманауй ем тағайындауын, аурудың себебін анықтауда және малдың өнімділік экономикалық шығынын азайту мен тұяқ, бақайының аумағының ауруларын төмендету жәнеде алдын-алу шараларын жасауға мүмкіндік береді.
С.В. Тимофеева, В.В. Гимранова (2008) пікірі бойынша ортоедиялық диспенсеризацияны келесі бөліктерге жасалуы тиіс.
Диспансерлеу ұйымның және башылықтың кешенді мал дәрігерінің көмегімен жүргізіледі.
1.Шараларының кешен шаруашылық-экономикалық қызметті талдаудың негізінде қажетілікті талдауды шаруашылық башылығының алдында енгізу.
2.Азықтандыруын талдау жасау және оның толық құнарлығын және қажетті кепілдемелерді беру.
3.Зертқаналық диагностиканы және заттардың , мал басының жағдайын өткізу.
4.Ұсталатын мал басы зоогигеналық үйлесімді пара метірлерді қамтамасыздандыру (орналастырудың микроклимыты).
5. Ауаулардан сақтандыруға жағдай жасау, Аяқ ваннасын қолдану технологиясын қамтамасыздандыру, орналастыру дезинфекция жиілігін, мүмкіншілікпен малдың жүйелі мационын ұйымдастыру
Ортопедиялық деспенсеризациялық ауруларды өткізумен қатар клениклық кешен, зертханалық диагностикалық зерттеу, электро-микраскопиялық зерттеу, гисто-химиялық, гистологиялық зерттеулер және малдардың мінез құлықы туралы объективті мәлімдеме беру.
Тұяқ аршысын диагностикалауды жүзеге асыру барысында, енжар қозғалысын, жансыздануын, рентгенография, тұяқтың жұмсақ-қаттылығына, операцияның толық дәрежесіне және ақсақтық мінез-құлқына назар аудару керек [8].
Тұяқ ауруларының тез арада таралуын, экономикалық зардабын ескере отырып, ветеринария ғылымының алғашқы мақсаттарының бірі заманға сай дәрілік заттарды ойлап табу болып саналады [11].
Соңғы жылдары кленикалық зерттеулердің нәтижесі бойынша тұяқтың дисталды бөлік ауруының этиологиялық, алдын алу, симптомдары жайлы білім жақсарғаны байқаймыз осыған орай қолайлы, жаңа тәсілдер ойлап табылды.
Жалпы емдеудің сызбасы бірнеше авторлардың айтуы бойынша [12]. алғашқы кленикалық белгілері мал ақсайды, ақсаған малдарды бикемдеп, жараны жергілікті жансыздандырып, жараның туелетін тазалап, іріңді эксудаттарды және өлі ұлпалардан түгелдей тазартамыз, жара асқынбас үшін организімнің иммунитетін қалыптастыратын препраттар қлданамыз.
Сиырлардың тұяқтарын алғашқы өңдеу ұлпалардың регенерациясы үшін әсіресе эпидермистің қолайлы жағдаймен қамтамасыз етеді. Алғашқы хирургиялық өңдеуде байқалған еңбек әрі қарай жараны тануда жеңіл өңделеді, емдеу мерзімінің күрт қысқаруымен компенсацияланады. Хирургиялық өңдеудің немқұрайлы болуы және ірі малға тән ойық жаралармен, жаралардың қалпына келу ерекшеліктерін ескермей емдеу бақай ауралары бар малдарды, малды мәжбүрлі союға жіберідің жоғары пайызын көрсетеді.
Іріңді пододерматитті, тұяқ буынының артриттерін өз реттілігінде іріңді-некротикалық ошақты тілгеннен кейін емдеуде гидрокартизон қолданып, операция тиімділігі жоғарлайды. Іріңді процесстерде сонымен қатар гидрокартизонмен инъекциялаумен қатар антибиотикті терапия, симптоматикалық және септикаға қарсы заттар қолдануды ұсынады.
Табан ойық жараларын емдеуде қуысты коллагенді губкаларды қолданудан жақсы нәтежиелер алғандығын айтады [13].
