R = Z – Si; Мұнда: R – дифференциалдық рента;
Z – шеткі шығын;
Si – келтірілген дербес шығын.
S = U + Eн K,
Мұнда: S – Келтірілген шығын;
U – Ағымдағы бір жылдық шығындар;
K – Күрделі қаржы (өндіріске қажетті);
Eн – Келтіру коэффициентінің нормалы шамасы.
Өнімнің (қызметтің) бір өлшеміне келтірілген шығындар:
Sүл = C + Eн Kүл,
Мұнда: Sүл – өнімнің бір өлшеміне келтірілген шығын;
С – өнімнің өзіндік құны (амортизация, есептелген);
Kүл – өнімнің бір өлшеміне есептелген үлестік күрделі қаржы.
Келтірілген шығындарды уақыт бойынша бір мезгілге (салыстыруға) келтіру үшін уақыт факторы ескеріледі (арнайы әдіспен).
Шеткі шығындар – біраз уақытқа (жағдайға) белгіленген нақты өнімді өндіруге (қызмет көрсетуге) жол берілетін қоғамдық қажетті шығындар шегі. Шеткі шығын орташа салалық шығындармен емес, нақты мерзімде, нақты өніммен (қызметпен) халықшаруашылық қажеттілігін өтеуге керекті ең ең жоғарғы шығынмен анықталады.
Дербес шығын – жеке табиғат пайдаланушылық нақты өнім өндіруге (қызмет көрсетуге) жұмсалатын табиғат пайдалану (қорғау) шығындары.
Дифференциалдық рента – сапасы жақсы және орналасуы қолайлы табиғат ресурстарын (жағдайын) пайдаланғанда алынатын қосымша табыс, пайда. Рента нақты табиғат ресурсын пайдаланғанда алынатын олжа шамасын көрсетеді және осы ресурсты экономикалық бағалау негізі болады.
Дифференциалдық рента шамасын бірнеше тәсілмен анықтауға болады:
– белгіленген шеткі шығын мен дербес шығынды салыстырып:
R = Z – Si; Мұнда: R – дифференциалдық рента;
Z – шеткі шығын;
Si – келтірілген дербес шығын.
– табиғат ресурсынан өндірілетін өнімнің бағасынан өнімнің өзіндік құнын нормалы пайдасымен қоса шегеріп:
R = Ц – С + Пн, Мұнда: Ц – өнімнің кадастрлық, шеткі шығындар негізінде анықталған бағасы;
С – өнімнің һзіндік құны;
Пн – нормалы пайда.
– кадастырлық баға мен өндірістік дербес бағаны салыстырып: