Биологиялық ресурстарды сақтау
Адам қоршаған ортаға антропагендік өзгерістер алып келіп, одан көптеген пайда көріп отыр: ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп дамуда, қалалар салынып, ландшафтар көбейіп жатыр.
Биологиялық ресурстар -
Биологиялық ресурстарды қалай қорғаймыз?
Өсімдіктер ресурстары
Қазіргі уақытта сүт қоректілердің 130 түрі мен құстардың 450 түрінен ( оның 350 түрі ұялайды ) тұрады. Қазақстан палеарктикалық – зоогеографиялық облысқа кіреді. Қазақстанның жануарлар дүниесі барлық палеарктикалық аймақ сияқты пайда болуы мен қалыптасуы жағынан жас. Оның қалыптасуына жануарлардың дамуының жаңа тарихы мен орналасуы, сондай – ақ физикалық – географиялық жағдайлар үлкен рөл атқарған. Жануарлар дүниесінің үштік және төоттік дәірдегі даму тарихы өсімдік жамылғысының даму тарихымен ұқсас.
Жануарлар әлемінің
Қазақстанда омыртқалы жануарлардың 835 түрі бар. Соның ішінде сүтқоректілердің 178 түрі: құстың 500 –ге жуық, бауырымен жорғалаушылардың – 49, қосмекенділердің – 12 , балықтың – 104, дөңгелек ауыздылар немесе балық тәрізділердің 3 түрі тіршілік етеді. Атап айтқанда кез – келген адамға таныс аю, қасқыр, түлкі, қоян, кірпі, үйректер, тырна, қаз, аққу, бүркіт, қараторғай, бұлбұл, улы сұр жылан, бақа, алабұға , шортан және тағы басқалар кездеседі.
Алайда антропагендік әсердің қоршаған ортаға жағымсыз жақтары да болып жатыр. Табиғи байлықтарды ысырапты пайдалану, өнеркәсіппен тұрмыстық қалдықтар, автокөліктерден шығатын газдар және т.б биосфераны мейлінше ластауда.1992 жылы Рио-де-Жанейро қоршаған ортаны қорғау туралы болған БҰҰ-ның конференциясында адамзаттың бұл жолмен дамуы орны толмас катострофаға алып келетіні туралы айтылады.
Тірі табиғат объектілерінде жинақталған (қорланған) адамға қажетті материалдық және рухани байлықты (өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, табиғаттың таңғажайып ландшафтары, микроорганизмдер) алудың көздері мен алғы шарты. Оларға ауа , жел, су, жер, орман , табиғи құрылыс материялдары , пайдалы қазбалар және т.б жатады.Биологиялық ресурстар — биосфераның орта түзуші барлық тірі заттары өндірушілерден, тұтынушылардан және ыдыраушылардан түзіліп, олар сан, мөлшер жағынан, жыл сайын өніп-өсіп қайталанып отырады.Өсімдіктер ресурстары және жануарлар әлемінің ресурстары болып бөлінеді.
Күн
Топырақ
Су
Ауа
Өсімдіктердің өмірі қоршаған ортамен, әсіресе топырақпен және климатпен тығыз байланыста болады. Жасыл өсімдіктер ауадан көмірқышқыл газын, күннен — энергияны, ал топырақтан — су мен минералдық тұздарды алады.
биологиялық ресурстары
Қоршаған ортада болып жатқан антропогендік факторлар жануарлар тіршілігін өзгертіп, тіпті кейбір түрлерінің жойылып кетуіне әкеледі.
Қоршаған ортаға адамның тигізген іс-әрекетінің нәтижесінде, сондай-ақ технологиялық қалдықтар мен радиоактивтік заттардың, әртүрлі табиғатта болып жататын апаттардың әсерінен ауа, ландшафт құрамының бұзылуы, топырақтың ластануы – жануарлар әлемі мен өсімдіктер дүниесіне елеулі өзгерістер әкеледі.
Республиканың орманды алқаптарына көз жүгіртсек, солтүстік бөлігінде қайыңды , қарағайлы орман, шығысында Алтай тауы бөктерінде майқарағай, балқарағай, сібір шыршасы орманы, оңтүстік бөлігіндегі таулардың теріскей беткейінде тянь – шань шыршасы, оңтүстіктегі шөлді аймақта сексеуіл, ал өзендердің бойында жиде, тораңғыл, жыңғыл, шырғанақ тоғайы өсетінін байқаймыз. Ел байлығы — орман ресурсын сақтай білудің маңызы зор. Орман — жан – жануарлырдың мекені, адамдар тынығатын орны. Орман ресурсына ең еөп залал келтіретін тілсіз жау — өрт. Өртке басты себеп адамдардың ұқыпсыздығы. Орман алқаптарын ұқыпты пайдалану, оларды қорғау бүкіл халық алдындағы негізгі міндеттердің бірі болып табылады.Алынған табиғи қорларды толық пайдалану( мысалы, мұнай өндірісінде 45 пайыз мұнай, 36 пайыз көмір, көп рудалар, қазба байлықтар төгіліп тасталады, шашылады).
Республикада ормандар тек 3,8% алып жатыр. Сонымен қатар орманның жартысы — сексеуілдер , бұларсыз ормандар 1,7% құрайды. Орманды жерлердің 10%- ы Шығыс Қазақстанда, Алматы және Оңтүстік Қазақстан облыстарында .Белгілі бір ортада сол жерге тән емес, жаңа физикалық, химиялық және биологиялық заттардың болуын немесе бұл заттардың табиғи орташа көпжылдық деңгейден жоғары болуын ластану деп атаймыз. Атмосфераның ластануы табиғи (жанартаулар атқылауы, орман өрттері, шаңды құйындар, үгілу) және антропогенді (өнеркәсіптер, жылу энергетикасы, ауыл шаруашылығы) жағдайда жүруі мүмкін.
Атмосфераның табиғи жолмен ластануы жанартаудың атқылауына (Жер шарында бірнеше мың жанартау бар, олардың 500-ден астамы белсенді), тау жыныстарының үгітілуіне, шаңды дауылдардын тұруына, орман өрттеріне (найзағай түскенде) теңіз тұздарының желмен аспанға көтерілуі мен ауадағы сулы ерігінді тамшыларының құрғауына, өлген организмдердің іріп-шіруі процестеріне байланысты. Атмосфераны табиғи жолмен ластайтындарға аэропланктондар, яғни, әртүрлі ауру қоздыратын бактериялар, саңырауқұлақ споралары, кейбір өсімдіктердің тозаңдары, сонымен қатар космос шаң-тозаңдары жатады. Космос шаңы атмосферада жанған метеориттер қалдықтарынан пайда болады. Секундыша атмосфера арқылы үлкен жылдамдықпен (11-ден 64 км/сек дейін) 200 млн-ға жуық метеориттер ауа қабатынан өтіп отырады да, 60-70 км биіктікте көбісі жанып үлгереді. Ғалымдардын айтуы бойынша тәулігіне жер бетіне 1018 кішігірім метеориттер түседі. Атмосфераның табиғи жолмен ластануы жанартаудың атқылауына (Жер шарында бірнеше мың жанартау бар, олардың 500-ден астамы белсенді), тау жыныстарының үгітілуіне, шаңды дауылдардын тұруына, орман өрттеріне (найзағай түскенде) теңіз тұздарының желмен аспанға көтерілуі мен ауадағы сулы ерігінді тамшыларының құрғауына, өлген организмдердің іріп-шіруі процестеріне байланысты. Атмосфераны табиғи жолмен ластайтындарға аэропланктондар, яғни, әртүрлі ауру қоздыратын бактериялар, саңырауқұлақ споралары, кейбір өсімдіктердің тозаңдары, сонымен қатар космос шаң-тозаңдары жатады. Космос шаңы атмосферада жанған метеориттер қалдықтарынан пайда болады. Секундыша атмосфера арқылы үлкен жылдамдықпен (11-ден 64 км/сек дейін) 200 млн-ға жуық метеориттер ауа қабатынан өтіп отырады да, 60-70 км биіктікте көбісі жанып үлгереді. Ғалымдардын айтуы бойынша тәулігіне жер бетіне 1018 кішігірім метеориттер түседі.
Торф (шымтезек). Энергетикалық тұрғыдан торфты (шымтезекті) кеңінен пайдаланудың қоршаған ортаға тигізетін жағымсыз жақтары көп. Біріншіден, су экожүйелерінің режимі бұзылады, сол жердің топырақ жабыны мен ландшафтының өзгеруіне алып келеді. Жергілікті жердегі тұіцы су көздерінің және ауа бассейнінің сапасын төмендетіп, ол жерде тіршілік ететін жануарлардың өміріне де қауіп төндіреді. Сондай-ақ оны сақтау және тасымалдау кезінде де экологиялық мәселелер туындайды.
Сұйық отындарды (мазут) жақ қанда атмосфералық ауаға күкіртті ангидрид, азот оксиді, толық жанып бітпеген отын өнімдері, ванадий қосылыстары, натрий тұздары бөлінеді. Сұйық отын көмірге қарағанда біршама таза, қалдықтар ретінде көп жерді алып жататын, жел тұрса желмен бірге таралатын күл- қоқыстар бөлмейді. Алайда сұйық отын экономикалық тұрғыдан қымбат болғандықтан тиімсіз. Д.И.Менделеев айтқандай, Мұнай жағу - пеште (ошақта) ассигнацияларды өртеумен бірдей.
Табиғи газ. Көмірді табиғи газбен ауыстыру еңбек өнімділігін арттырып, шығын азайып өнімдердің (металл, құрылыс материалдары) сапасын көтереді. Ең негізгісі қаланын экологиялық ахуалын жақсартады. Сондықтан соңғы кезде көмір мен Мұнай өнімдерінің орнына табиғи газ көп пайдаланылуда. Егер көмір жақ қан кезде атмосфераның ластануын 1 бірлік деп есептесек, мазутты жаққанда - 0,6, табиғи газды пайдаланғанда - 0,2-ге тең. Табиғи газды пайдаланғанда атмосфералық ауаға зиянды N203 (азот оксиді) бөлінеді, бірақ көмірмен салыстырғанда мөлшері 20%-ға төмен
Ластаушылар, пестицидтер және олардың классификациясы
Ластаушылар- қоршаған ортаға әсер ету мөлшері табиғи деңгейден жоғары субъектілер
Механикалық
Химиялық
физикалық
Биологииялық
Қазақстанның орман қоры 21 млн. гектар, ол жалпы жер көлемінің 3,5 пайызын алады. Орман өндірісте бағалы материал ғана емес, сонымен қатар топырақты эрозиядан сақтау, құм көшкінін тоқтату, суды реттеу, егінді қорғау, атмосфераны шаң – тозаңнан тазартуда оның маңызы зор. Сонымен қатар орман ағаштары қуаңшылық пен аңызақ желден сақтайды.
Достарыңызбен бөлісу: |