Дипломжұмысының мақсаты: білім беру сатылары арасындағы саралап оқытудағы сабақтастықты талдау және тәжірибе мен теория жүзінде сабақтастықтың тиімділігін қалыптастыру. Оқытудың түрлері және әдіс-тәсілдеріндегі сабақтастықтың дидактикалық шарттарын тұжырымдау, оқушылардың үздіксіз химиялық дайындығындағы сабақтастықтың теориялық ғылыми-әдістемелік негізін жасау. Орта мектепте саралап оқыту технологиясы арқылы химияны оқытуда білім алушылардың білім сапасын арттырудың жолы ретінде саралау құралдарын қолдану әдістемесін жасау болып табылады. Орта мектеп органикалық химия курсының “Карбонилді қосылыстар” тарауын саралап оқыту технологиясын пайдалану әдістемесін жасау және оның тиімділігін тәжірибе жүзінде дәлелдеу.