Дипломдық жұмыс 6В01515- «Химия» Қызылорда, 2021 Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі


«Карбонилді қосылыстар» тарауын саралап оқытудың әдістмелік моделі және оны жүзеге асыру әдістемесі



бет25/70
Дата31.12.2021
өлшемі0,66 Mb.
#21376
түріДиплом
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   70
Байланысты:
Төлешева Диплом тексеруге

«Карбонилді қосылыстар» тарауын саралап оқытудың әдістмелік моделі және оны жүзеге асыру әдістемесі

Педагогикалық жүйенің жұмыс істеу тиімділігін бағалау мәселесі (тар мағынада - оқу процесінің нәтижелілігі) қазіргі заманғы теория мен білім беру практикасы үшін аса өзекті болып табылады. Қазіргі білім беруде болып жатқан түбегейлі өзгерістер - білім беру парадигмаларын ауыстыру, оқытуға жеке-бағдарлы көзқарас, сабақ өту барысындағы жаңа технологияларды енгізу— білім алушылардың білім сапасын арттырудың аса өзекті міндетін атқарады.

Орта мектептің оқу процесіне саралап оқыту технологиясын енгізумен оқу процесін жетілдіру және білім алушылардың білім сапасын арттыру үшін осы ресурстарды қолдана отырып оқыту моделін әзірлеу міндеті туындайды.

Сызбанұсқа- 3. Саралап оқытудың әдістемелік моделі


Білім беруші мұғалім



Жеке оқу материалы және әр оқушыға арналған жеке тапсырмалар. Әрбір оқушымен жеке қарым- қатынас.



Бейіндік оқытуға арналған

оқу материалдары





Оқушылар тобы

Оқушы оқушы оқушы





Мамандандырылған оқытуға арналған сандық білім беру беру ресурстарының жиынтығы



Сабақ аясында компьютерлік сыныпта жұмыс жасау

(45 минуттан көп емес, аптасына 3 реттен көп емес)





Ғаламтор желісіндегі мазмұндық материалдар мен қызметтер





Білім материалдарын өз бетінше зерттеу

Оқытушы- ұстаз



Электронды журнал

Ата- аналар

Оқу орнының (Мектеп) әкімшілігі

Тапсырма орындау

Оқытудың тиімділігін бақылау, орындалған тапсырмаларды тексеру

Саралап оқыту технологиясының ерекшелігі – білімнің базалық деңгейінің барлық оқушылар үшін міндеттілігі, оқушыларға берілген тапсырманың саралануы, тапсырма оқушының күші жететіндей жəне қолайлы болуы шарт, білімнің базалық деңгейі оқытудың қазіргі заманғы педагогикалық технологиясының механизмі ретінде оқушының бірте-бірте өрістей дамуына мүмкіншілік жасауы тиіс, оқушыға оқу деңгейін таңдауға ерік беру, оқушы өз мүмкіндігіне орай тек міндетті деңгейден кем емес білім алуға еріктілігімен сипатталады. Карбонилді қосылыстар тарауын саралап оқыту барысында деңгейлік тапсырмаларды қолданудың маңызы зор. Себебі, мұғалім оқушының:

-білім деңгейін;

-жас ерекшелігі бойынша;

- жынысына байланысты;

- қызығушылығы бойынша;

- ақыл-ой деңгейінің дамуы бойынша;

- тұлғалық-психологиялық типтері бойынша;

- денсаулық деңгейін есепке ала отырып жұмыс жасауы қажет.

Балалардың дамуы, қабілеті, қабылдауы əркелкі болғандықтан, бір сыныптың өзінде үздіктер, жақсы оқитындар жəне нашарлар пайда болады. Сондықтан мұғалім балалармен сабақ жəне оның барлық кезеңдерді жаңа материалды түсіндіру, ұсыну, сабақты қорытындылау, қайталау, білім, білік, дағдыны тексеру барысында саралау жұмысын жүргізеді. Осындай жағдайларға 11- сынып «Альдегидтер мен кетондар» тақырыбы бойынша деңгейлеп- саралап оқытуға арналған тапсырма үлгісі:



Кесте- 4



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет