Жұмыстың негізгі нәтижелеріне сипаттама. Алынған деректерді мал дәрігерлері ветеринариялық клиникаларда және шаруашылықтарда іріңді жараларды емдеуде қолдана алады.
Алынған нәтижелерді енгізу
Алынған нәтижелер негізінде Қазақ ұлттық аграрлық университетінің студенттік семинарларда баяндамалар жасалынды. Біздің зерттеу нәтижелерімізді қорытындылай келе, ұлпалық терапияны АСД 2 фракциясын новокаинмен бірге тері астына егу тұяқ ауруларын емдеудің тиімді әдісі болып табылады.
Дипломдық жұмысты орындау мерзімі және базасы.
Зерттеу жұмыстары 2015 - 2016 жж. аралығында Астана қаласынан 18 – шақырым ұзақтықтағы, Қосшы ауылында орналасқан «Асыл түлік» мал шаруашылығында және ОҚО Ордабасы ауданына қарасты «Достар ОРДАБАСЫ» шаруа қожалығында ем жүргізілді.
Зерттеулердің мақсаты және міндеттері.
Жоғарыда айтылғанға сәйкес жұмысты орындауда алдымызға қойылған мақсат: Тұяқ ауруларын емдеу әдістерін салыстырмалы бағалау, алынған нәтиже негізінде шаруашылыққа қажетті ұсыныс жасау.
Алға қойылған мақсатқа жету үшін келесі мәселелер қарастырылды:
1.Бақылау және тәжирибелік топтардағы ірі қара малдың қанының морфологиялық құрамын тексеру;
2.Тұяқ ауруларына шалдыққан ірі қара малды шаруашылықта қабылданған - некробактерин препаратын қолданып емдеу әдістерін бағалау.
3.Тұяқ ауруларына шалдыққан ірі қара малды Тилозин антибиотигін тұяқ аралығына егу әдісін қолданып емдеу әдістерін бағалау.
4.Тұяқ ауруларына шалдыққан ірі қара малдардың АСД -2 фракциясының 2% новокаиндегі ерітіндісін тері астына егу арқылы емдеу әдістерін бағалау
5.Шаруашылыққа алынған деректерт негізінде ұсыныс жасау.
Достарыңызбен бөлісу: |