Авторлардың мәліметінше коллагенді губка жаралы экссудаттарды сіңіріп, жұмсарып, серпімді болады, жара беткейіне тығыз жанасып, жаралы беткейде күрделі антисептикалық ұнтақ компоненттерін ұзақ уақыт ұстайды, жаралы инфекцияның енуіне кедергі жасап, регенеративті - қалпына келтіруші процессті жоғарлатады. Малда сауығу емдеу басынан 22-25 күннен соң пайда болады,ал емдік тиімділік 97 % құрайды. Тағыда ірі қараның тұяқ ауруларын жансыздандыруды диагностикалық тәсілдеріне: бақай арасына новакайынды блокада, тұяқты айналдыра новакайынды блокада, бақайдың тасылмалдаушы нервтарын жансыздандыру.
Жергілікті жансыздырылған кейін, некроздалған ұлпаларды және шіріп түскен тұяқтың антисептиктермен жуамыз, 1%-қ калий перманганаты ертіндісін, 3%-қ сутетік асқын тотық ертіндісін 0,5-1%-қ хлорид ерітінсіне, фурациллин ерітіндісі, 1;5000 және басқаларды қолданамыз. [14]. немесе «құрғақ» әдісін қолдануға болады. Ол үшін жараны тазартып, жараның бетіне [15] калий перманганаты мен борный қышқыл ұнтақтарын араластырып 1:1 арақашықтықта, дәл осындай мақсатпен борный қышқылын, сульфат меди йодоформ, калий пермангаты, метринадазол және стрептоцид, антисептиктері сіңдірілген мақтамен таңып байлаймыз [16] немесе маздың құрамында- йодинал-дегтярный мазымен [17].
Жоғарыда көрсетілген препаратан басқа, тұяқ ауруларына қарсы дезинфекциялайтын және жазатын дәрілер; йодглицерин, пиокталин, формалин, таза қой майы, балық майымен бірге гипістік таңғыш салмыз.
Сондай-ақ гипістік таңғыш тұяқта ұзақ ұстап тұрады және жиі алмасшыруды талап етпейд; кәдімгі дәрілер тәрізді [18]. Сиырлардың тұяқтағы іріңді – некроз ауруларын емдеуде жақсы көрсеткіш беретін, қойлар мен солтүстік бұғыларының бұлшық етіне бионицилин немесе дибиомицинды 15-20% балық майында дайндалған сұйықтығын енгізу арқылы жәнеде бионицилнді арқылы жақсы нәтижеге қол жетгізген.[19]тағы тұяқтың іріңді-некроздалған процесіне 20 мл дитепсида, 20мл диспитденген су және 10мл ихтиол [20] қолданған.
50% демексид ерітіндісі 1мл 10 мың бірлікте пенцелин немесе тетрациклина [21]. Осы мақсатпен қолданылған 5%- ную мазь эролонда дитексидпен.
Белгілі динетилил-сульфопид препаратының концентрациясы төмен бактерологиялық қасиеті әлсіз, а жоғары (20-40%) концентрациясы бактерологиялық қасиеті жоғары, ағзаға тез сіңеді бүлінбеген тері бойымен, кілегей қабыққа және бір уақытта көптеген дарілік заттарды тасымалдайды. Бұл препарат ісінуге, қабынуға, ауырсынуды басатын, седативтік емдеу әсерге іие.
Тұяқтың мүйізді капсула бұзылуында, жарықтарда, тұяқ және беткейлі іріңді-некротикалық процесстермен жүретін ауруларда ЖРФ-клей (желатин-резорцин-формальдегидті клей) қолданған, ол алғаш рет организмнің жұмсақ ұлпаларын біріктіру үшін қолданылған. Тұяқ формасын қалпына келтіру үшін ортопедиялық практикада қолданылған.
Ауру тұяққа салмақ түсірмеу мақсатымен Австралия және Жаңа Зеландия аудандарында резенкелі кебіс қолданған [22].
Жоғарғы емдік әсерге ие, артериямен енгізілген антибиотик [23], бұл тәсіл тұяқтың бүлінген ұлпаларына дәрілерді енгізуге, жылдам жеткізеді.
Авторлардың [24] өз зерттеулеріне дәрілік заттардың бірсыпыра жоғарғы терапевтік тіиімділігін дәлелдеді подедерматит іріңдерінде изатизон, 2.5%-дық йод ертіндісіне 50%-дық димексидке, живокост спиртік ертіндісі, спермосан, бишофит полтавтік, остров ұнтағы, димексид фонолоза – скипидар лиминитін гиперостолярни мазы, нитрацит және левониколь осы препараттар флегмоноз және ойылған жараларға жақсы нәтиже берген.
Полиэтиленоксид – мазы тереңдегі ұлпаларға тез сіңеді, ол өзінің осметиқалық басынуға гипертониқалық ерітіндіден 18- 20 артық. Сонымен қатар бүлінген ұлпаларды құрғатады микроптардың дамуына жайсыздық жасайды жәнеде микроарганизмдерді өлтіретін қасиетке ие.
Димексид – фенолова – скипидарны линименті (фенол 5,0 скипидар 10,0 димексид 50,0; кастрол майы 50,0) жануарлардың жара ошағының тазару процесін жылдамдатады, жәнеде өлеттенген ұлпаларды қалпына келтіруін жылдамдатады.
Л.Г.Смирнов (2004) ірі қара малдарындағы іріңді – некроздалған тұяқ ауруларына өзінің этинотогендік емдеу тәсілін ұсынды; антибиотик енгізу арқылы жара ошағын немесе хирургиялық антисектиктермен жалпы симпатиқалық емдейді, таңғыш салу арқылы немесе таңғышсыз жануарды бокыста немесе құрғақ орында ұстайды. Содан Вишновскии мазын айналдыра тегіс жағып, қорғаныш таңғыш саламыз. Егер жара ашық болса – мына ұнтақтарды: титроциклин, житнюка ұнтақтарын себу арқылы немесе ихтиол – канфорной эмульсиясын (160 г, ыстық қайнаған суға 40г ихтиол және 200мл канфорный майын қосып ) немесе Вишневскии мазымен тазартып таңамыз. Сонымен қатар венага физиолгиялық ертінулерді, хлорлы натри, глюкоза, уротропина, глюконата кальция, «С»витамні қосу арқылы енгізеді.
Авторлардың берген кеңесінде, ірі қара малдарыңдағы іріңді – некрозданған жарақат ұлпаларына қысқа новокайындық блокада гинтомицинмен, хирургиялық өңдеумен, жараның бетін сорбент ұнтағын себеміз, содан кейін көп құрамды маз қолуандық маздың, микропқа қарсы, құрғатқыш, ауырсынуды боса—қабылетті бар, регенерациялық қасыйетін жақсартады.
Иммунды препараттардың жараның жазылу процессе жақсартатын жөнінде және ағзаның иматологиялық және биохимиқалық көрсеткіштерін жақсартатыны [25] жөнінде бірнеше авторлар Н.О.Валев(1997) иммунды препараттардың Достим – Мастим-Игнатов атындағы Мәскеу ғылыми өнімі центрадағы «Овкопуид» препаратын қолданғаны айтылады, АЛОУ – 2, гелий –неон лазерін қолданған, осы компілекстік ем 10...15 минутта өте жоғары жазылу эффекті береді. Авторлардың байқауы бойынша емдеу барысында иммуностимулаторды қолдану арқылы мал ағзасына эротроцит, гемоглабин, жалпы ақуыздың саны көбеиеді.
Геперимунды қан сары суын, иммунды препаратпен және лазерлық сәулемен қоса кейбір авторлар [26] аурулардың іріңді некроздалған жарама тұяқ ауруларының аутотрансфузиясын қолданып, ультрафиолет сәулелерімен магнитті – инфрақызыл сәулелі лазерлік қолдануын айтып өтткен [27].
Ірі қара малдардың тұяқ патологиясын ескеруде моционың, құнарлы азықтану сонымен қатар іріңді-некротикалық процесстерді алдын алу үшін аяқ ванналары ретінде 10% мыстың күкірт қышқылды тұзын қолдану маңызды орын алатынын белгілейді.
Тұяқ ауруларын емдеу үшін Островский бойынша 1:2 ұнтақпен қосып калий перманганаттың 0,2% -дық ерітіндісін қолданып таңғыш салынады, сонымен қатар құрамында новокаин, димексид, синтомицин, балық майы бар линиментті жағып танып тастауды ұсынады [28].
Кей авторлардың мәліметінше [29] сиырларда аяқтың дистальді бөлігінің ауруларын алдын алу үшін екі деңгейлі аяқ ванналарын ұсынады, мұнда бірінші деңгей, аяқты ластанудан тазарту үшін таза суы бар ванна; екіншісі- 20-25см тереңдіктегі сульфат мысының 5%-қ ерітіндісі бар дезванна. Бұлар малдардың аяқтарының дистальді бөлігінің ауруларын алдын алуға мүмкүндік береді, микробқа қарсы қасиетке ие бола отыра еңбек өндірісін жоғарлатады. Дәстүрлі әдістермен салыстырғанда экономикалық тиімділігі екі есе жоғары. Ойық жаралы дефект беткейіне химотрипсиннің екі-үш реттік қолданылуы 3 күн интервалмен дефект орнында тыртықты мүйіз түзілуімен грануляцияның қалыпты өсуіне мүмкүндік береді [30].Мүнда емдеу мерзімі қысқарады, 18-23 күннен 10-15 күнге сиырлардың сүтті өнімділігі қалпына келеді.
Ұлпалық препараттар қолдану
Ұлпалық дәрілер ауру малдарды емдеуге көптен бері қолданылуда. 1898ж ветеринарлық дәрігер К.Киселев жылқының өкпе ауруларын емдеу үшін айғырлардың енімен емдеуге қол жеткізді. Ал басқа әдістер нәтиже бермеді. Әртүрлі малдардың салдануы мен жұлынның қабынуын емдеуде жақсы нәтижеге қол жеткізді. Ұлпалық терапияны алғаш 1933 жылы академик В.П.Филатов ұлпалық терапияны биогендік стимуляторлар туралы ұғымды жатқызды, олар малдардың ұлпаларында төменгі температурада, ал өсімдік ұлпаларында қараңғылықта консервілеу процесімен пайда болады. Биогендік стимуляторлар белоксыз зат болып табылады, олар негізінен алмалық, лимондық, сүттік, янтарлық, карбондық қышқылдар және екі аминдік қышқылдар болып табылады: аргинин және глютаминдік қышқыл. В.П.Филатов бұл заттардың жиынтығы жүйке жүйесіне әсер ету арқылы оның вегатативті бөлігіне стимулдарды немесе мүшенің басқа қызметтерін, зат алмасуды қалыпқа түсіреді.
Қазіргі уақытта ұлпалы терапия мал организмнің әртүрлі қызметтерін стимулдайды және қалыпты жағдайға келтіретіні анықталды. Оның әсерінің нәтижесінде жүйке жүйесінің нәрлену қызметі жақсарып ұлпаның, бүйрек үсті безінің, ұйқы безінің қызметтері артып, адренокортикотропты гормон ұлғаяды, кортикостероидтар бөлінеді, асқазан-ішек жолдарының секреция бөлінуі мен қызметі, асқазан аралық газдың, фосфорлық қорытулар жақсарып, ретакоэндотелиалды (РЭС) жүйенің қызметі ширап қайта қалпына келу процесі жүреді. Консервіленген ұлпа мен ас қорыту жолдарынан тыс ұлпа дәрілермен емдеу тыныс жолдарын, жүрек қызметін, қан көрсеткішін, жара экссудатын қалыпына түсіреді. Сонымен қатар ауыру реакциясы төмендейді, агглютининдердің титрлары артады, комплемент байланыстырушы заттар мен ерекше сарысулар, артады, ферменттердің қызметтері қалпына келеді немесе жоғарылайды. Бұның барлығы жануардың жалпы жағдайына игі әсер етіп, тәбеті жақсарады.
Әртүрлі хирургиялық ауру малдарды клиникалық емдеуде тәжірибе жүзінде ұлпалық дәрілер кең диапазонда қолдануда. Оларды қолдану көрсеткіштері ұзақ жазылмайтын жаралар, ойық жаралар, мес қарын сіресуі, сүйектердің сынуы, фиброзиттер, терінің созылмалы аурулары (экзема, дерматиттер) жүйкенің қабынуы, жартылай салдану және салдану, ашық іріңді өлі еттену процестері, күю, катарактаның алғашқы кезеңі, көздің қасаң қабының қабынуы мүшенің иммунобиологиялық реактивтілігін арттыру үшін.
Ұлпалық терапия мақсаты консервіленген жануарлар ұлпалары теріден дайындалған, талақ, қан қағанақ, шарбы, құрсақ, мүйіздік, сондай-ақ ұлпа құрамындағы гиамуронидоздардың мол мөлшері,шынылы дене,көз бұршағы, ұрықтар, мес қарын ұлпасы қолданылады. Өсімдік ұлпалардан кең таралған дәрілерді алоэ, жолжелкен, агавтар жапырақтарынан алады. Ұлпалық дәрілер экстрактар, жүзгіндер, маздар мен ұнтақтар түрінде қолданылады. Олар тері асты, бұлшықет асты (имплантация, егу),сыртқы (аппликация, ұнтақ, маздар) қолданылады.
