Дипломдық жұмыс 6В01515- «Химия» Қызылорда, 2021 Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі



бет18/70
Дата31.12.2021
өлшемі0,66 Mb.
#21376
түріДиплом
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   70
Байланысты:
Төлешева Диплом тексеруге

Оқытудағы нәтиже:

-Өз бетімен ізденіп, шығармашылық қабілеттерін жетілдіре алатын, өз қателерімен жұмыс жасай алатын тұлға тәрбиелеу;

-Үйренушінің алдына қойған мақсатына жете алатын тұлғаны жетілдіру;

-Үйренушінің өз деңгейін біліп қана қоймай, оны әрі қарай дамыта алуы.



Саралап оқыту технологиясының тиімділігі мен нәтижелері

Осы уақытқа дейін оқытушы қалыптасқан әдістемені қолданып келді. Ал жаңа технологиялар қазіргі заман талабына сай жүйелі тұрғыдан оқытуда мұғалімнің рөлін өзгертті. Оқытушы дайын білімді жеткізуші рөлінен оқушыларды білім алуға ұйымдастырушы, кеңесші қызметіне ауысты. Қалыптасқан әдістеме аясында тақырыпты меңгерту нақты улгерім деңгейіне (жақсы оқитындар, орташалар, нашарлар) негізделді. Ал жаңаша оқыту технологиясы тақырыпты әрбір оқушының игеруіне (үлгеріміне байланысты емес) тиімді жағдай жасайды. Ондай жағдайлар: оқушының тақырып бойынша өз бетімен жұмысы, білім деңгейін стандарт деңгейінен жоғарылату. Бұлардың бәрі сабақтың мақсаты мен міндеттеріне байланысты жүргізіліп отырады. Химия мұғалімі жаңаша оқытудың барлық кезеңін қамти отырып, оқушылардың әрекетіне логикалық бірізділік, қисындылық, саналылық, болжалдық, мақсаттылық сипаттар береді. Демек, қалыптасқан әдістеме мен жаңаша оқыту бір-бірінен білімді ұйымдастыру, тақырыпты беру, оқушылардың білімін анықтау,білім деңгейін көтеру жағынан ерекшеленеді. Екі әдістеменің негізгі айырмашылығы: оқытудың нәтижесі. Жаңаша оқытудың басты сипаты - мақсатты нәтиже. Қоғам талабы да -нәтижелі оқушы даярлауда болып отыр. Осыған орай дәстүрлі әдістемені жаңаша оқыту ұғымы ығыстырды. Химия пәнін саралап оқыту оқушыға: білім беру және оқу әрекетін жүйелі ұйымдастыру тұрғысынан қаралады. Саралап оқыту мемлекеттік стандарт талабына сай химия пәнінен жан-жақты білім беру, екіншісі – оқушының жеке мүмкіндігіне қарай жұмыс істеуіне, мақсат қою, оны жоспарлау, ұйымдастыра білу, өзін - өзі бақылау, өзін - өзі бағалауға үйретеді. Бұл жағдай 11 сынып оқушысының оқу әрекетінде өзін - өзі жете түсінуіне, өз бетімен жұмысын дұрыс ұйымдастыруына, білім деңгейін анықтауына, білім деңгейін стандарт деңгейіне жоғарылатуына мүмкіндік береді.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет