Диплом жұмысының өзектілігі: Мектеп оқушылары үшін химия пәні алынбас қамалға айналып барады. Олар химия сабағын түсініп, есеп мәтінін ұғынып, берілген ақпарат пен табуға қажетті ұғымдарды ажыратып, байланыстырып, реакция теңдеулерін құрастырып, оны теңестіріп, тәжірибелік жұмыстарды мұқият орындап, оның мәнін түсініп, моделін айқындау қажеттігін көз алдарына елестете алмайды. Көпшілігі ой қорытып, сабаққа талпынбайды, немқұрайлық танытып, мұғалімге артып отыра береді. Содықтан 11 сынып химиясының маңызды тарауы «карбонилді қосылыстар» тақырыбын саралап оқыту қажеттігі туып отыр. Ең болмағанда стандартты жолмен оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттырып, білім сапасын алға дамыту керек.