Аутогемо- және гетерогемотерапия жүргізу әдістері
Өзіндік қан немесе өзге қанды ірі қара малдан мойын венасынан асептика мен антисептикалық ережені сақтай отырып малдың тері астына және бұлшық етке енгізеді.Емдік тиімділікті арттыру үшін В.П.Филатов бойынша консервіленген қанды қолдану тиімді.Бастапқыда дайындалған стирильді колбаға 5% натрий цитраты 1 бөлігі қанның 10 бөлігін ертіндісін құяды.Содан соң нитриланған қанды 3-5 тәулікке мұздатқышқа қояды және 2-4°C температурада ұстайды.Бұл уақыт өткеннен кейін қанды ауру малға теріастына немесе бұлшық етіне енгізеді.Микробты ластануға профилактика жасау мақсатында титрленген қанға антибиотиктер немесе сульфаниламид ертіндісін жануардың белгілі бір түріне белгіленген мөлшерде ұсынылады.
Тері астына немесе бұлшықет астына енгізілген қанды екі фазада организмнің реакциясы анықталады:теріс және оң.Бірінші теріс фазасы 24 сағатта өтеді және эритроциттер мен лейкоциттер санының төменделуімен сипатталады,содан кейін екінші оң фаза өтеді,бұнда қан элементінің ферменттерінің саны ұлғаяды.
Б.М.Оливков енжар түйіршікті жара немесе ойық жара гемотанғышты қолдануды ұсынды. Таза дәке салфетканы 4-5 қабаттап бүктелген тез арада жараға ойық жараға алдын ала дәреттенген соң оның үстіне қан түйіршіктелмеген мол сіңірілген күйінде салынады.Үстіне мақта қабатын төсеп дәкеден жасалған таңғышпен қысып байлайды.Гемотаңғышты күнге ауыстырып отырады.Гемотаңғыштың арқасында дерттену грануляциясы тез сауығады,жара мен ойық жаралар тез жазылады.Жануар-донордан алынған қанды гемотанғыш аутогемотаңғышпен салыстырғанда үлкен тиімділігімен ерекшеленеді.Ультрафиолеттік сәулесімен сәулеленген сол бір түрдегі жануардың қанын және өзіндік қанын қолдану ветеринарлық медициналық клиникаларда соңғы жылдарда кең таралған гемотерапия әдісінің болашағы зор.Ультрафиолеттік сәулемен қанды сәулелендіру үшін қазіргі уақытта өндірісте арнаулы ультрафиолеттік сәулелендіру аппараттары «Люкстан», «Надежда», «Изольда» және т.б шығарады.Арнайы дерттенулерде алғашқы фетдинамикалық тиімділік квант жарығы сіңірілуімен басталады,молекулярлық кешенді диссоциация және биологиялық белсенді заттардың босатылуымен өткізіледі,оның нәтижесінде мүше жүйесінің қызметі белсенді болады.Сәуленген қаннан пайда болған бактерициттік белсенділігі қолданыстағы антибиотиктермен тең.Ультрафиолеттік сәулемен сәулеленген қан ұлпаның микроайналымды және коллатералдық қанайналым әсерін жақсартады,қан плазмасының ақзаттаң ұлпа мен қан қатпасының құрамдарының төмендетеді,қандағы оттегінің сыйымдылығы артады,гистаминнің деңгейі төмендейді,зат алмасу қалыптасады.
Сәулеленген қанның емдік және профилактикалық механизмі туралы УФС көрсеткіштеріне хирургиялық ауру малды келесі дерттену жағдайларында емдеу үшін қолдануға негіз болады:сепсис,перитониттің бастапқы кезіңі,беткейлік күйік және үсік, іріңді қабыну процесінің қайталануы (фурункулез, созылмалы остемиелит,абцес және түрлі дерматоздар, папилломатоздар және т.б).
Қанмен емдеу УФС сәулеленген,ауыр жүректің жетіспеушілігінен,буынның дамымауы,коллагендік ыдырайтын ферметтің клиникалық түрі қарсы көрсетілімдер болып табылады.
Квантты гемотерапиямен бір мезгілде әртүрлі медикаментозды құралдарды-антибиотиктерді қанға қосып 0,5-1% новокаинды ертіндісімен қосып қолдануға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |