Күрделі эфирлер- құрамында оттегі бар органикалық карбон немесе бейорганикалық қышқылдар негізіндегі органикалық қосылыстар.
Жәйэфирлер- бұлар «эфирлік» иісі бар, мөлдір, түссіз сұйықтықтар. Олар өте ұшқыш және тез тұтанғыш.
Майлар- суда ерімейтін бірқатар химиялық заттардың немесе қоспалардың жиынтық атауы.
Альдегидтердің де, кетондардың да құрамында карбонил тобы болғандықтан, бұл екі қосылыс карбонилді қосылыстар деп аталады да, екеуін бірге қарайды. Химиялық қасиетін анықтайтын карбонил тобы болғандықтан, екеуінің қасиеттерінде де, алу әдістерінде де көп ұқсастықтар бар, бірақ карбонил тобының бір жағдайда бір органикалық радикалдармен және сутегімен байланысуы, екіншісінің екі органикалық радикалдармен байланысуы, екеуінің әр қайсысына әр түрлі ерекшеліктер береді.Альдегид және кетондар Карбонил тобы С=О екі қосылыста кездеседі. Егер карбонил тобы бір көмірсутек қылдығымен және бір сутек атомымен байланысса, оны альдегид деп атайды, ал карбонил тобы көмірсутек қалдығының екеуімен байланысса - кетон дейді.